№ 6 зертханалық жұмыс. «Өткiзгiштердi параллель қосуды зерделеу». Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар

Тұрақты электр тогы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

№ 6 зертханалық жұмыс. «Өткiзгiштердi параллель қосуды зерделеу»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.10 – өткізгіштерді параллель жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау;

 Сабақ мақсаттары

  • Электр тізбегінің сызбанұсқасында қолданылатын шартты белгілерді білу;
  • Өткізгіштерді параллель жалғауды білу;
  • Амперметр мен вольтметрдің тізбекке қалай жалғанатынын білу;
  • Өткізгіштерді параллель жалғағанда тізбектің барлық бөлігіндегі кернеуді анықтау;
  • Өткізгіштерді параллель жалғағанда тізбектің жалпы ток күшін анықтау;
  • Өткізгіштерді параллель жалғағанда жалпы кедергіні анықтау.

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

  • Электр тізбегінің сызбанұсқасында қолданылатын шартты белгілерді біледі;
  • Өткізгіштерді параллель жалғауды біледі;
  • Амперметр мен вольтметрдің тізбекке қалай жалғанатынын біледі;
  • Өткізгіштерді параллель жалғағанда тізбектің барлық бөлігіндегі кернеуді анықтай алады;
  • Өткізгіштерді параллель жалғағанда тізбектің жалпы ток күшін анықтай алады;
  • Өткізгіштерді параллель жалғағанда жалпы кедергіні анықтай алады.

 

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

- электр тізбегіндегі элементтер туралы ауызша айтады және олардың қолданылуларын салыстырып, түсіндіреді;

- өлшеу нәтижелеріне өзара талдау жасайды;

-тізбектердің жалғану түрлерін сипаттайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

электр тізбегі, шам, батарейка, аккумулятор, жалғағыш сым, диод, кілт, резистор, балқымалы сақтандырғыштар, зуммерлер, жартылайөткізгіш, диод, ток, ампер (А), амперметр, потенциалдар айырымы, кернеу, вольт, вольтметр, кедергі, ом (Ω), тізбектей, параллель 

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Егер өткізгіштер параллель жалғанса, онда ........ мәні бірдей болады.

Өткізгіштерді ........ жалғау кезінде олардың ұшына түсірілген ...... ....... мәні тең болады.

Өткізгіштер параллель жалғанса, жалпы ...... әр өткізгіш ......... қосындысына тең болады.

Өткізгіштер ....... жалғанса, тізбектің кедергісі ....... (артады, кемиді)

 Құндылықтарды

 дарыту

 

 

Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жұмыстануға үйрету);

Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру;

Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру;

Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.

 Пәнаралық

 байланыстар

Математика. (Өлшеу нәтижелерінің мәндерін инженерлік калькулятордың көмегімен дұрыс есептей білу, теңдеуді шешу, сандарды жуықтауды дұрыс орындау)

Бастапқы білім

Электр тізбегі. Тізбектегі ток күші мен кернеу және оларды өлшеу, тізбек бөлігі үшін Ом заңы.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

2-5 мин

5-6 мин

1.Ұйымдастыру

    • Оқушыларды түгендеу
    • Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу (интербелсенді тақтаны қолдану немесе жұпқа бір ноутбук қолдану).

Оқушылар «Сәйкесін табу» жұмысын орындайды.

2.Ой қозғау. Үйдегі, мектеп кабинеттеріндегі жарық шамдары қалай жалғанған?

Оқушылардан ауызша болжам жасауларын сұрайды.

3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады.

Өткізгіштерді параллель жалғаудың заңдылықтарын эксперимент арқылы анықтау. 

Слайд 1,2

Сәйкесін табу

http://learningapps.org/display?v=p1bs7kmnn01

Слайд 3

Слайд 4,5

Сабақтың ортасы

6-36 мин

4. Жаңа сабақ. Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен таныстырады, зертханалық жұмысты орындауға кіріседі.

Жұппен жұмыс.

Оқушылар жұппен зертханалық жұмысты орындайды. «Өткiзгiштердi параллель қосуды зерделеу»

Бағалау критерийлері:

  • Электр тізбегінің сызбанұсқасында қолданылатын шартты белгілерді біледі;
  • Өткізгіштерді параллель жалғауды біледі;
  • Амперметр мен вольтметрдің тізбекке қалай жалғанатынын біледі;
  • Өткізгіштерді параллель жалғағанда тізбектің барлық бөлігіндегі кернеуді анықтай алады;
  • Өткізгіштерді параллель жалғағанда тізбектің жалпы ток күшін анықтай алады;
  • Өткізгіштерді параллель жалғағанда жалпы кедергіні анықтай алады.

Оқушылар зертханалық жұмысты орындап болғаннан кейін, өздерінің зерттеулеріне қорытынды жасайды.

Тапсырманы аяқтаған соң оқушылардың жауаптарына қарай кері байланыс ұйымдастырылады.

Слайд 6

Құрал-жабдықтар:

Ток көзі, амперметр, вольтметр, кілт, шам, жалғағыш сымдар

Слайд 7

Қосымша1

Сабақтың соңы

36-40 мин

5. Рефлексия

Сабақ соңында оқушылар рефлексия парағын толтырады немесе ауызша айтады.

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмыстыжалғастыру қажет

6. Үйге тапсырма:

Л.Э.Генденштейн, Л.А. Кирик, И.М.Гельфгат физика 8 сынып есептер жинағынан № 16.15, 16.31 есептерді шығару

Слайд 8

Л.Э.Генденштейн, Л.А. Кирик, И.М.Гельфгат физика 8 сынып есептер жинағы

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың жұмысын сырттай бақылау. Орташа қабілетті оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою арқылы бағыт беру.

Оқушылардың материалды меңгергендіктерін сұрақтар қою арқылы тексеру.

Зертханалық жұмыстың орындалуын бағалау критерийлері арқылы тексеру.

Зертханалық жұмыс жасау барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімд ісабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Үй жұмысы жауабы

№ 16.15

3мА, 6В, 9В

№ 16.31

I1=I5=0,2 A

I3=0,15A

I2=I4=I6=0,05A



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу