Жылу процестерінің қайтымсыздығы. Термодинамиканың екінші заңы. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Сабақ тақырыбы: Жылу процестерінің қайтымсыздығы. Термодинамиканың екінші заңы.

Оқу мақсаты: – термодинамиканың екінші заңын түсіндіру

Оқушылардың білімдерін тексеру үшін берілетін тапсырмалар:

1.Газға 500 Дж жылу мөлшерін жұмсағанда сыртқы күштердің жұмысы 300 Дж болды.Газдың ішкі энергиясының өзгерісі неге тең?

2.Газ 300 Дж жылу мөлшерін алғанда ішкі энергиясы 200 Дж артты.Газдың істеген жұмысы неге тең?

3.Изохоралық процесс кезінде азотқа 70 Дж жылу берілді.Азоттың ішкі энергиясын өсіру үшін қанша жылу мөлшері кетті.

4.Массасы бірдей аргон мен неон тұрақты қысымда 5 К қыздырылды.Қай газдың жұмысы үлкен?

5.Изотермиялық процесс кезінде газға 108 Дж жылу мөлшері берілген.Газдың атқарған жұмысы нег тең?

Сабақты бекітуга арналған тест тапсырмалары

1. Изохоралық процесс үшін термодинамиканың Ι заңы: а) Q=A; b) Q=U+A; c) U= −A; d) Q= +U; 2. Егер идеал газ алған жылу мөлшері есебінен тек жұмыс атқаратын болса, онда газбен қандай процес жүрді? а) изотермиялық процесс; b) изобаралық процесс; c) изохоралық процесс; d) адиабаталық процесс; 3. Идеал газға 8 кДж жылу мөлшері берілді, осы кезде газдың ішкі энергиясы 14 кДж-ға артты.Газдың атқарған жұмысы:

а) 22 кДж; b) 6 кДж; c) -6 кДж; d) 8 кДж;

4. Қозғалтқыш цилиндрінің жанғыш қоспаға толып, қақпақша жабылған кездегі такт қалай аталады?

а) сору; b) сығу; c) жұмыстық жүріс; d) шығару;

5. Идеал газбен 10 кДж жұмыс атқарылды.Осы кезде газға 6 кДж жылу мөлшерін береді.Газдың ішкі энергиясы ...

а) 4 кДж-ға кеміді; b) 16 кДж-ға артты; c) 16 кДж-ға кеміді; d) 4 кДж-ға артты. 6. Жылу машинасы қыздырғыштан 100 кДж энергия алады, ал салқындатқышқа 70 кДж энергия береді. Осы машинаның ПӘК-і қандай?

а) 70 %; b) 59 %; c) 30 %; d) 17 %.

7. ПӘК-і 4% жылу машинасы 3 кДж жұмыс атқарады.Жылу машинасы қыздырғыштан қандай жылу мөлшерін алған?

а) 7500 кДж; b) 0,75 кДж; c) 7,5 кДж; d) 75 кДж;

8. Егер қыздырғыш пен салқындатқыштың температураларын 2 есе кемітсе, онда қозғалтқыштың ПӘК-і:

а) 2 есе артады; b) 4 есе артады; c) өзгермейді; d) 4есе кемиді;

9. Егер идеал газдың сыртқы ортамен жылу алмасусыз атқарған жұмысы ішкі энергияның артуына тең болса, онда газбен қандай процесс жүрді?

а) изотермиялық процесс; b) изобаралық процесс; c) изохоралық процесс;

d) адиабаталық процесс;

10. Жылу қозғалтқыштың ПӘК-ін арттыруға болады, егер ...

а) қыздырғыштың температурасын арттырса;

b) салқындатқыштың температурасын арттырса;

c) салқындатқыштың температурасын төмендетіп және қыздырғыштың температурасын арттырса

d) салқындатқыштың температурасын арттырып және қыздырғыштың температурасын төмендетсе.

11. Қозғалтқыш цилиндрі жанғыш қоспаға толып, қақпақша жабылғаннан кейін, поршень жоғары қарай қозғалып, жанғыш қоспа сығылады. Осы такт қалай аталады?

а) сору; b) сығу; c) жұмыстық жүріс; d) шығару;

12. Термодинамиканың ΙΙ-заңына сәйкес…

А. Жылу өздігінен салқын денеден ыстық денеге өте алмайды.

Б. Қыздырғыштан алған жылуды түгелімен механикалық жұмысқа айналдыратын машина жасау мүмкін емес.

В.Жылу қозғалтқыштың ПӘК-і әрқашанда 100%-тен кем.

а) тек А; b) тек Б; c) тек В; d) А,Б және В; 13. Адиабаталық процесс үшін термодинамиканың Ι заңы: а) Q=A; b) Q=U+A; c) A= −U ; d) Q= −U;



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу