Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрiсi. Тогы бар шарғының магнит өрiсi. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Сабақ тақырыбы: Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрiсi. Тогы бар шарғының магнит өрiсi

Оқу мақсаты:

– магнит өрісінің сипаттамаларын түсіндіру;

– тогы бар түзу өткізгіштің және соленоидтің айналасындағы өріс сызықтарының бағытын анықтау

Тест тапсырмалары:

1. Магнит өрісінің күш сызықтары дегеніміз-

а) оң зарядтан басталып, теріс зарядпен аяқталатын сызықтар;

б) өткізгішті қармап жатқан сызықтар;

в) магнит өрісінде кішкентай магнит тілшелердің осьтерін бойлай орналасқан сызықтар;

г) ток жүріп жатқан өткізгішпен бағыттас сызықтар; 2 .Электр өрісіне қарағанда магнит өрісінің ерекшелігі:

а) өріске енгізілген электр шамына әсер етеді;

б) жеңіл мыс сымға әсер етеді;

в) зарядталған шыны таяқшаға әсер етеді;

г) ток жүріп жатқан өткізгішке әсер етеді;

3.Магнит өрісін ... туғызады.

а) тыныштықтағы және қозғалыстағы электр зарядтары;

б) қозғалыстағы электр зарядтары;

в) тыныштықтағы электр зарядтары;

г) магниттік зарядтар

4.Магнит өрісі ... әсер етеді.

а) тыныштықтағы электр зарядтарына;

б) тыныштықтағы және қозғалыстағы электр зарядтарына;

в) магниттік зарядтарға;

г) қозғалыстағы электр зарядтарына;

5.Магнит өрісі тарапынан тогы бар өткізгішке әсер ететін күштің бағыты ... анықталады.

а) оң қол ережесімен;

б) бұрғы ережесімен;

в) сол қол ережесімен;

г) Ленц ережесімен;

6.Өткізгіш арқылы тұрақты ток жібергенде оның айналасында магнит өрісі пайда болады.

Ол қағаз бетіндегі ұсақ темір ұнтақтарының орналасуынан және магнит тілшенің бұрылуынан байқалады.Осы магнит өрісін бір жерден екінші жерге көшіруге болады?

а) темір ұнтақтарын көшіру арқылы;

б) магнитті көшіру арқылы;

в) тогы бар өткізгішті көшіру арқылы;

г) оны күшті электромагниттің көмегімен тарту арқылы;

7. Төменде келтірілген құралдардың қайсысында электромагнит қолданылады?

а) микроскоп;

б) динамик;

в) электр үтігі;

г) электр қоңырауы;

д) электроскоп.

8.Тогы бар шарғының магнит өрісін күшейту үшін:

1) ток күшін арттыру; 2) орам сандарын арттыру; 3) шарғы ішіне темір өзекше енгізу;

а) тек 1;

б) тек 2;

в) тек 3;

г) 1,2,3;

9. Компас тогы бар өткізгіштің жанында орналасқан.Егер өткізгіштегі токтың бағытын өзгертсе, магнит тілше қандай өзгеріске ұшырайды?

а) тілше бір айналым жасап, тоқтайды;

б) тілше айнала бастайды және тоқтамайды;

в) тілше шамамен 180ºС-қа бұрылады;

г) тілшемен еш өзгеріс болмайды;

10. Параллель орналасқан екі түзу өткізгіш арқылы қарама-қарсы бағытта ток жібергенде:

а) өткізгіштер бір-біріне тартылады;

б) өткізгіштер бір-бірінен тебіледі;

в) өткізгіштерде еш өзгеріс болмайды;

г) өткізгіштер созылады; 11. Магнит өрісінде орналасқан өткізгіштегі токтың бағытын өзгерту үшін ... қажет.

а) өткізгіштегі ток күшін арттыру;

б) өткізгіштегі ток күшін кеміту;

в) магниттің полюстерінің орнын ауыстыру;

г) өзгерту мүмкін емес;



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу