Жылу процестерінің қайтымсыздығы. Термодинамиканың екінші заңы. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Термодинамика негіздері

Мектеп: Көкшетау қаласындағы НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жылу процестерінің қайтымсыздығы. Термодинамиканың екінші заңы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.18 – термодинамиканың екінші заңының мағынасын түсіндіру

Сабақ мақсаттары

- термодинамиканың екінші заңының мағынасын түсіндіру ;

- жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттау;

- іштен жану қозғалтқышының, бу турбинасының жұмыс істеу принципін сипаттау.

 Бағалау критерийлері

Оқушылар орындай алуы керек:

- жылу алмасу процесіне эксперимент жасайды және эксперимент нәтижесі бойынша қорытынды жасайды;

-жылу қозғалтқыштардың жұмыс істеу принципін түсіндіреді;

- жылу қозғалтқыштардағы энергия түрленуін сипаттайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар білуі тиіс:

термодинамиканың екінші заңын ауызша тұжырымдау, қайтымсыз және қайтымды процестерді сипаттау.

Пәнге тән лексика мен терминология:

термодинамиканың екінші заңы, қайтымсыз және қайтымды процестер, жылу процестері, жылу қозғалтқыштары, іштен жану қозғалтқышы, бу турбинасы.

Глоссарий

Қазақ

Русский

English

Жылу қозғалтқыштары

Тепловые двигаьтели

Heat engine

энергия

энергия

energy

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Қайтымсыз поцесс деп......

Қайтымды процесс деп.....

Термодинамиканың екінші заңы ........

 Құндылықтарды дарыту

 

Бұл сабақ оқушылардың топта жұмыс жасай алу, жауапкершілік, адамгершілік құндылықтарын дарытуға бағытталған.

 Пәнаралық байланыстар

Математика пәнімен байланыс, белгісіз шаманың мәнін дұрыс есептеу. Химия пәнімен байланыс ас тұзы молекуласының кристалдық торының бұзылуын білу.

Бастапқы білім

Оқушылар жылу мөлшері мен энергияның сақталу заңын біледі. Жылу энергиясы ұғымын түсінеді.

Термодинамиканың бірінші заңын біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

1. Тест тапсырмалары арқылы өткен сабақтың тақырыбына байланысты білімді бағалау.

Бағалау критерийлері:

Термодинамиканың бірінші заңын біледі

Термодинакмиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдана алады

Термодинамиканың бірінші заңын есептар шығаруда қолдана алады

Мүғалім кері байланыс жасай отырып, толықтырулар енгізеді.

2. Ой қозғау.

«Сырттан жылу берілмесе, жүйе өзінің ішкі энергиясы есебінен жұмыс істей алады ма?» деген мәселелік сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпқа оқушылардың назарын аудару.

3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге оқу мақсаты анықталады:

  • термодинамиканың екінші заңының физикалық мағынасын түсіндіре алу

Қосымша1

Сабақтың ортасы

3-18 мин

4. Түсіндіру. (D) Термодинамиканың екінші заңын түсіндіру үшін эксперимент жасау.

Практикалық тапсырма. Қармен араласқан тұздың еруін зерттеу.

Құрал-жабдықтар: екі бірдей алюминий ыдыс, қатырма қағаз, су, қар, ас тұзы, қасық, термометр. (Қар болмаған жағдайда тоңазытқышта қатырған ұсақ мұз кесектерін қолдануға болады)

Жұмыс барысы:

  • Алюминий ыдыстарды қармен толтырыңдар.
  • Қатырма қағаз үстіне су құйыңдар.
  • Қар салынған ыдыстарды қатырма қағаз үстіне қойыңдар.
  • Ыдыстардың біреуіне бірнеше қасық ас тұзын салыңыз.
  • Тұзды қармен араластырыңдар.
  • 2-3 минут күте тұрыңдар.
  • Тұз салынбаған ыдысты көтеріңдер.
  • Тұз салынған ыдысты көтеріңдер.
  • Бақылаған құбылысты сипаттаңдар.
  • Тұзы жоқ ыдыстағы қардың температурасын өлшеңдер __________
  • Тұз салынған ыдыстағы қардың температурасын өлшеңдер _________
  • Эксперимент нәтижесі бойынша қорытынды жазыңдар

Оқушыларға дұрыс қорытынды жасауға келесі сұрақтар көмектесу мүмкін:

  • Неге тұзы бар ыдыс қатырма қағазға жабысып қалды?
  • Тұз салынған ыдыста температураның төмендеуін немен түсіндіруге болады?
  • Қармен араласқан тұздың еруі кезінде энергияның жұтылуын қалай түсіндіресіз?
  • Ас тұзы молекуласының кристалдық торының бұзылуы қандай энергия есебінен жасалды?
  • Ішкі энергия есебінен шексіз жұмыс атқаруға болады ма? Тұздың кез-келген мөлшері ери береді ме? Мұздың температурасы ары-қарай төмендей беру мүмкін бе?

Мұғалім осы эксперимент нәтижесін талқылау барысында оқушыларға термодинамиканың екінші заңын түсіндіруіне болады. Яғни, дененің ішкі энергиясы есебінен шексіз жұмыс жасай алатын қозғалтқышты, мәнгі қозғалтқыштың екінші түрін жасау мүмкін емес екенін талқылаңыз. Кристалдық торды құрайтын иондарды бір-бірінен ажырату үшін қандай-да жұмыс жасау керек екенін түсіндіру үшін оқушылардан химия пәнінен алған білімдерін еске түсіруді сұраңыз. Бұл жерде кристалдық тордың макеттерін қолдануға болады.

18-28 мин

(W) Жылуқозғалтқыштардың( іштен жану қозғалтқышы, бу турбинасы) жұмыс істеу принципін сурет, схема немесе мектеп лабораториясындағы модель арқылы түсіндіру

суреттер, іштен жану қозғалтқыштың моделі

28-38 мин

5. Сабақты бекіту. (G)Оқушыларға жұптарда немесе топтарда бу турбинасындағы энергия түрленуінің диаграммасын және іштен жану қозғалтқыштың жұмыс істеу тактілері туралы кестені құрауды ұсыну.

Іштен жану қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі

1 такт

2 такт

3 такт

4 такт

Такт атауы

Поршеньнің қозғалу бағыты

Газ көлемінің өзгеруі

1-клапан

Жабық/ашық

2-клапан

Жабық/ашық

Бу турбинасындағы энергияның түрленулерін дұрыс ретпен орналастырыңдар

Айналатын генератор роторының кинетикалық энергиясы

Электр энергиясы

Соплодан ұшып шыққан будың кинетикалық энергиясы

Отын энергиясы

Қызған будың энергиясы

Айналатын турбинаның кинетикалық энергиясы

Жұмыс парақтары

Сабақтың соңы

38-40мин

6. Рефлексия:

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

7. Үйге тапсырма: Қайталап оқу үшін беріледі

Жылу процестерінің қайтымсыздығы. Термодинамиканың екінші заңы.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Орташа қабілетті оқушыларға практикалық жұмысты орындау барысында жетелеуші сұрақтар қою арқылы қолдау көрсетуге болады.

Қабілетті оқушылардан іштен жану қозғалтқышының моделн қолданып жұмыс істеу принципін түсіндіруді сұрайға болады.

Тест тапсырмаларын тексеру арқылы / практикалық жұмысты талдау барысында /сабақты бекіту бөліінде

праажұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу