№ 1 зертханалық жұмыс.«Өткізгіштерді тізбектей қосуды зерделеу». Физика, 8 сынып, қосымша материал.


Жұмыстың тақырыбы: «Өткізгіштерді тізбектей қосуды зерделеу»

Оқу мақсаты:

  • өткізгіштерді тізбектей жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы алу;физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау.

Ауызша сұрақтар

  •  Амперметр тізбекке қалай жалғанады?
  •  Кернеудің өлшем бірлігі не?
  •  Ом заңының формуласы?
  •  Кернеуді өлшейтін құрал?
  •  Вольтметр тізбекке қалай жалғанады?
  • Ток күшінің өлшем бірлігі?

Тест жұмысы

1) Өткізгіштегі электр тогы деп ... реттелген қозғалысын айтамыз.

А) оң иондардың В) теріс иондардың

С) электрондардың Д) оң және теріс иондардың

2) Ток күшін өлшейтін құралды көрсет.

А) Вольтметр В) Ваттметр С) Амперметр Д) Реостат

3) Шырша шамының қыл сымының ток күші 0,2 А. 30 с аралығында қанша заряд өтеді?

А) 0,007 Кл В) 0,12 Кл С) 6 Кл Д) 150 Кл

4) Өткізгіштің көлденең қимасынан 2 минутта 60 мкКл электр мөлшері өтетін болса, ондағы ток күші:

А) 0,5* А В) 3* А С) 0,6* А Д) 2* А

Тест жауаптары: 1)С 2) С 3) С 4) А

Теориялық материал

  • Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды.
  • Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері бірдей, тізбектегі жалпы кернеу оның жеке бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады:

I1=I2=I3=…=;

U=U1+U2+U3+…+ ;

R=R1+R2+R3+…+.

Мұғалімдер үшін əдістемелік ұсыныстар

№5 Зертханалық жұмыс «Өткізгіштерді тізбектей қосуды зерделеу»

Жұмыстың мақсаты: тәжірибе барысында тізбек құрастыра отырып,өткізгіштерді тізбектеп жалғауды зерттеу

Құрал-жабдықтар: ток көзi, кiлт, екi сым резистор, амперметр, 3 вольтметр, жалғағыш сымдар.

Жұмыс барысы:

1) Сурет бойынша тізбекті құрастырыңдар.

2) Амперметрді резистор мен қорек көзінің арасына қасыңдар. Резисторларды тізбектеп бірінен соң, бірін қосыңдар.

3) Ток көзінде 9B кернеуді орнатып, жүйеге қосыңдар. Кілтті тұйықтаңдар. Амперметрдің көрсетулерін жазып алындар

І₁=0,11А

4) Вольтметрді алдымен бірінші резисторға қосып, кернеудің мәнін өлшеңдер. Содан соң вольтметрді екінші резисторға қосып, кернеудің мәнін өлшеңдер. Вольтметрді бір мезгілде резисторларға қосып, оның корсетулерін алыңдар.

U₁=5B U₂=9,5B Uж=15B

5) Екі резистордағы кернеуді келесі формула бойынша есептеңдер:

Uжал есеп=U₁+ U₂ Uжал есеп=14,5B

Вольтметр көрсетулерін кернеудің есептелген мәнімен салыстырыңдар.

Uжал есеп < Uж

6) Тізбек бөлігіндегі жалпы кедергіні келесі формула бойынша есептеңдер:

Rжал=131,81 Ом

Rжал = R₁+ R₂

Rжал=131,81Ом

7)Өлшеулер нәтижесін кестеге жазыңдар.

U₁, В

U₂, В

Uжал есеп

Іжал

Rжал

5

9,5

14,5

0,11

131,81

6,9

12,5

0,5

16,48

Қорытынды:барлық өткізгіштердегі ток күші бірдей, жалпы кернеу жеке өткізгіштердің кернеулерінің қосындысына, ал жалпы кедергі жеке өткізгіштердің кедергілерінің қосындысына өлшеу қателігімен есептегенде тең болды.

Үй жұмысы жауабы

Үй жұмысы жауабы

1

6 В

2

3 А

3

10 Ом



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу