Зертханалық жұмыс №5 « Өткізгіштерді тізбектей жалғауды зерттеу». Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тұрақты электр тогы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Зертханалық жұмыс №5 « Өткізгіштерді тізбектей жалғауды зерттеу».

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.9 – өткізгіштерді тізбектей жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы алу;

8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау

Сабақ мақсаттары

- Эксперимент арқылы өткізгіштерді тізбектей жалғаудың заңдылықтарын алу;

- Физика кабинетінде қауіпсіздік техника ережесін білу және сақтау.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

- Резисторларды тізбектеп жалғау сұлбасын жинайды;

- Эксперимент арқылы өткізгіштерді тізбектей жалғаудың заңдылықтарын алады;

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Электр тогы – электрический ток - electric current

Ток көздері – источники тока - current source

Ток күші – сила тока - amperage

Кернеу - напряжение - voltage

Амперметр- ammeter

Вольтметр- voltmeter

Кедергі – сопротивление- resistance

Тізбектей жалғану-последовательное соединение - series combination

Параллель жалғану-параллельное соединение - parallel combination

Ом заңы- Закон Ома - Ohm's law

Омметр - ommeter

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

 Тізбек бөлігіндегі ток күші – осы бөліктіӊ ұштарындағы кернеуге тура пропорционал өткізгіштіӊ кедергісіне кері пропорционал.

 Кедергініӊ 1 Ом бірлігіне ұштарындағы кернеу 1 В болғанда, бойымен 1 А ток өтетін өткізгіштіӊ кедергісі қабылданған.

 Параллель жалғану кезінде.....

Тізбектей жалғану кезінде....

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу және ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту.

Пәнаралық байланыстар

Есептеулер жүргізуде математкика пәнімен байланыс.

Бастапқы білім

Электр тізбегі. Тізбектегі ток күші мен кернеу және оларды өлшеу, тізбек бөлігі үшін Ом заңы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7 мин

7-10 мин

  •  Оқушылар өздік жұмыс жұмыс орындау барысында Ом заңының формуласын және өткізгіш кедергісі неге тәуелді болатындығын еске түсіреді.
  • Спираль көлденең қимасы S = 1 мм2 нихром сымнан жасалған. Ток күші I = 0,6 А болғанда спиральдағы кернеу U = 15 В болса, бұл сымның ұзындығы қандай? Нихромның меншікті кедергісі 110∙10-8 Ом∙м.

Жауабы (23 м)

Есептің жауабын бірін-бірі және мұғалім жауабымен салыстыру арқылы тексереді.

2) Ой қозғау. Егер кедергісі бар бірнеше өткізгіштер болса, тізбекте қандай құбылыс байқалуы мүмкін?

Оқушылар тапсырманы топта орындайды.

Әр оқушыға үш түтікшеден таратылады. Алдымен олар бір түтікшеге үрлейді. Содан соң оқушылар оларды бір-біріне жалғап, үрлейді. Кейін бөліп, үш түтікті қатарынан аузына салып үрлейді.

Содан соң жүргізілген эксперимент бойынша қорытынды жасайды.

Күтілетін нәтиже: тізбектей жалғанған үш түтікке үрлеу, біреуге үрлегеннен қиынырақ. Ал үш параллель түтікке үрлеу, біреуге үрлегеннен оңайырақ. Осыдан қорытынды: бұл түтіктердің кедергісі оларды жалғау тәсіліне тәуелді.

Мұғалім оқушылардың ойларын сабақ тақырыбымен байланыстырады.

  • Мұғалім сабақ тақырыбы мен мақсатын таныстырады «Өткізгіштерді тізбектей жалғау»

Оқушылармен бірге бағалау критерийлерін құрайды:

- резисторларды тізбектей жалғау сызбасын жинайды;

- эксперимент арқылы өткізгіштерді тізбектей жалғаудың заңдылықтарын алады;

Сабақ

тың ортасы

10-35 мин

  • Оқушылар зерттеушілік дағдысын дамыту мақсатында жұпта зертханалық жұмыс " Өткізгіштерді тізбектей жалғауды зерттеу " орындайды.

Дескриптор:

- Шамдарды тізбектеп жалғау сызбасы бойынша жинайды;

- Амперметрді тізбекке дұрыс жалғайды;

- Эксперимент арқылы өткізгіштерді тізбектей жалғаудың заңдылықтарын алады.

1-тапсырма.

(а) Келесі тізбекті жинаңдар.

(і) Бұл тізбек келесі элементтерден тұрады: ____________________________

(ii) Бұл тізбектегі шамдар өзара ________________ жалғанған.

2-тапсырма. Берілген тізбекке вольтметрді үш түрлі тәсілмен жалғаудың сызбаларын сызыңдар және кернеулерді өлшеңдер.

Оқушылар вольтметрді жалғау тәсілінің ережесін пайдаланып, тізбек құрады, сызбасын дәптерге сызады және жауабын алғаннан кейін тақтадағы сызбамен тексереді.

1- сурет 2 -сурет 3 -сурет

Кернеуді өлшеп, вольтметр көрсетуін жазыңдар:

(і) Бірінші шам кернеуі U1=____

(іі) Екінші шам кернеуі U2=____

(іі) Қос шамдағы кернеу U=___

Кернеулер қатынасы бойынша қорытынды жасап, бос орындарды толтырыңдар:

_____________ жалғану кезінде тізбектегі жалпы кернеу , тізбектің жеке бөліктеріндегі кернеулердің_____________ тең:

U U1 U2 (араларына «+ , - , = » таңбаларын қойыңдар)

3-тапсырма. Берілген тізбекке амперметрді жалғау тәсілін пайдаланып, амперметрді үш түрлі тәсілмен жалғап, тізбек бөлігіндегі ток күшін өлшейді. Содан кейін тақтаға төмендегі сызба ұсынылады және оқушылармен басқада жалғану тәсілін бар екендігіне талдау жасалады.

1-сурет 2-сурет 3-сурет

(і) Бірінші шамдағы ток күші: I1 =

(іі) Екінші шамдағы ток күші: I2 =

(ііі) Қос шамдағы жалпы ток күші: I =

Ток күштерінің қатынасы бойынша қорытынды жасап, бос орындарды толтырыңдар:

_____________ жалғану кезінде тізбектің жалпы ток күші тізбектің кез келген бөлігіндегі ток күшіне__________

I I1 I2 (араларына «+ , - , = » таңбаларын қойыңдар)

4-тапсырма. Осы тізбек үшін әр шамдағы ток күші мен кернеуді біле отыра, шамдардағы кедергіні есептеңдер.

(і) Ом заңын пайдаланып, кедергі формуласын жазыңдар

R=

(іі) Әр шам және қос шам үшін кедергі формуласын жазып, мәндерін есептеңдер.

1-шам кедергісі: R1=

2-шам кедергісі: R2=

Қос шамның жалпы кедергісі: Rж=

Кедергілер қатынасы бойынша бос орындарды толтырып, қорытынды жасаңдар

_____________ жалғану кезінде тізбектегі жалпы кедергі тізбектегі әр кедергілердің____________тең:

R R1 R2 (араларына «+ , - , = » таңбаларын қой)

Оқушылар бірін-бірі тексереді және бір-біріне кері байланыс жасайды

Құралдар: ампер метр, 2 шам, вольтметр, ток көзі, кілт

Слайд 3

Слайд 4

Сабақ

тың соңы

35-40 мин

Рефлексия:

-Не білдім, нені үйрендім

  • -Не түсініксіз қалды
  • - Немен жұмыс жасау қажет

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар жоғары деңгейлі есептерді

шығарады

Барлық оқушылар:

- Резисторларды тізбектей жалғау сызбасын жинайды;

- Эксперимент арқылы өткізгіштерді тізбектей жалғаудың заңдылықтарын алады;

Оқушылардың көбі:

  • есеп шығару алгоритмін дұрыс орындайды.

Кейбір оқушылар:

  • қиындығы жоғары есепті шығаруда сызба бойынша түрлендіру жүрізе алады және анализ жасайды

Сабақ барысында есептер шығару бойынша, жұптық жұмыс кезінде оқушылар бірін-бірі бағалайды, өзін- өзі бағалайды және жалпы сабақ барысында мұғалім кері байланыс арқылы бағалау жүргізеді.

Электр құралдарымен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесін сақтау.

Оқушылар жұмысының қызмет түрінің ауысуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу