Астана – отанымыздың жүрегі. Қазақ тілі, 6 сынып, сабақ жоспары. 10 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Астана – мәдениет пен өнер ордасы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6 Т1

Қатысқан оқушылар

саны:

 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Астана – отанымыздың жүрегі

(1-нұсқа)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.6.1 - мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау;

6.4.3.1 - неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу;

 Сабақтың мақсаттары

Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзетеді, редакциялайды;

Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсінеді және ажырата біледі.

 Бағалау критерийі

  • емле ережелеріне сүйеніп мәтіндегі орфографиялық қателерді түзете алады, редакциялайды;
  • сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп мәтіндегі пунктуациялық қателерді түзете алады, редакциялайды;

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

мұнара, кешен, жеделсаты, жылжымалы шатыр, толеранттылық

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Менің ойымша/пікірімше…, Менің көзқарасым тұрғысынан…., Менің көзқарасым бойымша…, Мен сенімдімін…, Мені таңқалдыратыны...

Құндылықтарды игерту

Ел астанасы туралы мәтіндер арқылы туған елге сүйіспеншілігін ояту

Пәнаралық байланыс

Тарих пәні

Бастапқы білім

Астана – әсем қала

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

0-5

Қызығушылығын ояту

 Мұғалім оқушыларға «отан» сөзіне ассоциация жасауды ұсынады.

 

 

 

 

 Оқушылар отан сөзімен байланысты тіркестерді айтады, тақтаға жазып шығады.

 Мұғалім сөзі:

  Туған жер адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала. Менің де, сенің де, барлығымыздың да туған жеріміз Қазақстан болса, оның астанасы Астана қаласы. Біз бүгін еліміздің жүрегіне айналған қаланың қалай астана статусына ие болғандығы туралы айтатын боламыз.

 Мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды. Сабақ мақсатымен таныстырады. Оқушылар мен мұғалім бірлесе отырып, сабақтың бағалау критерийлерін әзірлейді.

 

Сабақтың ортасы

5-15

15-25

25-30

30-35

Жазылым алды тапсырма

«Дауыстап ойлау» әдісі

 Оқушылар жұпқа бөлінеді. Оларға «Астана – отанымыздың жүрегі» тақырыбындағы мәтін беріледі. Олардың бірі жұпта мәтінді дауыстап оқиды, екіншісі тыңдайды. Осылайша мәтін мазмұнын түсініп алады.

Жазылым тапсырмасы

«Қазына іздеу» әдісі

 Тапсырма жеке орындалады. Әр оқушыға «Астана – отанымыздың жүрегі» тақырыбындағы мәтіннен қосымшаның жалғануынан, тыныс белгілерден жіберілген қателері бар үзінді жазылған таратпа беріледі.

Мұғалім оқушыларға тапсырма шартын түсіндіреді:

 Тапсырманың шарты:

 «Қазына іздеу» жаттығуын жүргізу үшін оқушыларға мәтін

мазмұны бойынша олардың іздейтін қазыналарының сипаттамалары беріледі. Қазыналар ретінде мәтінде жіберілген емлелік және тыныс белгі қателер есептеледі. Оқушылар әрбір «қазынаны» тапқан сайын, мұғалім оны растап қол қойып беріп отырады.

 Оқушылар мәтіндегі жіберілген қателерді түзетіп, талдап болған соң, мұғалім тұпнұсқаны береді, оқушылар салыстырады. Ережені оқушылармен бірлесіп талдайды.

 

 Жазылымнан кейінгі тапсырма

 

 Мәтіннің ішінен неологизм, термин сөздерді анықтайды, бір-бірінен ажыратады, кестені толтырады. Ол сөздердің қолданыс аясын түсіндіреді. Өз мысалдарын келтіреді.

термин

неологизм

Дескриптор:

  • Мәтіндегі орфографиялық қателерді емле ережелеріне сүйеніп түзетеді, редакциялайды;
  • Мәтіндегі пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп түзетеді, редакциялайды;
  • Емле ережелеріне сүйеніп, жауаптарын дәлелдейді.

Бағалау

Мұғалім бағалау критерийлері бойынша не сәтті, не сәтсіз болғанына тоқталып, сындарлы кері байланыс береді.

«Астана – отанымыздың жүрегі_10-сабақ_мәтін_1-нұсқа»

1-таратпа

2-таратпа

3-таратпа

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия

«Қара жәшік ішінде» әдісі

«Қара жәшік ішіндеә әдісі арқылы сабақ соңында оқушыларға бір-біріне тиімді сұрақ қойғызу арқылы кері байланыс жасалады, өзін-өзі бағалауға қатысады. Сынып бөлмесінің ортасына «қара жәшік» қойылады. Оқушылар оның ішіне бүгінгі сабақтың мазмұнына байланысты сұрақтар жазып салады. Бірнеше оқушы «қара жәшіктің ішінен» бір сұрақ алып жауап береді.

Сабақты қорытындылау

 Мұғалім «Астана – отанымыздың жүрегі» тақырыбы бойынша сабақты қорытындылайды. Астананың ел астанасы болуы үшін жасаған Елбасы ұсынысы, ол идеяның шығу тарихы туралы айтып, сабақты қорытындылайды.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу