Астана – отанымыздың жүрегі. Қазақ тілі, 6 сынып, қосымша материал. 10 сабақ


 Қара жәшікішіндегі жұмыс

 Мұғалімге әдістемелік кеңес

 

 

 Сабақтағы оқу үшін бағалау

 Пол Блэк пен Дилан Уильям өздерінің «Қара жәшік ішінде» атты көпке танымал мақаласында қалыптастырушы бағалауды жақсарту оқушылардың үлгерімін артыратынын көрсетті. Аталмыш әдіс оқу үшін бағалаудың жүзеге асуына ықпал етеді.

  Оқу үшін бағалау – бұл басым міндеті оқыту мақсатын оқушыларды білім алуға ынталандыратындай етіп құруды көздейтін кез келген бағалау. Сондықтан ол әдеттегі бағалаудан ерекшеленеді, әдеттегі бағалау бірінші кезекте құзыреттілікті растап немесе рейтинг жүргізу, бақылауға арналған. Мұғалімдер мен оқушылар басқаларды не өзін бағалағанда түсініктеме ретінде пайдалана алатын, болмаса өздері қатысатын оқыту үдерісін өзгерту үшін қолдана алатын ақпарат берсе, бұндай бағалау қызметі оқуға көмектесе алады. Нәтижелері расында да оқыту мен оқу қажеттілігін қанағаттандыру үшін қолданылса, мұндай бағалау «қалыптастырушы бағалау» болмақ.

 Өзара бағалау және өзін өзі бағалау

 Оқушылар алда тұрған мақсаттың мәнін түсініп, оған қол жеткізу үшін не істеу қажет екенін анықтай алған жағдайда ғана олар оқу мақсатына қол жеткізеді. Сондықтан оқу барысында өзін өзі бағалаудың маңызы зор. Оқушыларының бойында өзін өзі бағалау дағдыларын дамытуға талпынған көптеген мұғалімдердің аңғарғаны: бұл реттегі ең бірінші және ең күрделі мәселе – оқушыларды өз жұмысы туралы мақсат қою тұрғысынан ойлануға мәжбүрлеу. Олар бұны қалай істеу керек екенін түсінгеннен-ақ, өз жұмыстарына шолу жасай бастайды, сол арқылы оны өздері орындап, өздері бақылай алады. Басқаша айтар болсақ, оқушылар метатанымдық деңгейде жұмыс істеу қабілетін дамытады.

 Құрбы-құрдастарын бағалау өзін өзі бағалаудың маңызды бөлігі болып табылады. Құрбы-құрдастарын бағалаудың пайдалы екендігінде сөз жоқ, себебі оқушылар өз жұмысына қатысты айтылған құрбыларының пікіріне құлақ асады. Ал оны мұғалім айтқан болса, олар оқушыға сондай әсер етпеуі мүмкін. Құрбы-құрдастарымен бірге жұмыс істеу де маңызды, себебі пікір алмасу оқушы күнделікті өмірінде қолданатын тілде жүреді, сонымен қатар оқушылар мұғалімнің және емтихан алушының рөлін ойнай отырып білім алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу