Отбасы және демографиялық өзгеріс. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.


САБАҚ: 8-сабақ

Мектеп: №5 көпсалалы мектеп-лицейі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Киршимова Н.Қ.

Сынып: 8-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика.

Сабақтың тақырыбы

Отбасы және демографиялық өзгеріс

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.2.2.1. – публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.

Сабақтың мақсаттары

Синонимдерді орынды қолдану.

Бағалау критерийлері

Сөздердің синонимдерін таба алады.

Құндылықтар

Құрмет, отансүйгіштік, үздіксіз білім алу.

АҚТ қолдануы

Интерактивті тақта арқылы слайд-презентация пайдаланылады.

Тілдік мақсаттар

Синоним, мәтін, лингвистикалық ерекшелік.

Осыған дейін меңгерілген білім

Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 мин

Сабақтың оқу мақсаты, бағалау критерийлері түсіндіріледі.

Сабақтың ортасы

Көңілді күн әні арқылы қалпақпен ойнайды.

Тілек айтады.

1-тапсырма.

Әр оқушы бір-бірінің ішіне орналасқан үш шеңберге: а) «Менің құндылықтарым»,

б) «Отбасымның құндылықтары»

в) «Елімнің құндылықтары» деген шеңберді толтырады.

Топтар құндылықтарын бір-бірлеріне таныстырады.

Жұпта бір-біріне ұраққа жауап береді:

  • Қандай құндылықтар үш шеңберде де, кездеседі?
  • Құндылықтар жеке болуы мүмкін бе? Неге?
  • Құндылықтар адам өмірінде не үшін қажет?

Осылайша лексикалық тақырыпты болжайды.

2-тапсырма. Синонимдермен сәйкестіндіріңіз.

  • отбасы
  • жақын адам
  • жұмыс
  • жанұя
  • ақша
  • қызмет
  • туыс
  • қаражат
  • қамқорлық
  • қажет
  • ажырасу
  • ара-қатынас
  • қарым-қатынас
  • көмек
  • бала
  • некесін бұзу
  • жалғыз
  • сүйіспеншілік, махаббат
  • ойлау
  • бақытты
  • күн,
  • есептеу
  • тамақ
  • өзі ғана, біреу ғана
  • демалыс
  • азық-түлік
  • ғашықтық
  • кез, уақыт
  • қуанышты
  • ұрпақ
  • керек
  • тынығу

2-тапсырма. Мәтінді оқып, мәтіндегі асты сызылған сөздерді синонимдерімен ауыстырыңыз.

 Бір отбасының бақыты жұмысқа, ақшаға байланысты болса, екіншілерінің бақыты туыстарға, балаларға, жақсы қарым-қатынасқа байланысты болады. Бақытты отбасылар әр жерде тұрады. Әрбір отбасы үнемі қуанышты күндерде өмір сүреді деген сөз емес, әрине әр отбасында жақсы да, жаман да күндер болады.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша ең бақытты отбасылар Норвегияда, Данияда және Финляндияда тұрады. Бұл жерлерде жалақылар жақсы және үкімет азаматтарға жақсы қамқорлық жасайды. Бақытты отбасына көп ақша керек емес, бірақ олардың ақшасы тамаққа, киімге, дәріге және аздап демалысқа жету керек. Мен, әдетте, Қазақстанда адам бақытты болу үшін тұрмыста болу немесе үйленген болу керек деп естимін, ал біз Америкада олай ойламаймыз. Керісінше, біз ажырасу туралы жаман ойламаймыз. Үйлену, той жасау және ажырасу туралы, әрине, көп ойлану керек, бірақ егер бір адам жалғыз бақыттырақ болса, немесе оның жолдасы өте жаман адам болса, ажырасуға рұқсат деп ойлаймыз. Бақытты отбасында ғашықтық ең маңызды, сонымен қатар шыдам да, кешірім де керек. Отбасы бақытты болу үшін оның мүшелері меселелердің бәрін бірге шешуі керек.

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

Рефлексия мына сұрақтар негізінде жүргізіледі:

- Мен осы сабаққа дейін не білдім?

- Осы сабақ маған несімен пайдалы болды?

- Қандай мәселені әлі жақсарту керек?

Қосымша ақпарат

Дифференциация

Мүмкіндігі төмен оқушыларға мұғалім жеке нұсқаулықтар, түрткі сұрақтар беріледі, топтағы талқылаулар көмектеседі.

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Топтағы талқылауларды бақылаймын, оқушылардың маркерлеген мәтінін бақылаймын

Рефлексия кезінде ұсынған сұрақтар бойынша айтқан пікірлерінен ақпарат аламын

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Бірқатар оқушылардың өз біліміндегі ақаулары үшін алаңдамайтындай жайлы атмосфера тудыру

Оқушылар бірі біріне деген құрмет пен үйренуге ашықтық құндылықтарын дамыта алады

Слайд-презентация пайдаланылады

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу