Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар. Вектор ұғымы. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар

Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар. Вектор ұғымы.

Оқу мақсаты: 6.3.4.1 вектор анықтамасын білу және оны кескіндеу

Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).

 Бағалау критерийі:

 Бұл сабақта оқушы:

 векторды кескіндей алады.

 

 Негізгі ұғымдар, анықтамалар.

  • Жол– дененің орын ауысқандағы ұзындығын айтады. Орын ауыстыруы деп дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесіндіні, векторды айтады.
  • Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын шамалар векторлық шамалар немесе векторлар деп аталады.
  • Орын ауыстыру – векторлық шама.

Векторларды бағытталған кесінді түрінде кескіндейді және бір әріппен немесе вектордың басы мен ұшын көрсететін екі әріппен белгілеп, төбесіне нұсқама (стрелка) қояды.

 

 Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2.Білімді өзектендіру:

Сыныппен жұмыс:

Мақсаты: оқушылардың зейінін шоғырландыру;

Ой қозғау. «Футбол ойыны»

Досжан футбол ойынын бақылай отырып, шабуылшының ойын кезінде шамамен 15 км жүгіретінін анықтады.

Осы қашықтық орын ауыстыру ма, әлде жолдың ұзындығы ма?

Мұғалім қызметі: оқушылардың сабақта мақсатты жұмыстануын ұйымдастыру.

Оқушы қызметі: оқушышылар өз пікірін айтады.

Бағалау: мұғалімнің ауызша пікірі.

Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийі айтылады. Бағалау критерийі оқушылармен таңдалады.

Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

3.Практикалық жұмыс

Мақсаты: вектордың анықтамасын тұжырымдау; векторды кескіндеу дағдыларын қалыптастыру; зейінді, есте сақтауды, логикалық ойлауды дамыту; танымдық қызығушылығын ояту.

Әдіс: инновациялық оқыту әдісі

Сыныппен жұмыс.

Тапсырма 1.

Асан үйінен шығып Мектепке дейін 500 м жол жүрді.

Сұрақ:

  • Асанның жүрген жолын кесінді ретінде алуға болады ма? Дәптеріңізге сызып көрсетіңіз.
  • Кесіндінің ұзындығы неге тең?
  • Кесіндінің ұштары қайда жатыр? Кесіндінің ұштарын әріптермен белгілеңіз.
  • Асанның жүрген жолы қайда бағытталған?
  • Жолдың бағытын қалай көрсетуге болады? Сызбадан жолдың бағытын көрсетіңіз.
  • Асанның жүрген жолы қандай кесінді болады және ол қалай белгіленеді?
  • Векторға анықтама беріңіз.

Оқушы қызметі: өз ойларын ортаға салады.

Мұғалім қызметі: оқушылардың ойын толықтырады, вектор туралы мәтінді таратады.

Анықтама: Бағытталған кесінді (басы мен үшы көрсетілген кесінді) вектор деп аталады.

А нүктесі вектордың басы, В нүктесі вектордың ұшы.

Вектродың бағытын ұшы көрсетеді.

Белгіленуі: немесе

1)Векторларды латынның екі бас әріпімен жазуға болады: ,... және т.б. Бірінші әріп әрқашанда вектордың бас нүктесі, ал екінші әріп вектордың ұшындағы нүкте болады.2) Векторларды латынның кіші әріптеріменде жазады: . векторын қысқаша латынның кіші әріпімен белгілеуге болады.

Егер вектордың бағытын бас нүктесіне көшірсек, онда мүлде басқа вектор пайда болады оны деп белгілейді және бұл векторлар қарама-қарсы векторлар деп аталады.

Анықтама: Ұзындықтары тең, бағыттары қарама-қарсы болатын екі векторды карама-қарсы векторлар деп атайды.

Анықтама: Ұзындықтары тең және бағыттас болатын векторларды тең векторлар деп атайды

Егер вектордың

Анықтама: Егер вектордың басы мен ұшы беттессе, онда вектор нөлдік вектор деп аталады. Сызбада мұндай вектор нүкте арқылы көрсетіледі. Жазықтықтағы кез-келген нүктені нөлдік вектор деп айтуға болады.

Анықтама: Ұзындығы 1-ге тең векторды бірлік вектор деп атайды.

Белгіленуі:

векторының ұзындығы – AB кесіндісінің ұзындығына тең.

Нөлдік вектордың ұзындығы 0-ге тең.

Мұғалім қызметі: сұрақ қояды, оқушылардың жауаптарын тыңдайды

Оқушы қызметі: сұрақтар қояды, сұрақтарға жауап береді.

Бағалау:мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды және дер кезінде кері байланыс береді.

Сергіту сәті.

«Дем алу» жаттығуынан бастаймыз. Ендеше көзімізді жұмып жаттығуды бастаймыз

  • Дем алу - дем шығару - үзіліс
  • 2 рет дем алу - 2 рет дем шығару - үзіліс
  • 3 рет дем алу - 3 рет дем шығару - үзіліс

Тапсырма 2.

Бұл ашық сипаттағы тапсырма, сондықтан оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір топтар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір топтарға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.

Суретте сіз көрсете алатын 10 векторды жазыңыз.

Тапсырма 3.

Берілген векторға сәйкес белгілеулерді табыңыз.

BE

a

CA

b

DB

c

CD

d

AB

e

DC

f

Жауабы:

Тапсырма 4.

Екінші қақпаға доп салудың қандай әдістері бар?

Жауабы:

Мұғалім қызметі: Сұрақ туындаған жұпқа көмектеседі, қажет жағдайда түзетулер енгізеді, дұрыс шешімге жетелейтін сұрақтар қояды.

Оқушы қызметі: берілген тапсырманы жұпта талқылап, түсініп орындау.

Бағалау: тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды ауызша марапаттау, ынталандыру..

4. Сабақты қорытындылау.

Жетістіктер сатысы деп аталатын баспалдақ бойынша өзімізге баға беріп келесі сұрақтарға жауап береміз:

-Бүгінгі сабақты мен үйрендім

-Маған қызықты болған тұсы

-Мен үшін қиындық туғызды

-Мен түсіндім

-Бұл сабақтан мен ой туғыздым

-Сабақтың ұнаған жері

-Сабақтағы жұмысыммен көңілім толады (толмайды)

 

 

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу