Тогы бар түзу өткізгіштің және шарғының магнит өрiсi. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Сабақтың тақырыбы: Тогы бар түзу өткізгіштің және шарғының магнит өрiсi.

Оқу мақсаты:

– магнит өрісінің сипаттамаларын түсіндіру;

– тогы бар түзу өткізгіштің және соленоидтің айналасындағы өріс сызықтарының бағытын анықтау

Тест тапсырмалары:"Тұрақты магниттер және Жердің магнит өрісі"

1. Тұрақты магниттер мынадай заттарды тарта алады ...

А) алюминий

В) қағаз

С) темір

Д) ағаш

2. Ең көп магниттік тартылу күші болатын жер не деп аталады?

А) магнит

В) полюстері

С) осі

Д) күш сызықтары

3. Әр аттас магниттік полюстер ...

А) тартылады

В) тебіледі

С) әсерлеспейді

Д) дұрыс жауабы жоқ

4.Магнит өрісінің күш сызықтары қандай?

А) бейтарап сызықтар

В) бейберекет сызықтар

С) тұйықталған және бағытталған сызықтар

Д) дұрыс жауап жоқ.

5. Тұрақты магниттің магниттік әсері барынша білінетін жерін көрсет:

А) осі

В) центрі

С) бағыты

Д) полюсі

6. Оңтүстік полюстің шартты белгісін көрсет:

А) S В) N С) Q Д) G

7. Жердің географиялық және магниттік полюстері ....

А) сәйкес келеді

В) сәйкес келмейді

С) сәйкес келуі мүмкін, бірақ міндетті емес

Д) дұрыс жауабы жоқ

8. Жер бетінен онша тереңде жатпайтын орасан зор темір кенді не деп атайды?

А) аномалия

В) географиялық полюстер

С) магнит дауылдар

Д) географиялық ендіктер.

9. Магниттік қасиетін ұзақ сақтайтын денелер:

А)магниттер

В) электромагниттер

С) магниттік өріс

Д) магнит сызығы

Тест тапсырмалары "Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі"

1. Магниттің неше полюсі бар?

А) 2;В) 1 С) 3;D) 4. Е) шексіз көп

2.Магнит сызықтары қалай бағытталады?

А) батыстан шығып, шығысқа енеді;

В) шығыстан шығып, батысқа енеді;

С) оңтүстік полюсінен шығып, солтүстік полюсіне енеді;

D) солтүстік полюстен шығып, солтүстік полюске енеді.

Е) солтүстік полюстен шығып, оңтүстік полюске енеді

3.Электрлік және магниттік құбылыстардың арасында өзара байланыс бар екендігін кім дәлелдеді?

А) Максвелл;

В) Эрстед;

С) Ом;

D) Кулон

Е)Вольта

4. Магнит өрісін тек қандай заттар тудырады?

А) электр тогы;

В) тұрақты магниттер;

С) газдар және тұрақты магниттер;

D) электр тогы мен тұрақты магниттер.

Е)газдар мен сұйықтар

5.Түзу электр тогының магнит өрісінің бағытын қандай тәсілмен анықтауға болады?

А) сол қол ережесімен;

В) оң қол ережесімен;

С) бұрғы ережесімен;

D)сағат тіліне қарсы бағытымен

Е)ток бағытымен

6.Қарсы бағыттағы ток өтетін екі параллель өткізгіштер

А) бір – біріне әсер етпейді;

В) бір – бірінен тебіледі;

С) бір – біріне тартылады;

D) әсері білінбейді.

Е)өзара әсерлеседі

7. Тұрақты магниттер дегеніміз

А) иондардың реттелген қозғалысы;

В) магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелерді айтады;

С) магниттік қасиеттерін сақтай алмайтын денелерді айтады;

D) айнымалы токтардың магниттерін айтады.

Е)кез келген қатты денелерді айтады

8.Магнит сызықтары магнит ішінде

А) жиналады;

В) шашырайды;

С) тұйықталады;

D) болмайды.

Е)дұрыс жауабы жоқ

9. Тілшенің ортасынан өтетін және оның полюстерін қосатын түзу…

А) магнит түзуі деп аталады;

В) электр өрісі деп аталады;

С) магнит өрісі деп аталады;

D) магнит тілшесінің осі деп аталады.

Е)полюс деп аталады

10.Өткізгіштердің электр тогы мен өзара әрекеттесуі жүзеге асатын материяның түрін…

А) магнит өрісі дейміз;

В) электр өрісі дейміз;

С) электромагниттік өріс дейміз;

D) құйынды өріс дейміз.

Е)тұйық өріс дейміз

11. Қозғалыстағы электр зарядының айналасында қандай өріс болады?

А) электр өрісі

В) магнит өрісі

С) электр және магниттік өріс

Д) дұрыс жауаптары жоқ

12. Отырған оқушы жанынан мұғалім зарядталған шарды алып өтті. Олардың қайсысы осы кезде магнит өрісін, қайсысы электр өрісін байқайды?

А) мұғалім мен оқушы тек электр өрісін байқайды

В) оқушы электр және магнит өрісін, ал мұғалім электр өрісін байқайды

С) олардың екеуі де екі өрісті бірдей байайды

Д) оқушы электр өрісін, ал мұғалім магнит өрісін байқайды



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу