Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар. Вектор ұғымы. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар. Вектор ұғымы
6.3.2.4
кескіні бойынша фигураны ажырату, жазық және кеңістік фигураларын кескіндеу;
6.3.4.1
вектор анықтамасын білу және оны кескіндеу;
Сабақ мақсаттары:
- кеңістікте ойлау дағдыларын қалыптастыру;
- кескіні бойынша фигураның проекцияларын танып біледі;
- жазық және кеңістік фигураларын кескіндеуді үйрету;
- вектор анықтамасын білу және оны кескіндей білу.
Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз
Сабақта барлық оқушылар толық түсініп, алған білімін толыққанды пайдалана білуі үшін, бір – біріне көмек ұйымдастырып сабақ нәтижелі болуы үшін бірлескен оқу ортасын құрыңыз.
Үй жұмысы бойынша берілген еркін тапсырмаларды саралау. Себебі, бұл тапсырма ерікті орындалды, әр оқушы өзі қалаған жұмысты бар шеберлігімен орындауы мүмкін.
Топтық жұмыс
Оқушыларды шағын топтарға біріктіріңіз. Берілген тапсырмаларды топта талқылап, түсіндіріп орындауды ұсыныңыз. Барлық оқушы жауапкершілікті сезінеді.
№1. Суретте қандай геометриялық фигуралар берілген, атап шығыңыз. Дәптерге салыңыз. Қанша төбелері бар, қанша қырлары бар, қанша жақтары бар, қанша бүйір жақтары бар. Көрінбейтіндерін атап шығыңыз.
№2. Суретте қандай фигураның жазбасы берілген? Өлшемдерін төрт есе арттырып, қағазға көшіріңіздер де, қиып, фигураны жасаңыз.
№3. Дұрыс көпжақтардың жазбалары берілген. Қандай фигура екенін атап шығыңыз.
№4. Суреттерді геометриялық фигуралар арқылы дәптерге кескінде.
№5. Қыры 3см тең ақ түсті текшені қоңыр түске бояды да, қыры 1см тең кіші текшелерге бөліп тастады. Кіші текшелер саны қанша? Тек 1 жағы, 2 жағы, 3 жағы боялған кіші текше саны қанша? Боялмаған кіші текше саны қанша?
№6. a) Табанына тиісті емес төбесінен шыққан жеті бұрышты пирамиданның қанша бүйір қыры бар? Барлығы қанша қыры бар?
b) 999 қыры бар пирамиданың болуы мүмкін бе?
c) Пирамиданың 100 қыры бар. Осындай пирамида қалай аталады?
d) Пирамиданың 725 төбесі бар. Табанында қанша төбесі бар пирамида?
Дескриптор: Білім алушы:
- есеп шарты бойынша сұраққа жауап береді;
- берілген өлшемді ескеріп сызба жұмысын дұрыс орындайды;
- жазбасы бойынша фигураны ажыратады;
- ұқсастықты дұрыс анықтайды;
- кеңістікте дене қозғалысын ойлай алады;
- пирамида бойынша берілген сұрақтарға дұрыс жауап береді.
Мұғалімнің жетекшілігімен топтар арасында өзара бағалау жүреді. Әр топ кезектесіп есептерге жауап береді, қалған топтар тыңдайды, бағалайды.
Жұптық практикалық жұмыс
Оқушыларға жұпта жұмыстануды ұсыныңыз, берілген деңгейлік тапсырмаларды бірігіп орындап, нәтижесін дайын жауаппен тексеріп, өзара бағалау жүргізеді. Жұптық жұмыста оқушылар бірігіп жұмыстанады, пікір алмасады, дұрыс нәтижеге жетуге бірігіп ұмтылады.
№1. ABCD тік төртбұрышының ауданы 1 см2. MNPK төртбұрышының ауданын табыңыз, егер M; N; P; K нүктелері ABCD тік төртбұрышы қабырғаларының ортасы болса.
№2. Суретте: а) үшбұрышты; б) төртбұрышты:
в) бесбұрышты; г) алтыбұрышты; д) n – бұрышты пирамидалар.
Кестені толтырыңыз, n – пирамида табанының қабырғасы:
№3. Жоғарыдағы кестені пайдаланып, мына сұрақтарға жауап беріңіз:
а) Егер пирамиданың төбе саны 25 болса, онда пирамида табанында неше қабырға?
б) Қандай пирамиданың 20 қыры бар?
в) Қандай пирамиданың 25 жағы бар? Қанша төбе бар?
г) 13 қыры бар пирамида бола ма? Неге?
д) Пирамиданың төбесі мен қырының қосындысы 25. Бұл қандай пирамида? Пирамиданың төбесі, қыры және жағы қанша?
е) Пирамиданың төбесі, қыры және жағының қосындысы 26. Бұл қандай пирамида? Пирамиданың төбесі, қыры және жағы қанша?
Дескриптор: Білім алушы:
- есеп шартын пайдаланып төртбұрышының ауданын дұрыс табады;
- берілген суретті пайдаланып кестені дұрыс толтырады;
- осы кестедегі теңдік бойынша берілген сұрақтарға дұрыс жауап береді.
Ұсынылған дайын жауап бойынша жұптар арасында өзара бағалау ұйымдастыру.
Сабақ барысында оқушылар қосымша оқулықпен жұмыстанады, бір – біріне түсіндіреді, бірін - бірі бағалайды, өзара пікір алмасады, әркімнің пікірінің маңызды екенін түсінеді, ортада өзара сыйластық орнайды.
Сабақты қорытындылау:
- геометриялық денелер жазбасы арқылы денені жинау;
- денені берілген өлшемінен арттырып салу;
- теңдікті пайдаланып пирамида төбесі, қыры және жағы сандарын анықтау туралы пікірлерін тыңдау
Үйге тапсырма
Төмендегі жазбаны алу үшін, берілген текшені қай қырынан бастап қию керек?
Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.
Рефлексия
Мұғалім оқушылардан сөйлемдерді аяқтауды сұрайды:
Бүгін мен білдім …
Мен … сезіндім
Мен үшін қызықты болғаны …
Бұл туралы менің басқа пікірім бар …
Менің тағы да тыңдағым келеді …
Тапсырма бойынша жұмыс … маған көмектесті.
Менде ынта пайда болды …
Ресурстар:
- Смирнова Е.С. Самостоятельные и контрольные работы по математике. 6ласс. – 2-е изд., испр. И доп. – М.:УЦ «Перспектива», 2006 – 184с
- А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 6 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру