Отбасы және отбасы мүшелері. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп: Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Н.Қ. Ахметжанова

Сынып: 5 (оқыту тілі қазақ тілінде)

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер

Сабақтың тақырыбы

Отбасы және отбасы мүшелері

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/А1. Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау.

Ж3. Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру.

Сабақ мақсаты

Бағыттаушы сұрақтар арқылы тақырып бойынша жұмыс жасау, болжау, әңгіме құрастыру.

Бағалау критерийлері

  • Тақырыпты болжай алады.
  • Ақпараттар тізбегін ұғыммен байланыстыра алады.
  • Суреттер негізінде ұғымдарды байланыстыра отырып, әңгіме немесе мәтін құрастыра алады.

Дескрипторлар

  • Тірек сөздер арқылы тақырыпты болжай алады
  • Сөздердің мағынасын түсіндіре алады
  • Ақпараттарды мағынасына қарай сәйкестендіре алады.
  • Суреттер бойынша:

- тақырып қоя алады.

- сын есіммен бағалай алады.

- құндылықпен байланыстыра алады.

- астарлы ойды мақалмен тұжырымдай алады

- мәтін құрастыра алады.

Тілдік мақсаттар

Бала, мейірім, әже, тәрбие, ана, отағасы, отбасылық бақыт, мейірім, тыныштық, құндылық, өнерлі, бақытты, берекелі, жалғыздық т.б

Осыған дейінгі меңгерілген білім

Өткен тоқсандағы бөлімдер бойынша тілдік дағдыларды дамыту, байланыстыру

Құндылықтар

  • Адами қасиет, тәлім-тәрбие, мейірім;
  • Зерттеген мәселе бойынша өмірлік ұстаным;

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, әдебиет

АКТ дағдыларын дамыту

Үйге берілген тапсырма бойынша акт дағдыларын дамыту («Тәрбие отбасынан басталады» тақырыбында отбасы мүшелерімен сұхбат әзірлеу)

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Мұғалім бір оқушыны таңдап, тақтаға шығарады. Оқушыларға отбасы, отбасы мүшелеріне байланысты мақал-мәтелдер таратылады. Мұғалім белгі берген кезде барлық оқушылар өздеріне таратылған мақалды бр дауыспен оқи бастайды. Татадағы оқушы 3-4 мақалды тауып, бүгінгі сабақтың тақырыбын нақты анықтауы тиіс.

Таратылатын мақал-мәтелдер:

Інісі бардың тынысы бар,

Ағасы бардың жағасы бар

***

Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.

***

Апасының киген тонын сіңлісі де киер.

***

Ата – баланың қорғаны.

***

Атаға баланың алалығы жоқ.

Содан соң оқу мақсаты және бағалау критерийлері таныстырылады.

Сабақтың ортасы

8 мин

10 мин

17 мин

Тыңдалымалды кезеңі.

1-тапсырма

ЖЖ (жұптық жұмыс)

Оқушыларға сөздер жазылған кесте беріледі. Оның мағынасын түсіндіруі тиіс.

Отбасы

жанұя

Отбасы мүшелері

Кәмелет жас

Құқық

Мүдде

Тыңдалым кезеңі.

Мәтін:

Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

Отбасында әр ата-ана мен баланың өз құқықтары мен міндеттері болады.

Ата-аналардың құқықтары мен міндеттерінің белгілі бір ерекшеліктері болады:

1. Ата-аналардың өз балаларына қатысты тең құқықтары бар және теңдей міндеттер жүктеледі. Бұл ретте баланың тіркелген некеде немесе некесіз туғанының мәні жоқ.

2. Ата-аналар құқықтарының уақыты шектеулі. Бала кәмелетке толған кезде немесе кәмелетке толмаған бала іс-әрекетке толық қабілетті болғанда, ата-аналарлың құқықтары мен міндеттері тоқтатылады.

3. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырған кезде бала мүддесі басым болуы сақталуы керек.

4. Ата-аналар басқа адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқықты болады. Баланың мүддесі бұзылған жағдайда ғана бұл ережеден бас тартуға болады.

Әрбір бала ішкі және халықаралық заңнама нормаларына сәйкес отбасылық қатынастар саласында мынадай құқықтарға ие:

• тегін, атын, әкесінің атын алуға;

• отбасында тұрып, тәрбие алуға, өзінің ата-анасын білуге; егер бала ата-анасынан немесе олардың біреуінен бөлек тұратын, сондай-ақ ата-анасы әр түрлі мемлекеттерде тұратын болса, ата-анасымен және басқа да туыстарымен араласуға;

• қажет болған жағдайда өз отбасымен қосылуға – елге кіруге және одан шығуға рұқсат алуға;

• өз ата-анасынан және отбасының басқа мүшелерінен қолдау көмек, қаражат алуға;

• ата-ана және олардың орнындағы адамдар тарапынан, сондай-ақ, егер де бала ата-ана қамқорлығынсыз қалатын болса, мемлекет тарапынан қамқорлық көруге; ата-ана және олардың орнындағы адамдар тарапынан абырой-беделінің сақталуына және оны өз мақсаттарына қолданудан қорғауға;

• ата-аналарымен, әжесімен, атасымен, аға-інілерімен, апа-қарындастарымен, өзге де туыстарымен араласуға құқытары бар.

2-тапсырма.

Мәтіннің мазмұнына арқау болған тірек сөздерді атап көрсет.

3-тапсырма.

Бұл суреттер партада жатады, оқушылар сағат тілімен қозғала отырып, төмендегі тапсырманы орындайды.

«Отбасы және оның мүшелері» тақырыбына синквейн құру керек.

Синквейн (француздың «бес» деген сөзіне шыққан) – белгілі бір тақырыптағы оқу материалын бірнеше сөзбен баяндауға мүмкіндік беретін амал.

Синквейн жасау ережелері:

1.Бірінші жолда бір сөзбен тақырып белгіленеді (зат есіммен).

2.Екінші жолда – тақырыпты екі сөзбен сипаттау (сын есіммен).

3. Үшінші жолда – осы тақырып шеңберіндегі әрекеттерді үш сөзбен сипаттау (етістік, үстеу).

4. Төртінші жолда – тақырыпқа деген көзқарасты білдіретін, төрт сөзден тұратын сөз (әр түрлі сөз таптары).

5. Бесінші жолда – бір сөз, тақырыптың синонимы.

Үлгілік жауаптар:

1. Отбасы

2. Үлкен, ынтымақты

3. Сүйеді, аялайды, көмектеседі

4. Отбасы – бұл өмірлік құндылық

5. Жанұя

Синквейн құрастырғаннан кейін, суреттер желісі негізінде әңгіме жазады.

Жазған мәтіндерін сынып алдында таныстырады.

Бағалау: оқушылар 3-2-1 әдісі арқылы бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.

3- мәтіннің мазмұынын ашатын 3 ұғым;

2- мен үшін қызықты болған 2 мәлімет;

1 – 1 ұсынысым

(бағалаудың жүзеге асу реті: 1 сурет бойынша сыныпта 4 оқушы мәтін құрастырады. Бірдей сурет бойынша мәтін құрастырған оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды. )

Тараптпа материалдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау

3 минут

Жалпы жұмысты қорытындылай келе, оқушылардың мақсатқа жетуі бағалау критерийлері негізінде бағаланады.

Ұсынылған бағалау критерийлері

Кері байланыс

3 минут

«Мозаика» әдісі арқылы сабаққа кері байланыс жасалады.

  • Маған ұнаған әрекет
  • Маған қиындық тудырғаны
  • Ұсынысым бар
  • Менің көңіл-күйім

Кері байланыс парағы

Ескерту

Мұғалім өзінің шығармашылығына қарай бұл сабақты 2 сабаққа жоспарлауға да болады.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс

  • Оқушыларға қолдау көрсету бағыттаушы сұрақтар арқылы жүзеге асырылады.
  • Оқушылардың көбі ақпараттар бойынша ойларын айтады, салыстырады, сәйкестендіреді, бағалайды, мәтін құрастырады.
  • Қабілеті жоғары оқушылар ұтымды ойлар айтады, мәтін құрастыруда керативті идеялар жазады, астарлы мағынаны таниды және бағалауда нақтылық көрсетеді.

Сабақта дескрипторларға негізделген жүйеде бағаланады.

  • Мұғалімнің кері байланысы
  • Жұптардың өзара бағалауы
  • Бірін-бірі бағалауы

Әдебиет, өзін-өзі пәндерімен тақырып арқылы байланысады.

Сабақта АКТ үйге тапсырма кезінде қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу