Отбасы және отбасы мүшелері. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

  • САБАҚ: Қазақ тілі
  • Мектеп: Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.
  • Күні:
  • Мұғалімнің аты-жөні: Н.Қ. Ахметжанова
  • Сынып: 5 Т1
  • Қатысқан оқушылар саны:
  • Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер

Сабақтың тақырыбы

Отбасы және отбасы мүшелері

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/А1. Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.

Ж3. Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: бағыттаушы сұрақтар арқылы тақырып бойынша жұмыс жасау, болжау, әңгіме құрастыру

Көптеген оқушылар: Оқушылардың көбі ақпараттар бойынша ойларын айту, салыстыру, сәйкестендіру, бағалау.

Кейбір оқушылар: Қабілеті жоғары оқушылар ұтымды ойлар айту, мәтін құрастыруда креативті идеялар жазу, астарлы мағынаны тану және бағалауда нақтылық көрсету

Бағалау критерийлері

  • Тақырыпты болжай алады.
  • Ақпараттар тізбегін ұғыммен байланыстыра алады.
  • Суреттер негізінде ұғымдарды байланыстыра отырып, әңгіме немесе мәтін құрастыра алады.

Дескрипторлар

  • Тірек сөздер арқылы тақырыпты болжай алады
  • Сөздердің мағынасын түсіндіре алады
  • Ақпараттарды мағынасына қарай сәйкестендіре алады.
  • Суреттер бойынша:

- тақырып қоя алады.

- сын есіммен бағалай алады.

- құндылықпен байланыстыра алады.

- астарлы ойды мақалмен тұжырымдай алады

- мәтін құрастыра алады.

Тілдік мақсаттар

Бала, мейірім, әже, тәрбие, ана, отағасы, отбасылық бақыт, мейірім, тыныштық, құндылық, өнерлі, бақытты, берекелі, жалғыздық т.б

Осыған дейінгі меңгерілген білім

Өткен тоқсандағы бөлімдер бойынша тілдік дағдыларды дамыту, байланыстыру

Құндылықтар

  • Адами қасиет, тәлім-тәрбие, мейірім;
  • Зерттеген мәселе бойынша өмірлік ұстаным;

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, әдебиет

АКТ дағдыларын дамыту

Үйге берілген тапсырма бойынша акт дағдыларын дамыту («Тәрбие отбасынан басталады» тақырыбында отбасы мүшелерімен сұхбат әзірлеу)

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Оқушылардың қызығушылықтарын ояту. Сабақтың тақырыбын анықтау. Оқушылардың орындықтарына стикерлер жапсырылған. Сол оқушылар тапсырмаларды орындайды. Тапсырма – «Он сұрақ» әдісі

Бала, мейірім, әже, тәрбие, ана, отағасы осы сөздерді көпшілікке жасырады.

Дұрыс жауаптар арқылы сабақтың тақырыбын анықтаймыз.

Оқу мақсаты және бағалау критерийлерімен танысады.

«Он сұрақ» әдісі

Слайд 1

Сабақтың ортасы

8 мин

10 мин

17 мин

1-тапсырма

ЖЖ (жұптық жұмыс)

Оқушыларға отбасы, отау, отағасы, отау иесі, қара шаңырақ, отбасы берекесі деген сөздер жазылған кесте беріледі. Оның мағынасын түсіндіруі тиіс.

Отбасы

жанұя

Отау

Отау иесі

Қара шаңырақ

Отбасы берекесі

Жауап үлгісі: (ықтимал жауаптар)

Отбасы

жанұя

Отау

жаңадан тұрмыс құрып, енші алып бөлінген ұлдың үйі, отау үй

Отау иесі

жеке шаңырақ иесі, кіші үйдің иесі

Қара шаңырақ

ата-баба тұрған үлкен үй

Отбасы берекесі

молшылық, ырыс

Бағалау: Мұғалімнің кері байланысы, оқушы жауаптарын бірлесе талқылау

2-тапсырма. ЖЖ (жұптық жұмыс)

Туыстық атауларды сәйкестендір.

Ана

әкесінің әкесі

Әже

өзінен жасы кіші ер адам

Әке

бір атадан өрбіген туыстас адамдар

Аға

аталас, ағайын жұрт

Іні

жасы өзінен үлкен ер адам

Бауыр

Отағасы

жамағайын

әкесінің шешесі

Ата

перзент сүйген әйел (шеше)

ұзатылған қыздан туған бала. 

Әйелінің әпке-сіңілілерінің күйеуі. 

Қарындас

қайын інінің әйелі

бажа

ер адамдардан жасы кіші әйел

Ажын

жиен

Абысын

туысқан адамдардың қыздарынан туған бала

Бөле

қайын ағаның әйелі

Төркін

тұрмысқа шыққан қыздардың ата-ана , ел-жұрты

Жиеншар

жиеннен туған бала

Бағалау: жұптар өзара бір-бірі тексеріп бағалайды. 80%-дық үлестің орындалуы.

3-тапсырма. Ж (жеке жұмыс)

Оқушылар бес-бестен жұмыс жасайды. Бірақ олар топ құрамайды, жеке жұмыс жасайды. Бір қатарда отырған 5 оқушыға жоғарыдағы бес түрлі сурет ұсынылады. Суреттер партада жатады, оқушылар сағат тілімен қозғала отырып, төмендегі тапсырманы орындайды.

Мысалы, 1 оқушының әрекеті:

1-қадам. Алдындағы суретке ат (тақырып) қояды

2-қадам. (келесі суретке барады да), суретке байланысты екі сын есім жазады.

3-қадам. (келесі суретке барады да), суретте бейнеленген үш құндылық жазады.

4-қадам. (келесі суретке барады да), суреттің астарлы ойын сипаттап, тұжырым жасайды. (мақал-мәтелмен немесе нақыл сөз арқылы)

5-қадам. (келесі суретке барады да), өзінің алдындағы 4 оқушының жазған мәліметтерін біріктіріп жинақтай отырып, мәтін құрастырады.

Жазған мәтіндерін сынып алдында таныстырады.

Бағалау: оқушылар 3-2-1 әдісі арқылы бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.

3- мәтіннің мазмұынын ашатын 3 ұғым;

2- мен үшін қызықты болған 2 мәлімет;

1 – 1 ұсынысым

(бағалаудың жүзеге асу реті: 1 сурет бойынша сыныпта 4 оқушы мәтін құрастырады. Бірдей сурет бойынша мәтін құрастырған оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды. )

Кестелер

Слайд 2

Тараптпа материалдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Суреттер

 Ф4 форматы

 Маркерлер

 

Бағалау

3 минут

Жалпы жұмысты қорытындылай келе, оқушылардың мақсатқа жетуі бағалау критерийлері негізінде бағаланады.

Ұсынылған бағалау критерийлері

Кері байланыс

3 минут

«Мозаика» әдісі арқылы сабаққа кері байланыс жасалады.

  • Маған ұнаған әрекет
  • Маған қиындық тудырғаны
  • Ұсынысым бар
  • Менің көңіл-күйім

Кері байланыс парағы

Ескерту

Мұғалім өзінің шығармашылығына қарай бұл сабақты 2 сабаққа жоспарлауға да болады.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс

  •  Оқушыларға қолдау көрсету бағыттаушы сұрақтар арқылы жүзеге асырылады.
  •  Оқушылардың көбі ақпараттар бойынша ойларын айтады, салыстырады, сәйкестендіреді, бағалайды, мәтін құрастырады.
  •  Қабілеті жоғары оқушылар ұтымды ойлар айтады, мәтін құрастыруда керативті идеялар жазады, астарлы мағынаны таниды және бағалауда нақтылық көрсетеді.

Сабақта дескрипторларға негізделген жүйеде бағаланады.

  • Мұғалімнің кері байланысы
  • Жұптардың өзара бағалауы
  • Бірін-бірі бағалауы

Әдебиет, өзін-өзі пәндерімен тақырып арқылы байланысады.

Сабақта АКТ үйге тапсырма кезінде қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу