Тогы бар түзу өткізгіштің және шарғының магнит өрiсi. Физика, 8 сынып, қосымша материал.


Сабақтың тақырыбы: Тогы бар түзу өткізгіштің және шарғының магнит өрiсi.

Оқу мақсаты:

– магнит өрісінің сипаттамаларын түсіндіру;

– тогы бар түзу өткізгіштің және соленоидтің айналасындағы өріс сызықтарының бағытын анықтау

Теориялық материал

Эрстед тәжірибесі 

Электр тогы бар мыс өткізгіш орналасқан кеңістікте магнит тілшені қозғалысқа келтіретін күштер болатынын тәжірибе нәтижесі көрсетті.

Бірдей бағыттағы ток өтетін екі параллель өткізгіш бірін-бірі тартады, ал қарсы бағыттағы ток өтетін өткізгіштер бірін-бірі тебеді.

Электр тогы өтетін өткізгіштер арасындағы мұндай өзара әрекеттесу магниттік өзара әрекеттесу деп аталады.

Магнит өрісі деп өткізгіштердің электр тогымен өзара әрекеттесуі жүзеге асатын материяның түрін айтады.

Түзу сызықты токтың магнит өрісін табу және зерделеу үшін ұсақ темір ұнтақтарын пайдаланамыз. 

Магнит өрісінде кішкентай магнит тілшелерінің осьтерін бойлай орналасқан сызықтар магнит өрісінің сызықтары немесе магнит өрісінің күш сызықтары деп аталады.

Түзу электр тогының магнит өрісінің бағытын екі тәсілмен анықтауға болады:

1.Бұрғы ережесімен:

Егер бұрғыны токтың бағытымен қозғалта бұраса, онда бұрғы тұтқасының айналу бағыты өрістің магниттік күш сызықтарының бағытын көрсетеді. Егер өткізгішке ток бағытымен қараса, онда магниттік күш сызықтары сағат тілімен бағыттас болады. 

 Тогы бар шарғының магнит өрісі күш сызықтарының бағытын бұрғы ережесі арқылы табуға болады: егер бұрғы тұтқасын ток бағытымен айналдырса, оның ұшының қозғалысы шарғының магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын көрсетеді.

Шарғының бір ұшы –солтүстік полюс деп саналады, сол ұшқа қарап тұрған бақылаушы үшін шарғы орамындағы ток сағат тіліне қарсы бағытта ағады. Шарғының екінші жағы –оңтүстік полюс болады, бұл жерде ток орамды сағат тілі бағытымен айналып өтеді.

Тест тапсырмаларының жауаптары

” Тұрақты магниттер”

1

2

3

4

5

6

7

8

9

С

В

А

С

Д

А

В

А

С

Тест тапсырмаларының жауаптары "Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі"

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

А

Д

В

Д

С

В

В

С

Д

А

В

В



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу