Зертханалық жұмыс №6 Өткізгіштерді аралас жалғауды оқып- үйрену. Физика, 10 сынып, қосымша материал 2.


Өткізгіштерді электр тізбегіне тізбектей және параллель жалғау

Өткізгіштерді тізбектей жалғауда ток күші барлық өткізгіштерде бірдей болады:

I1 = I2 = I.

Ом заңы бойынша

кернеу кернеу U1 және U2 мынаған тең болады:

U1 = IR1,   U2 = IR2.

Жалпы кернеу әрбір өткізгіштің ұштарындағы кернеудің түсуінің қосындысына тең болады:

U = U1 + U2 = I(R1 + R2) = IR,

Мұндағы R – электрлік кернеу, осыдан

R = R1 + R2.

Өткізгіштерді тізбектей жалғауда жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергісінің қосындысына тең болады.

Өткізгіштерді параллель жалғауда әрбір өткізгіштің ұштарындағы кернеу тең болады:

U1 = U2 = U.

Екі өткізгіштегі I1 + I2 ток күштерінің қосындысы тармақталмаған тізбектегі ток күшіне тең:

I = I1 + I2.

Бұдан, тармақталған токтар түйінде зарядтар жиналмайды, мысалы: A түінде Δt уақытта заряд IΔt, ал түйіннен дәл осы уақытта  I1Δt + I2Δt заряд өтеді, осыдан I = I1 + I2. Ом заңынан  

Мұндағы R – электрлік кернеу:

Өткізгіштерді параллель жалғауда жалпы кедергінің кері шамасы әрбір өткізгіштің кері шамаларының қосындысына тең болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу