алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

№ 1 зертханалық жұмыс.«Өткізгіштерді тізбектей қосуды зерделеу» Физика, 8 сынып, презентация.


5 зертханалық жұмыс. «Өткізгіштерді тізбектей қосуды зерделеу»

Қайталау сұрақтары:

Амперметр тізбекке қалай жалғанады?

Кернеудің өлшем бірлігі не?

Ом заңының формуласы?

Кернеуді өлшейтін құрал?

Вольтметр тізбекке қалай жалғанады?

Тоқ күшінің өлшем бірлігі?

Оқу мақсаттары:

өткізгіштерді тізбектей жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы алу;

оқушылардың өткізгіштерді тізбектей жалғауды сипаттай алу дағдыларын дамыту:

«Өткізгіштерді тізбектей қосуды зерделеу»

Бағалау критерийлері:

Өткізгіштерді тізбектей жалғай алады.

Тізбектей жалғау заңдылықтарын тексере алады.

Тізбектей жалғау кезінде ток күштері бірдей екенін біледі.

Тізбектегі жалпы кернеу оның жеке бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болатынын, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұратынын түсінеді.

Салыстырмалы қателікті есептей біледі.

№5 Зертханалық жұмыс

«Өткізгіштерді тізбектей қосуды зерделеу»

Бұл зертханалық жұмыста оқушылар өткізгіштерді тізбектей жалғауды үйренеді.

Жұмыстың мақсаты: тәжірибе барысында тізбек құрастыра отырып, өткізгіштерді тізбектеп жалғауды зерттеу.

Құрал-жабдықтар: ток көзi, кiлт, екi сым резистор, амперметр, вольтметрлер, жалғағыш сымдар.

Қорытынды:

Барлық өткізгіштердегі ток күші бірдей, жалпы кернеу жеке өткізгіштердің кернеулерінің қосындысына тең, ал жалпы кедергі жеке өткізгіштердің кедергілерінің қосындысына өлшеу қателігімен есептегенде тең болды.

Рефлексия

«Таңдау» әдісінде 3 пікір жазылған парақ беріледі.

1.Мен сабақ қызықты, қызықсыз болды деп ойлаймын.

2. Мен сабақта: көп нәрсені, үйрендім, үйренгенім аз болды.

3. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын,  риза емеспін.

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен  ынтасын білдіретін  сөздердің  астын сызады.

Үй жұмысы

Өткізгіштерді тізбектей жалғауға есептер шығару.

Кедергілері 30 Ом және 60 Ом болатын резисторлар ток көзіне тізбектей жалғанған. Бірінші резистордің кернеуі 3 В. Екінші резистордағы кернеу нешеге тең?

Кедергілері 2 Ом және 3 Ом болатын резисторлар тұрақты 15 В кернеуі бар ток көзіне тізбектей жалғанған. Тізбектегі ток күшін табыңыз.

Екі резистор тізбектей жалғанған. Кедергісі 5 Ом болатын резистордағы кернеу 10 В –қа тең. Екінші резистордағы кернеу 20 В-қа тең.Екінші резистордың кедергісі неге тең?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы