Жылу процестерінің қайтымсыздығы. Термодинамиканың екінші заңы. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Термодинамика негіздері

Мектеп: Астана қ. ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Уазырханов М.К.

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жылу процестерінің қайтымсыздығы. Термодинамиканың екінші заңы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.18 – термодинамиканың екінші заңын түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

  • Қайтымды процестердің жүруінің қажетті шарттарын айта алу;
  • Қайтымды және қайтымсыз процестерді ажырата алу;
  • Қайтымды және қайтымсыз процестерге мысалдар келтіре алу;
  • Термодинамиканың екінші бастамасының физикалық мәнін айта алу.

Бағалау критерийлері

  •  Қайтымды процестердің жүруінің қажетті шарттарын біледі;
  •  Қайтымды және қайтымсыз процестерді біледі;
  •  Қайтымды және қайтымсыз процестерге мысалдар келтіре біледі;
  •  Термодинамиканың екінші бастамасының физикалық мәнін біледі;.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар білуі тиіс:

Бөлшектің моделінің (молекула-кинетикалық) қалай есептелетінін, қалай қатты заттың балқитынын және сұйықтықтың қалай қайнайтынын ауызша түсіндіру үшін диаграмманы пайдаланады (айту және тыңдау дағдылары)

Пәнге тән лексика мен терминология:

Қатты дене

Твердое тело

Solid

Сұйық

Жидкость

Liquid

Газ

Газ

Gas

Макроскопиялық

Макроскопический

Macroscopic

Жылу энергиясы

Тепловая энергия

Thermal energy

Кинетикалық энергия

Кинетическая энергия

Kinetic energy

Жылу

Тепло

Heat

Кездейсоқ

Случайный

Random

Бейберекет

Беспорядочно

Disorderly

Термодинамика

Термодинамика

Thermodynamics

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Қыздыру... бөлшектердің кинетикалық энергиясын арттырады.

Бөлшектер.... қозғалады.

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ оқушылардың белсенділігін арттыруға,сыни ойлау дағдысын және коммуникативтік дағдысын дамытуға бағытталған.

Пәнаралық байланыстар

Математика пәнімен байланыс, белгісіз шаманың мәнін дұрыс есептеу.

Бастапқы білім

Термодинамиканың бірінші заңы. Изопроцестер.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

    • мин

2-8 мин

9-14 мин

1. Өткен тақырыпты еске түсіру және бекіту мақсатында қойылатын сұрақтар:

  • Термодинамиканыің бірінші заңы қалай тұжырымдалады
  • Оның математикалық өрнегін жазыңдар.
  • Мысалдар келтіріңдер
  • Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі

Тапсырмаларды орындап болған соң, оқушылар өзара бағалау жүргізеді

  • Газға 500 Дж жылу мөлшерін жұмсағанда сыртқы күштердің жұмысы 300 Дж болды.Газдың ішкі энергиясының өзгерісі неге тең? (800 Дж)
  • Газ 300 Дж жылу мөлшерін алғанда ішкі энергиясы 200 Дж артты.Газдың істеген жұмысы неге тең?(100 Дж)
  • Изохоралық процесс кезінде азотқа 70 Дж жылу берілді.Азоттың ішкі энергиясын өсіру үшін қанша жылу мөлшері кетті.(70Дж)
  • Массасы бірдей аргон мен неон тұрақты қысымда 5 К қыздырылды.Қай газдың жұмысы үлкен? (неон газы)
  • Изотермиялық процесс кезінде газға 108 Дж жылу мөлшері берілген.Газдың атқарған жұмысы нег тең?(108 Дж)

2. Ой қозғау. Сіз алдында осындай процесті көрдіңізбе? Сынған стақан өздігінен қайтадан орнына келгенін.

3. Мақсатты болжау.Оқушылармен бірге анықталады.

– термодинамиканың екінші заңын түсіндіру

Қосымша №1

Қосымша №2

 Таратпа материал

Сабақтың ортасы

15-25 мин

26-39 мин

4. Түсіндіру. Мұғалім мысалдар келтіре отырып түсіндіреді

Термодинамиканың екінші заңы.

 Термодинамиканың екінші заңы табиғаттағы процестердің жүру бағытын көрсетеді.

 а) Өзін қоршаған кеңістікте ешқандай қалдық өзгерістер болмайтындай түрде жүретін термодинамикалық процесті қайтымды процесс деп атайды.

Қайтымды процесс кезінде термодинамикалық жүйе бастапқы күйіне қайта келеді.

 б) Сыртқы ортада өзгерістер қалатындай түрде жүретін процесті қайтымсыз процесс деп атайды. Қайтымсыз процесс кезінде жүйе бұрынғы күйіне қайтып келмейді. Үйкеліс, кедергі күштерімен жүретін процестер қайтымсыз процесс болып табылады.

       Жылу алмасу кезінде жүретін процесс қайтымсыз процесс болып табылады. Мұны термодинамиканың 2-ші заңы сипаттайды және оны төмендегідей түрлерде тұжырымдап беруге болады:

1.       Сыртқы ортада ешқандай өзгеріс болмаған жағдайда ешқашан салқын денеден ыстық денеге жылу берілмейді.

2.       Дененің ішкі энергиясының есебінен шексіз жұмыс атқару мүмкін емес.              

Яғни, бұл формуланың шын өмірде практикалық қолданысы мүмкін емес.

Неміс ғалымы Клаузиустың тұжырымдамасы: Екі жүйеде немесе қоршаған денелерде бір мезгілде басқадай өзгерістер болмаған жағдайда, суығырақ жүйеден ыстығырақ жүйеге жылу беру мүмкін емес.

5. Сабақты бекіту.Тест тапсырмалары

 

 

 презентация

 

Б.М.Дүйсембаев

Г.З.Байжасарова

А.А.Медетбекова

 § 22

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Таратпа материал

Сабақтың соңы

39-40 мин

6. Рефлексия:

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

7. Үйге тапсырма: §22 оқу 8-сынып.Физика және астрономия

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу