№ 1 зертханалық жұмыс.«Өткізгіштерді тізбектей қосуды зерделеу» Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Оқу мақсаты:

  • өткізгіштерді тізбектей жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы алу;

5 Зертханалық жұмыс

«Өткізгіштерді тізбектей қосуды зерделеу»

Бұл зертханалық жұмыста оқушылар өткізгіштерді тізбектей жалғауды үйренеді.

Жұмыстың мақсаты: тәжірибе барысында тізбек құрастыра отырып, өткізгіштерді тізбектеп жалғауды зерттеу

Құрал-жабдықтар: ток көзi, кiлт, екi сым резистор, амперметр, вольтметр, жалғағыш сымдар.

Жұмыс барысы:

1) Сурет бойынша тізбекті құрастырыңдар.

2) Амперметрді резистор мен қорек көзінің арасына қасыңдар. Резисторларды тізбектеп бірінен соң, бірін қосыңдар.

3) Ток көзінде 9B кернеуді орнатып, жүйеге қосыңдар. Кілтті тұйықтаңдар. Амперметрдің көрсетулерін жазып алындар

І₁=____А

4) Вольтметрді алдымен бірінші резисторға қосып, кернеудің мәнін өлшеңдер. Содан соң вольтметрді екінші резисторға қосып, кернеудің мәнін өлшеңдер. Вольтметрді бір мезгілде резисторларға қосып, оның корсетулерін алыңдар.

U₁= ___B U₂=___B Uж=___B

5) Екі резистордағы кернеуді келесі формула бойынша есептеңдер:

Uжал есеп=U₁+ U₂ Uжал есеп=___B

Вольтметр көрсетулерін кернеудің есептелген мәнімен салыстырыңдар.

Uжал есеп < Uж

6) Тізбек бөлігіндегі жалпы кедергіні келесі формула бойынша есептеңдер:

7) Өлшеулер нәтижесін кестеге жазыңдар.

U₁, В

U₂, В

Uжал есеп

Іжал

Rжал

Қорытынды: ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Үй жұмысы

Өткізгіштерді тізбектей жалғауға есептер шығару.

  • Кедергілері 30 Ом және 60 Ом болатын резисторлар ток көзіне тізбектей жалғанған. Бірінші резистордің кернеуі 3 В. Екінші резистордағы кернеу нешеге тең?
  • Кедергілері 2 Ом және 3 Ом болатын резисторлар тұрақты 15 В кернеуі бар ток көзіне тізбектей жалғанған. Тізбектегі ток күшін табыңыз.
  • Екі резистор тізбектей жалғанған. Кедергісі 5 Ом болатын резистордағы кернеу 10 В –қа тең. Екінші резистордағы кернеу 20 В-қа тең.Екінші резистордың кедергісі неге тең?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу