Былғары қолғап шебері – Серік Сәпиев. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 5 сабақ


Олимп шыңын бағындырған саңлақтар

Әлемнің екі дүркін чемпионы Серік Сәпиевке бұл жарыста тең келер ешкім болған жоқ. Фаворит саналған ресейлік Замковойыңыз да, украиндық Шелестюк те Серіктің алдын орай алған жоқ.Осы салмақта Әлем чемпионы Тарас Шелестюк жартылай финалда ұлыбританиялық Фредди Эванстан жеңіліп қалған. Ал, бұл кезеңде біздің Серік Ресей мықтысы Андрей Замковойдан айласын асырған еді. Естеріңізде болса, Миланда өткен әлем чемпионатында қос қарсылас жартылай финалда кездесіп, орыс боксшысы жеңімпаз деп танылған еді. Кеткен есені Сәпиев Олимпиадада қайтарды.Финалдық кездесуде Фредди Эванспен Олимпиада алтынын сарапқа салған Серік кездесуді еш қиындықсыз аяқтады. Есеп 17:9, Сәпиевтің пайдасында. Осылайша Серіктің жеңісі Қазақстан қоржынына жетінші алтын медальді алып келді.Лондоннан жүлдемен оралған спортшыларымыз қазір демалу үстінде. Біраз кідірістен кейін саңлақтарымыз қайта жаттығуларын бастамақ. Ендігі меже Рио-де-Жанейро.

https://baq.kz/news/15368

«МИЫМДЫ ЖАТТЫҚТЫРАМЫН ДЕП ШАХМАТ ОЙНАЙДЫ»

– Серік үшін бұл соңғы олимпиада болуы да мүмкін. Қазір ол 28 жаста. Ал Рио-де-Жанейро олимпиадасында жасы отыздан асады. Демек, Лондонда Серік үлкен серпіліс жасауы керек. Қазір біз жарысқа тынымсыз дайындалып жатырмыз – дейді боксшының жеке бапкері Александр Стрельников.

Серіктің өзі де бұл жолғы олимпиаданың маңызды екенін жақсы түсінетінін айтты.

– 2008 жылы Бейжіңде өткен олимпиадада жанкүйерлердің бәрі менің алтын алатыныма сенді. Бірақ таиландтық Манус Бунжумнонгтан ұтылғанымды жақсы білесіздер. Күтпеген жеңіліс болды. Сол жеңілістен кейін көпке дейін өз-өзіме келе алмадым. Одан кейін Миланда өткен әлем чемпионатындағы жеңілісім де қатты соққы болды. Италияға алтын аламын деп барып, қоланы қанағат тұттым. Былтыр Бакуде өткен әлем біріншілігінде алтынға жақын қалғанда жеңілдім. Міне, осы жеңілістердің жарасын жазар кез келгендей. Лондон шаршы алаңында барымды саламын. Және жеңіс үшін барамын, – дейді боксшы Серік Сәпиев.

Қазір Серік Лондон олимпиадасына жеке бағдарлама бойынша дайындалып жатыр. Күнінің көбі жаттығуға барлық жағдай жасалған залда өтеді. Бапкерлері жіті қадағалап жүреді.

– Отбасыма бармағалы да екі айдай уақыт болды. Жарым барлығына түсіністікпен қарайды. Ол – менің нағыз жанкүйерім. Лондонға кетерде туған жерім Қарағанды жаққа бір барып қайтармын. Ал қазір жаттығу – маңызды, – дейді Серік Сәпинв.

Боксшының бапкері Александр Стрельниковтың айтуынша, Серіктің бойында боксшыға керек қасиеттердің бәрі бар.

– Шәкіртім боксшыға керекті шапшаңдық, қулық сынды қасиеттерге ие. Шаршы алаңда кез келген жағдайдан шығарға жол іздейді. Тіпті миымды жаттықтырамын деп күніне екі рет менімен шахмат та ойнайды, – дейді бапкер.

USA TODAY: «СӘПИЕВ – ОЛИМПИАДА АЛТЫНЫНА БАСТЫ ҮМІТКЕР»

USA Today (АҚШ) басылымы Серік Сәпиев биыл Лондонда алтын алуға басты үміткер боксшылардың бірі деп санайды. Америкалық сарапшылар Серік Сәпиев финалда украиналық Тарас Шелестюкті ұтады деп болжайды.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановтың айтуынша, қазір Серіктің дайындығы мен бабы жақсы.

– Серікке қарсы барлық қарсыластары жеке дайындалары анық. Андрей Замковой (Ресей), Тарас Шелестюк (Украина), Эррол Спенси (АҚШ), Эгидиюс Каваляускас (Литва), Маик Карвальо (Бразилия), жарыс қожайыны Фред Эванс – Сәпиевтің басты қарсыластары. Қазір біз бұл боксшылардың түрлі жарыстарда түсірілген бейне жазбаларын көріп, тактикаларын «оқып» жатырмыз, – дейді Мырзағали Айтжанов.

Ал Серік Сәпиев «олимпиадаға осал боксшы бармайтынын», сондықтан бәрінің дәрежесі де, деңгейі де бір» екенін айтады.

– Мықтымыз шаршы алаң төрінде анықталамыз. Бастысы – жарақат пен ауру сырқаудан аман болсақ болды, – дейді боксшы.

ҮНДІСТАН БАПКЕРІ: «АЗИЯДА СӘПИЕВКЕ ҚАРСЫЛАС ЖОҚ»

Жақында Үндістан боксшылары Алматыда Қазақстан құрамасымен біріккен оқу жаттығуын өткізді. Бұл жиынға үнді елінің 10 боксшысы келді. Екі апта бойы қос елдің боксшылары жаттығу залында бір-бірімен тәжірибе алмасты.

Алматыға өз шәкірттерін бастап әкелген Үндістан құрамасының бас бапкері Гурбакшсингх Санду Серіктің шеберлігіне разы болғанын айтты.

– Серік Сәпиевтің жекпе-жектерін Гуанчжоудағы Азия ойындарында, Баку мен Миландағы әлем чемпионатында көрдім. Техникасы өте мықты. Азияда бұл боксшыға қарсылас жоқ. Біздің боксшылардың да бұл спортшыдан үйренері көп. Менің ойымша, биылғы Лондон олимпиадасында сіздердің боксшыларыңыз алтын алуы тиіс. Оған күші де, техникасы да жетеді, – дейді үнді бапкері Гурбакшсингх Санду.

Қазір Серік Сәпиев AIBA (Халықаралық бокс федерациясы) жариялаған рейтингте 69 килограмм салмақ дәрежесінде сайысатын боксшылар арасында жетінші орында тұр. Алайда Мырзағали Айтжанов айтуынша, «бұл рейтинг маңызды емес – Серіктің Лондондағы өнеріне бұл тізім еш әсер етпейді».

Лондонға соңғы дайындығын жасап жатқан Серік Сәпиев олимпиадаға дейін ешқандай ірі жарысқа қатыспайды. Бапкерлер «Сәпиевтің қарсыластары оның тактикасын біліп қоймасын» деп осындай сақтық жасап отыр.

https://bnews.kz/kz/news/obshchestvo/boksshi_serik_sapiev_londonga_zhenu_ushin_baramin

Стильдер

Ұлттық тіл – ауызекі және жазбаша түрдегі ұлттық қарым – қатынас құралы.Қазақ тілінің пайда болуы, дамып жетілуі қазақ халқының ұлт болуымен тікелей байланысты.

Адам өз ортасымен күнделікті түрлі қарым – қатынаста болады.Сол арқылы тіршілік жасайды,білім,тәжірибе жинайды, жетіледі,өседі.Ал қарым – қатынас, негізінен, ауызекі тілдесу арқылы жүзеге асады.Ауызекі сөз ерекше сипатта құрылады.Ол стиль ауызекі сөйлеу стилі деп аталады.Ауызекі сөйлеу стилі – қазақ тілі стильдерінің бір тармағы.

Ауызекі сөйлеу стилі бірнеше түрге бөлінеді:

1) дидарластық сөз(әңгімелесу, сұхбаттасу);

2) полемикалық (дауласу) сөз;

3) көпшілікке арналған сөз (баяндама, лекция).

Дидарластық сөз стилі екі немесе брнеше,сондай-ақ одан да көп адамдардың бас қосқан сұхбатында қолданылады.Сондықтан мұндай сөзге қатысатын кісілер әңгіме қызықты, әсерлі болу үшін алдын ала дайындалып келеді.Дидарластық әңгіме диалог түрінде де жүреді.

Даулы сөз пікір таластырушы немесе мүделлері қарсы кісілердің арасында болады.

Даулы сөзде қарсы жақтың сөзіне полемикалық қатысты білдіретін тұлғалар пайдаланылады, риторикалық сұраулы сөйлемдер жұмсалады,өз пікірін дәлелді ететін аргументтер келтіріледі.Қарсы жақтың мысын басатын мысқыл сөздер де қолданылады.Даулы мәселені шешуге әркімнің дайындалып барғаны жөн.

Көркем әдебиет – сөзбен салынған сурет; оқиғаға кейіпкерлердің іс-әрекеті,сөзі,мінезі, келбеті қатысып баяндалады;оқиға болған күннің реті,жер жағдайы аталады.

Көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктер мынадай:

1.Эмоционалдық, бейнелі,эксрессивті сөздер мол қатысады.

2.Сөйлемдердің ырғақ, интонациясы мәтінге әсерлілік беру үшін айрықша құрылады.

3.Шығарма тартымды болу үшін синоним сөзднр, тұрақты тіркестер барынша көп жұмсалады.

4.Осылардың бәрі грамматикалық амал-тәсілдерді ерекше қиюластырып қолдану арқылы беріледі.

Іс қағаздар дегеніміз-жеке адамның, ұжымның,фирмалардың, мекемелердің атқаратын қызметіне байланысты пайда болатын жазбаша (ауызша) қарым-қатынас құралы.

Іс қағаздарының мынадай түрлері бар:

1.Әр түрлі мазмұндағы арыздар.

2.Өмірбаян .

3.Анықтама, түсінікхат,ақпар, есеп, хабарлау т.б.

4.Іс жөнінде мәлімет (хат) алысу, келісім жасасу, шешім шығару, хабарлау т.б.

5.Мекемеде өткен мәжілістердің жүрісін, шешімін баяндайтын құжат – хаттама.

6.Бұйрық. Қызметкер жөніндегі мінездеме, мінездеме, ұсыныс т.б.

Іс жөніндегі қатынас қағаздар бірнеше бөліктен құралады:

1.Қатынас қағазының жіберілген мерзімі (күні, айы, жылы).

2.Қатынас қағаз жіберілген мекеменің (фирманың),мекеме басшысының аты-жөні.

3.Қатынас қағазының мазмұны.

4.Қатынас қағазды жіберуші жөнінде мәлімет және оның қолы.

Қатынас қағаздың композициясына кіретін әр бөлік «реквизит» деп аталады.Әр реквизиттің жазылуына, пунктуациясына қойылатын талаптар бар.Ол талаптар мемлекеттік нұсқауларда айтылған.

Іс қағаздар стилінің ерекшеліктері:

1.Мәтін өте жинақы құрылады.

2.Сөйлемдер негізінен номинативті, екі негізді болып келеді.

3.Сөйлемдегі сөздер базистік тәртіпке сай орналасады.

4.Экспрессивті сөздер қатыспайды.

5.Мәтін баяндау ретінде келеді.

Іс қағаздарының басында, соңында қағаздың жіберілу мерзімі міндетті түрде цифрмен көрсетіледі.Іс қағазының мазмұнына байланысты мазмұнының ішінде келетін сандар цифрмен де, әріпті жазумен де көрсетіледі.Бірден онға дейінгі сандарды әріпті жазумен таңбалаған дұрыс.

Публицистикалық стиль жұртқа үндеу, үгіт айтуда пайданылады.Мұндай үндеуге, үгітке қоғам үшін және дәл сол кезеңде зор мәні бар мәселелер тақырып болады.Публицистикалық стиль ауызша және жазбаша түрде қолданылады.Публицистикалық сөз ауызекі айтылғанда, ауызекі сөйлеу стиліне тән сипаттға да ие болады.Ол көбінесе газет, журнал, радио, теледидар арқылы беріледі.

Публицистикалық стильдің сипатына сай мынадай тілдік тұлғалар қатынасады:

а)экспрессивті сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, сөйлемдер;

ә)тақырыпқа сай терминдер, неологизмдер;

б)толымсыз сөйлемдер, эллипсис сөйлемдер;

в)тыңдаушылардың көңілін бұратын қаратпа сөздер, сұраулы және лепті сөйлемдер.

Ғылыми стиль адамның ең озық интеллектуалдық әрекетіне қызмет етеді.Бұл адамның ғылыми ізденісінен, зерттеуінен тапқанын ауызша немесе жазбаша жұртқа жеткізу мақсатында қалыптасқан стиль.

Ғылыми стильдің ерекше функционалдық міндеті бар:

1)ойды дәл, нақты әрі түсінікті етіп жеткізуді көздейді;

2)ойды тұжырымды түрде хабарлауға талпынады;

3)осы талаптарға жету үшін эмоцияға, экспрессияға көп жол берілмейді.

Пунктуация термині латынның «punctum» - нүкте деген сөзінен алынған.Ол, ең алдымен, тілдегі алфавитке енбейтін графикалық таңбалар жиынтығы,жазу емлелерімен бірге, делгілі мәтінді өз ішінде бір-бірінен айырып түсінуге мүмкіндік беретін және оны графикалық жағынан ұйымдастыратын жазу тілінің негізгі құралы болып саналады;екіншіден, тыныс белгілерін дұрыс қою жөніндегі ережелерді; үшіншіден, тыныс белгілері деген мағынаны білдіреді.Пунктуация-жазу тіліне қызмет ететін шартты таңба.

Нүкте тиянақталған ойды білдіретін хабарлы сөйлемдерден кейін және лепсіз айтылған бұйрық, тілек мәнді сөйлемдерден кейін қойылады.

Сұрау белгісі сұраулы сөйлемдерден кейін қойылады.Сұраулы сөйлем – біреуден жауап күтуді, сұрап білуді мақсат ететін сөйлем. Адам баласы бір-біріне, кейде өзіне-өзі сұрақ қояды.Сұрақ-адам дүниетанымының қозғаушы күші.Сұраулы сөйлемдер сұрау мәнді сөздердің қатысуы арқылы жасалады.

Көп нүкте аяқталмай, айтылмай қалған, іште кеткен ойды тұспалдайды. Автор өзінің мақсатына байланысты ойын аяқтамай қалдырып кетуі де, ол айтуға қолайсыз сөздер соңында көп нүкте (...) қойылады. Сөйлем ішіндегі ең көп қолданылатын белгінің бірі - үтір.Ол бірыңғай мүшелердің арасына, қаратпа, қыстырма, оңашаланған айқындауыш сөздер мен құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің ара жігіне қойылады.Үтірді қойғанда, тыныс белгілерін қолданудың үш принципін толық есте ұстау керек. Олай болмаған жағдайда, сөйлемдегі ой айқындалмайды, тіпті түсініксіз болып, оқушысына, тыңдаушысына жетпейді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу