Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар. Вектор ұғымы. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар

Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар. Вектор ұғымы.

Оқу мақсаты: 6.3.4.1 вектор анықтамасын білу және оны кескіндеу

Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).

 Бағалау критерийі:

 Бұл сабақта оқушы:

 векторды кескіндей алады.

 

 Негізгі ұғымдар, анықтамалар.

  • Жол– дененің орын ауысқандағы ұзындығын айтады. Орын ауыстыруы деп дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесіндіні, векторды айтады.
  • Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын шамалар векторлық шамалар немесе векторлар деп аталады.
  • Орын ауыстыру – векторлық шама.

Векторларды бағытталған кесінді түрінде кескіндейді және бір әріппен немесе вектордың басы мен ұшын көрсететін екі әріппен белгілеп, төбесіне нұсқама (стрелка) қояды.

 

 Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2.Білімді өзектендіру:

Сыныппен жұмыс:

Мақсаты: оқушылардың зейінін шоғырландыру;

Ой қозғау. «Мен қайда, қалай барам?»

Мұғалім оқушыларға Жамбыл облысының картасын таратып береді. Ойын шарты:

1) Картадан Жамбыл облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Мойынқұм ауданына дейінгі арақашықтықты сызғышпен өлшеп, сызып қойыңыз;

2) Картадан Жанатас қаласына дейінгі арақашықтықты сызғышпен өлшеп, сызып сызып қойыңыз;

3) Мен қайда бара жатқанымды қалай білемін?

4)Алынған осы екі сызықтың бір-бірінен қандай айырмашылығы және қандай ұқсастығы бар?

Мұғалім қызметі: оқушылардың сабақта мақсатты жұмыстануын ұйымдастыру.

Оқушы қызметі: оқушышылар өз бағыттарын көрсету керек.

Бағалау: мұғалімнің ауызша пікірі.

Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийі айтылады. Бағалау критерийі оқушылармен таңдалады.

Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

3.Практикалық жұмыс

Мақсаты: вектор ұғымымен танысу; векторды кескіндеу дағдыларын қалыптастыру; зейінді, есте сақтауды, логикалық ойлауды дамыту.

Әдіс: инновациялық оқыту әдісі

Сыныппен жұмыс.

Тапсырма 1.

Жол мен орын ауыстырудың арасындағы айырмашылықты талқылаңыз.

Жауабы: А пунктінен В пунктіне жеткен дененің жүрген жолы суретте S (көк) әрпімен белгіленген.

Мұғалім қызметі: оқушылардың сабақта мақсатты жұмыстануын ұйымдастыру.

Оқушы қызметі: оқушышылар өз пікірін айтады

Бағалау: мұғалімнің ауызша пікірі.

Жұптық жұмыс.

Тапсырма 2.

  • Вектор туралы қысқаша мәтінді оқыңыз;
  • Мәтін бойынша екі сұрақ дайындаңыз;
  • Сызбада көрсетілген векторларды жазыңыз.

Жол– дененің орын ауысқандағы ұзындығын айтады. Орын ауыстыруы деп дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесіндіні, векторды айтады.

Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын шамалар векторлық шамалар немесе векторлар деп аталады. Орын ауыстыру – векторлық шама. Векторларды бағытталған кесінді түрінде кескіндейді және бір әріппен немесе вектордың басы мен ұшын көрсететін екі әріппен белгілеп, төбесіне нұсқама (стрелка) қояды.

Мұғалім қызметі: сұрақ қояды, оқушылардың жауаптарын тыңдайды

Оқушы қызметі: сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді.

Бағалау:мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды және дер кезінде кері байланыс береді.

Сергіту сәті.

«Дем алу» жаттығуынан бастаймыз. Ендеше көзімізді жұмып жаттығуды бастаймыз

  • Дем алу - дем шығару - үзіліс
  • 2 рет дем алу - 2 рет дем шығару - үзіліс
  • 3 рет дем алу - 3 рет дем шығару - үзіліс

Тапсырма 3.

Бұл ашық сипаттағы тапсырма, оқушылардың жауаптпры әр түрлі болуы иүикін. Сондықтан мұғалім орын ауыстыру мен жолдың ұзындығын оқушылар шатастырмау үшін сұрақтар қою арқылы вектор ұғымын түсінуге әкелу керек.

1.Маша әжесінің үйінен өзенге дейін, содан соң өзен бойымен, өзенді көпір арқылы өтіп, көпірден анасының үйіне дейін жүріп барды. Машаның жолын және оның орын ауысуын (вектор түрінде) кескіндеңіз.

2.Алдар Көсе досы Арманға ауылы Есенгірге қонақ болып келуін ұсынды: «Қане біздің үйге барайық. Бірақ сен өзіңнің есегіңмен тіке қырды жағалап барасың. Ал мен атпен Береке ауылы арқылы Жақсылық ауылына соғамын, содан соң үйге барамын». Досы әрине Алдар Көсеге сенбеді, бірақ келісті. Алдар Көсе мен оның досының орын ауысуын салыңыз. Алдар Көсе бұл жолы алдамады ма немесе әдеттегідей алдады ма?

3.Ара ұясынан бал іздеуге ұшып шықты. Ұясынан сол жақта орналасқан жайылымға қарай ұшты. Содан соң солтүстік бағыттағы қарақұмық жайылымына ұшты. Араның ұшу жолы мен орын ауыстыруын салыңыз. және т.с.с.

Мұғалім қызметі: Сұрақ туындаған жұпқа көмектеседі, қажет жағдайда түзетулер енгізеді, дұрыс шешімге жетелейтін сұрақтар қояды.

Оқушы қызметі: берілген тапсырманы жұпта талқылап, түсініп орындау.

Бағалау: тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды ауызша марапаттау, ынталандыру..

4. Сабақты қорытындылау.

Жетістіктер сатысы деп аталатын баспалдақ бойынша өзімізге баға беріп келесі сұрақтарға жауап береміз:

-Бүгінгі сабақты мен үйрендім

-Маған қызықты болған тұсы

-Мен үшін қиындық туғызды

-Мен түсіндім

-Бұл сабақтан мен ой туғыздым

-Сабақтың ұнаған жері

-Сабақтағы жұмысыммен көңілім толады (толмайды)

 Үй тапсырмасы: 1. Өзіңіздің үйіңізбен мектепке дейінгі жолды вектор түрінде кескіндеп келіңіз.

 

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Смирнова Е.С. Самостоятельные и контрольные работы по математике. 6ласс. – 2-е изд., испр. И доп. – М.:УЦ «Перспектива», 2006 – 184с.
  • Bilimland.kz
  • https://www.youtube.com/watch?v=PPqXEjnVO6U


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу