Зертханалық жұмыс №5 « Өткізгіштерді тізбектей жалғауды зерттеу». Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Мұғалім үшін әдістемелік көмек

 Егер өткізгіштер тізбектей жалғанса, онда олардағы ток күші бірдей болады.

 Тізбек бөлігіндегі кернеу әрбір өткізгішке түскен кернеулердіӊ қосындысына теӊ болады.

 Егер тізбектегі өткізгіштер тізбектей жалғанса, онда тізбектіӊ жалпы кедергісі тізбектегі өткізгіштердіӊ кедергілерініӊ қосындысына теӊ.

 

Егер кедергісі r болған n кедергі тізбектей жалғанса, онда тізбектіӊ жалпы кедергісі:

 Тізбектей жалғанған өткізгіштерде кедергісі үлкен болған өткізгіште кернеудіӊ түсуі үлкен болады.

№ 5 Зертханалық жұмыс.«Өткiзгiштердi тiзбектей қосуды зерделеу»

1-тапсырма.

(а) Келесі тізбекті жинаңдар.

(і) Бұл тізбек келесі элементтерден тұрады: екі шам , амперметр, кілт және ток көзі

(ii) Бұл тізбектегі шамдар өзара тізбектей жалғанған.

2-тапсырма. Берілген тізбекке вольтметрді үш түрлі тәсілмен жалғаңдар және кернеулерді өлшеңдер.

1- сурет 2 -сурет 3 -сурет

Кернеуді өлшеп, вольтметр көрсетуін жаз:

(і) Бірінші шам кернеуі U1=__2 В__

(іі) Екінші шам кернеуі U2=__2В__

(іі) Қос шамдағы кернеу U=__4В_

Кернеулер қатынасы бойынша қорытынды жасап, бос орындарды толтырыңдар:

жалғану кезінде тізбектегі жалпы кернеу , тізбектің жеке бөліктеріндегі кернеулердіңтең:

U = U1 + U2 (араларына «+ , - , = » таңбаларын қойыңдар)

3-тапсырма. Берілген тізбекке амперметрді жалғау тәсілін пайдаланып, амперметрді үш түрлі тәсілмен жалғаңдар және тізбек бөлігіндегі ток күшін өлшеңдер.

1-сурет 2-сурет 3-сурет

(і) Бірінші шамдағы ток күші: I1 = 0,1А

(іі) Екінші шамдағы ток күші: I2 = 0,1А

(ііі) Қос шамдағы жалпы ток күші: I = 0,1А

Ток күштерінің қатынасы бойынша қорытынды жасап, бос орындарды толтырыңдар:

жалғану кезінде тізбектің жалпы ток күші тізбектің кез келген бөлігіндегі ток күшіне

I = I1 = I2 (араларына «+ , - , = » таңбаларын қой)

4-тапсырма. Осы тізбек үшін әр шамдағы ток күші мен кернеуді біле отыра, шамдардағы кедергіні есептеңдер.

(і) Ом заңын пайдаланып, кедергі формуласын жазыңдар

R=U/I

(іі) Әр шам кедергісін және жалпы кедергінің формуласын жазып, мәндерін есептеңдер.

1-шам кедергісі: R1=20 Ом

2-шам кедергісі: R2=20 Ом

Жалпы кедергісі: Rж= 40 Ом



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу