Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар. Вектор ұғымы. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар. Вектор ұғымы

6.3.2.4

кескіні бойынша фигураны ажырату, жазық және кеңістік фигураларын кескіндеу;

6.3.4.1

вектор анықтамасын білу және оны кескіндеу;

 Сабақ мақсаттары:

  • кеңістікте ойлау дағдыларын қалыптастыру;
  • кескіні бойынша фигураның проекцияларын танып біледі;
  • жазық және кеңістік фигураларын кескіндеуді үйрету.

Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз

Сабақта барлық оқушылар толық түсініп, алған білімін толыққанды пайдалана білуі үшін, бір – біріне көмек ұйымдастырып сабақ нәтижелі болуы үшін бірлескен оқу ортасын құрыңыз.

Үй тапсырмасы тексеру, түсінбеген сұрақтарды талқылау.

Өтілген материалдарды актуалдандыру

Жалпы сыныппен есептер шығару

Оқушыларға жалпы сыныппен жұмыстануды ұсыныңыз, берілген ойлау, елестету тапсырмаларын орындап, нәтижесін дайын жауаппен тексеріп, бірін - бірі бағалау жүргізеді. Бұл жұмыста оқушылар бірігіп жұмыстанады, пікір алмасады, дұрыс нәтижеге жетуге бірігіп ұмтылады.

№1. Берілген жаққа параллель жақты белгілеңіз:

№2. Берілген жаққа параллель жақты белгілеңіз:

№3. Берілген жаққа параллель жақты белгілеңіз:

№4. Берілген жаққа параллель жақты белгілеңіз:

№5. Текшенің жазбасы берілген. Дұрыс жазбаны таңдаңыз.

Дескриптор: Білім алушы:

  • жазбасы бойынша берілген жаққа параллель жақты дұрыс табады;
  • текшенің жазбасын дұрыс табады.

Дайын дескриптор арқылы оқушылар «карусель» әдісімен бірін – бірі бағалайды, орындалу жолын негіздейді.

Жеке практикалық тапсырмалар.

Оқушылардың өздері сабақта қол жеткізуге бағытталған нәтижеге негізделіп жұмыстануы үшін, өзінің қаншалықты сабақты түсінгенін, геометриялық денелерді зерттеуді меңгеру дағдысын бақылау мақсатында өз бетімен жұмыстануды ұсыныңыз.

№1.

Тік бұрышты параллелепипедтің жазбасы берілген. Өлшемдерін екі есе өсіріп, қағазға көшіріңіз де, қиып фигураны жасаңыз.

№2.

Жағы теңқабырғалы үшбұрыш (қабырғасы 10см) болатын тетраэдрді қағаздан қиып жасаңыз.

№3.

Үлкен текше бірнеше кіші ағаш текшелерден құрастырылған. Үлкен текшені қабырғаларына параллель болатындай 6 жерден тескен. Тесілмеген кіші текшелердің қаншасы бар?

Дескриптор: Білім алушы:

  • тор көз қағазды пайдаланып жазбасы арқылы тікбұрышты параллелепипедті дұрыс жасайды;
  • өлшемі бойынша тетраэдрді қағаздан қиып жасайды;
  • суретті пайдаланып есеп шартына жауап береді.

Тақтада дайын сызбалар көрсетіледі, сол арқылы оқушылар өз жұмысын өзі бағалайды

Сабақ барысында оқушылар үлестірмелермен жұмыстанады, бір – біріне түсіндіреді, бірін - бірі бағалайды, өзара пікір алмасады, әркімнің пікірінің маңызды екенін түсінеді, ортада өзара сыйластық орнайды.

Сабақты қорытындылау:

  • параллель жақты табу туралы түсінікке шолу;
  • практикалық жұмысты қорытындылайды, орындалу жолына түсінік береді.

Үй тапсырмасы.

Өлшемдері 9см, 5см, 3см болатындай тік бұрышты параллелепипедті қағаздан қиып жасаңыз.

Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.

Рефлексия

Ресурстар:

  • Смирнова Е.С. Самостоятельные и контрольные работы по математике. 6ласс. – 2-е изд., испр. И доп. – М.:УЦ «Перспектива», 2006 – 184с.
  • А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 6 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу