№ 1 зертханалық жұмыс.«Өткізгіштерді тізбектей қосуды зерделеу». Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар

Тұрақты электр тогы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

№ 1 зертханалық жұмыс.«Өткізгіштерді тізбектей қосуды зерделеу»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.9– өткізгіштерді тізбектей жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы алу;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар білуі тиіс:

  • оқушылардың өткізгіштерді тізбектей жалғауды сипаттай алу дағдыларын дамыту:
  • Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері бірдей, тізбектегі жалпы кернеу оның жеке бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болатынын, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұратынын түсіндіру;
  • физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау.

Бағалау

критерийлері

  • Өткізгіштерді тізбектей жалғай алады.
  • Тізбектей жалғау заңдылықтарын тексере алады.
  • Тізбектей жалғау кезінде ток күштері бірдей екенін біледі.
  • Тізбектегі жалпы кернеу оның жеке бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болатынын, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұратынын түсінеді;
  • Салыстырмалы қателікті есептей біледі.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар білуі тиіс:

Оқушылар электр тізбегіндегі элементтер туралы ауызша айта біледі және олардың қолданылуларын салыстыра алады,бір-бірінен ажырата алады. Олардың өлшеу қателіктерін анықтай алады;

Пәнге тән лексика мен терминология: Тұрақты ток, амперметр, вольтметр, Ом заңы, ток күші, кернеу, кедергі.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Берілген схема бойынша…..... 

Тізбектей жалғау деп......

Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері.........

 Құндылықтарды

 дарыту

 

 

Бұл сабақ жұпта жұмыс жасай алу, ұйымшылдық, ынтымақтастық және жауапкершілік құндылықтарын дамытуға бағытталған.

Орташа қабілетті оқушыларға қолдау көрсету, жұпта жұмыс істеу ережесін белгілеу арқылы құндылықтарды дарыту жүзеге асырылады.

Жұпқа бөлгенде оқушылардың деңгейлерін ескере отырып бөлу. Қабілеті жоғары оқушылар орта деңгейдегі оқушыға түсіндіретіндей жағдай жасау арқылы жақсы қарым-қатынас құндылықтарын жүзеге асыру. Игерген білімдерін өмірде қолдану.

Тәжірибе жасау барысында қауіпсіздік ережесін қатаң сақтау керектігін жеткізу.

 Пәнаралық

 байланыстар

Өлшеу нәтижелерінің мәндерін калькулятордың көмегімен дұрыс есептей білу, салыстырмалы қателікті есептеу және математикалық есептеулер жүргізу.

Бастапқы білім

Кедергі, ток күші, кернеу, заряд ұғымдары

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

3-5 мин

5-6 мин

І. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу.Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді.

1. Ауызша сұрау (тақырып мазмұны).

Доп лақтыру әдісі.Доп лақтыру арқылы мұғалім оқушыларға төмендегі сұрақтарды қояды. Оқушылар жылдам жауап қайтарады.

  •  Амперметр тізбекке қалай жалғанады?
  •  Кернеудіңөлшембірлігі не?
  •  Ом заңыныңформуласы?
  •  Кернеудіөлшейтінқұрал?
  •  Вольтметр тізбеккеқалайжалғанады?
  • Токкүшініңөлшембірлігі?

2. Тест жұмысы.

1)Өткізгіштегі электр тогы деп ... реттелген қозғалысын айтамыз.

А) оң иондардың В) теріс иондардың

С) электрондардың Д) оң және теріс иондардың

2) Ток күшін өлшейтін құралды көрсет.

А) Вольтметр В) Ваттметр С) Амперметр Д) Реостат

3) Шырша шамының қыл сымының ток күші 0,2 А.

30 с аралығында қанша заряд өтеді?

А) 0,007 Кл В) 0,12 Кл С) 6 Кл Д) 150 Кл

4) Өткізгіштің көлденең қимасынан 2 минутта 60 мкКл электр мөлшері өтетін болса, ондағы ток күші:

А) 0,5* А В) 3* А С) 0,6* А Д) 2* А

2. Ой қозғау. Мағынаны тану кезеңі. «Не білгім келеді?» Сабаққа оқушылардың назарын аудару. Даптерлерімізді ашып бүгінгі күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазайық.

3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:өткізгіштерді тізбектей жалғауды сипаттай алу дағдыларын дамыту.

Сабақтың ортасы

6-36 мин

4.Сабақты бекіту.Оқушылар жұппен зертханалық жұмыс орындайды. «Өткізгіштерді тізбектей қосуды зерделеу».Оқушыларөздері берілгенсызбабойыншаэлектртізбегінқұрастырады.

Бағалау критерийлері:

  • Өткізгіштерді тізбектей жалғай алады.
  • Тізбектей жалғау заңдылықтарын тексере алады.
  • Тізбектей жалғау кезінде ток күштері бірдей екенін біледі.
  • Тізбектегі жалпы кернеу оның жеке бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болатынын, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұратынын түсінеді;
  • Салыстырмалы қателікті есептей біледі.

Тапсырманы аяқтаған соң оқушылардың жауаптарына қарай кері байланыс ұйымдастырылады.Оқушылар электр тізбегіндегі элементтер туралы ауызша айтып, олардың қолданылуларын салыстырып,бір-бірінен ажыратуы тиіс.

Таратпа материал

Амперметр, вольтметр, ток көзі, кілт, жалғағыш сымдар, резисторлар.

Қосымша1

Сабақтың соңы

36-40 мин

5. Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады.

«Таңдау» әдісінде 3 пікір жазылған парақ беріледі.

1.Мен сабақ қызықты, қызықсыз болды деп ойлаймын.

2. Мен сабақта: көп нәрсені, үйрендім, үйренгенім аз болды.

3. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын,  риза емеспін.

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен  ынтасын білдіретін  сөздердің  астын сызады.

Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

6. Үйге тапсырма:

Өткізгіштерді тізбектей жалғауға есептер шығару.

  • Кедергілері 30 Ом және 60 Ом болатын резисторлар ток көзіне тізбектей жалғанған. Бірінші резистордің кернеуі 3 В. Екінші резистордағы кернеу нешеге тең?
  • Кедергілері 2 Ом және 3 Ом болатын резисторлар тұрақты 15 В кернеуі бар ток көзіне тізбектей жалғанған. Тізбектегі ток күшін табыңыз.
  • Екі резистор тізбектей жалғанған. Кедергісі 5 Ом болатын резистордағы кернеу 10 В –қа тең. Екінші резистордағы кернеу 20 В-қа тең.Екінші резистордың кедергісі неге тең?

Қосымша 2

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың жұмысын сырттай бақылау. Орташа қабілетті оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою арқылы бағыт беру.

Оқушылардың материалды меңгергендіктерін сұрақтар қою арқылы тексеру.

Зертханалық жұмыстың орындалуынбағалау критерийлері арқылы тексеру.

Зертханалық жұмыс жасау барысындатехника қауіпсіздік ережелерін сақтауТок көзін, сымдарды қолдану барысында өте мұқият болу.

Сабақбойыншарефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұлбөлімді сабақтуралыөзпікіріңіздібілдіруүшінпайдаланыңыз. Өзсабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз.

Жалпыбаға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқытутуралыда, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Үй жұмысы жауабы

1 есеп

6 В

2 есеп

3 А

3 есеп

10 Ом



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу