Былғары қолғап. Қазақ тілі, 6 сынып, таратпа материал. 7 сабақ
Былғары қолғап
Оқу мақсаты:
6.4.4.2 етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану;
Бағалау критерийлері:
- Салт және сабақты етістіктерді түсінеді;
- Салт және сабақты етістіктерді тілдесім барысында қолданады;
Ойын ойнайық
- Екі топқа бөлініп, сапақа тұрыңыздар.
- Рет-реттеріңізбен шығып, бір етістіктен жазыңыздар.
- Етістіктердің қайталанбауын ескеріңіздер.
- Жазған сөздеріңізді санаңыздар.
Мәтінді мұқият оқып, салт және сабақты етістіктерді анықтаңыздар және олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.
Бокс (ағылшынша box – қорап) – арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі. Жекпе-жекке шыққан екі ойыншы қарсыласының денесінің белгілі бір жеріне дәл соққы беруді көздейді. Жекпе-жек аумағы 4,9x4,9 м немесе 6,1x6,1 м, жан-жағы 1,3 м биіктікте арқанмен керілген рингте өтеді.
Бокс ойынының әуесқойлық (3 раунд) және кәсіпқойлық (6 - 12 – 15 раунд) ережелері бар.
Бокс ерте Грек елi — Элладамен тығыз байланысты. Аңыздарға сенсек, ол кезеңдегi ең танымал «қолғап иесi» — Тезей болған көрiнедi. Ал Платонның жазуы бойынша, жұдырықтасу өнерiнiң атасы — теңiз құдайы Посейдон мен Мелия есiмдi нимфаның ұлы — Амыкус екен. Ерте Грекияда болған бокстың алғашқы белгiлерiн қыш құмыраларда салынған боксшылардың бейнесi де дәлелдейдi.
Ал жақында археолог ғалым бiздiң жыл санауымыздан 3 мың жыл бұрын салынған шiркеудiң қабырғаларынан бокс қолғабының суретiн де тауып отыр. Бiр қызығы, ол кезеңдерде кубок жеңiлген боксшыларға берiлген көрiнедi. Айталық, соғыс өнерi десе, сақалын кесуге бар Рим императоры Калигула сонау Африкадан қайратты құлдарды сатып әкелiп, көз алдында қоразша төбелестiредi екен. Императордың екi сүйiктi спортшысы болса керек. Бұл Глаукос пен Меланкомас аталатын алыптар дәл қазiргi бокста қолданылатын бiршама соққы түрлерiне негiз салып кеткен екен.
Айтыс, жүзу, ойнау, айту, кию, қою, жазу, көру.
Берілген сөздерден салт және сабақты етістіктер жасап, сөйлемдер құраңыздар. Сөйлемдердің спорт тақырыбында болуын ескеріңіздер.
Дескрипторлар:
- Етістіктерді жазады;
- Салт және сабақты етістікті біледі;
- Мәтіннен салт және сабақты етістік түрлерін анықтайды;
- Берілген сөздерден салт және сабақты етістіктер жасайды;
Рефлексия
Бүгін не білдіңіз?
2. Не туралы көбірек білгіңіз келеді?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды