Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар. Вектор ұғымы. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар
Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар. Вектор ұғымы.
Оқу мақсаты: 6.3.2.4 кескіні бойынша фигураны ажырату, жазық және кеңістік фигураларын кескіндеу
Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).
Бағалау критерийі:
Бұл сабақта оқушы:
- геометриялық фигураларды атап, ерекшелігін айтады;
- жазық фигуралар мен кеңістік фигуралардың айырмашылықтарын ажыратады, топтастырады;
- жазық фигуралар мен кеңістік фигураларды қоршаған ортаның заттарымен байланыстырып, кеңістік фигуралар арқылы тәжірибе жасайды, пайда болған фигураны салады, ол жайында ой қорытындылайды.
Негізгі ұғымдар, анықтамалар.
Тік төртбұрышты параллелепипедтің көлемі: V = a⋅b⋅c, мұндағы a – ұзындығы; b – ені, c – биіктігі. Кубтың көлемі: V = a⋅a⋅a = a3, мұндағы a – кубтың қыры. |
Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.
I.Ұйымдастыру
Мақсаты: амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сыныпта қолайлы атмосфера үшін психологиялық ахуал тудыру.
Әдіс: тұлғалық-жеке-коммуникативті әдіс, «коммуникативтік шабуыл» тәсілі.
Сипаттама: амандасу
- Қайырлы таң, күн! (барлығы қолдарын көтереді, содан соң түсіреді).
- Қайырлы таң, аспан! (қимыл қайталанады).
- Қайырлы таң, бәрімізге! (барлығы қолдарын екі жағына созады және түсіреді).
Оқушы қызметі: мұғаліммен, сыныптастарымен амандасу, сабаққа зейін аудару.
Бағалау: мұғалімнің ауызша мадақтауы.
II. Топтық жұмыс арқылы тақырыптың өзектілігін ашу
Мақсаты: сыныпты топқа бөлу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу
Әдіс: «Геометриядық фигуралар» интербелсенді оқыту тәсілі
Сипаттама: сынып оқушылары үш топқа бөлінеді: үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш.
Мұғалім қызметі: оқушыларға геометриялық фигуралар (үшбұрыш, тіктөртбұрыш, квадрат) таратады. Сосын қандайда бір заңдылықпен қолдарыңыздағы суреттер (фигуралар) бойынша үш топқа бөліну ұсынылады.
Барлық топқа сұрақ:
Қолдарыңыздағы суреттерді ортақ қалай атауға болады?
Кеңістік денелеріне жатқызуға бола ма?
Оқушы қызметі: үшбұрыш, тіктөртбұрыш, квадрат болып үш топқа бөлінеді, топта бірге ойланып, сұрақтарға жауап береді (еркін жауап).
Бағалау: мұғалімнің ауызша пікірі.
IIІ. «Жақын арада даму» аймағын анықтау
Мақсаты: жаңа тақырыпты игеруге қажетті білімді қайталау
Әдіс: интербелсенді оқыту тәсілі
Сипаттама: сынып оқушыларына тік бұрышты параллелепипед пен кубтың макеті беріледі. Осы макеттің ұқсастығы мен айырмашылығын жазу.
Тапсырма 1.
Көп нүктенің орнына тиісті (ұзындығы, ені, биіктігі, жақтары, қырлары, төбелері, 12 қыры, 8 төбесі, 6 жағы, тік төртбұрыш ) сөз тіркесін жазыңыз және берілген тік бұрышты параллелепипед пен кубтың ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырыңыз.
а) Тік төртбұрышты параллелепипед және куб – жақтары ...... болып келетін көлемді фигура.
ә) Тікбұрышты параллелепипедтің және кубтың беттері оның ....., жақтарының қабырғалары оның ....., ал қырларының ұштары оның ..... деп аталады.
б) Тікбұрышты параллелепипедтің және кубтың ... , .... және .... бар.
г) Тікбұрышты параллелепипедтің бір төбесіндегі қыры оның ..... , ..... және ..... деп аталады.
Жауабы:
а) Тік төртбұрышты параллелепипед және куб – жақтары тік төртбұрыш болып келетін көлемді фигура.
ә) Тікбұрышты параллелепипедтің және кубтың беттері оның жақтары, жақтарының қабырғалары оның қырлары, ал қырларының ұштары оның төбелелері деп аталады.
б) Тікбұрышты параллелепипедтің және кубтың 12 қыры, 8 төбесі және 6 жағы бар.
г) Тікбұрышты параллелепипедтің бір төбесіндегі қыры оның ұзындығы, ені және биіктігі деп аталады.
Ұқсастықтары: тікбұрышты параллелепипедтің де, кубтың да беттері оның жақтары, жақтарының қабырғалары оның қырлары, ал қырларының ұштары оның төбелері деп аталады; Екеуінің де 12 қыры, 8 төбесі және 6 жағы бар.
Айырмашылықтары: тікбұрышты параллелепипедтің бір төбесіндегі қыры оның ұзындығы, ені және биіктігі деп аталады; ал кубта бір төбесіндегі барлық қырлары тең болады.
Мұғалім қызметі: оқушылар жұмыстарын үйлестіреді.
Оқушы қызметі: әр оқушы көп нүктенің орнына тиісті сөз тіркестерін қойып жазады.
Бағалау: дайын жауаптар бойынша жұпта өзара бағалау
IV. Мақсатты анықтау
Мақсаты: сабақтың мақсатын бірлесіп анықтау.
Сипаттама: Бүгін сабақта нені үйрену керек?
Әдіс: SMART-технологиясы: фигураны жазбасы бойынша ажыратуды, қарапайым геометриялық сызбаларды салуды үйренеді.
Мұғалім қызметі: оқушылардың сабақта мақсатты жұмыстануын ұйымдастыру.
Оқушы қызметі: оқушышылар өз пікірін айтады, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін болжап, тұжырымдайды.
Бағалау: мұғалімнің ауызша пікірі.
V. I практикалық жұмыс
Мақсаты: куб, тік бұрышты параллелепипедтің жазбаларымен танысу; бұл денелердің жазбасын салу дағдыларын қалыптастыру; зейінді, есте сақтауды, логикалық ойлауды дамыту; танымдық қызығушылығын ояту.
Әдіс: инновациялық оқыту әдісі
Сипаттама: Әр топқа кеңістік денелері: куб, тік бұрышты параллелепипед таратып беріп, тәжірибе жасату.
Тапсырма 2.
Бұл тапсырманы оқушыларға топппен орындату ұсынылады. Оқу туралы танымдық теорияға негізделе отырып, бұл оларға өздерінің бар білімдерін толықтырып, жаңа білімдерін, бұған дейінгі қалыптасқан құрылымға кіріктіруге мүмкіндік береді. Бұл оқушыларға бұл білімді өздері игергендігін сезінуге көмектеседі.
Берілген куб пен тік бұрышты параллелепипедтің бір жағын бояп, сосын жақтарын қайшымен бөліңіз. Жазбасын партаның бетіне қойыңыз. Бастапқы пішін мен пайда болған пішін жайында қорытынды жасаңыз. Жазық фигуралардың қалай пайда болатыны туралы қорытынды жасаңыз.
Бұл ашық сипаттағы тапсырма, сондықтан оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір топтар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір топтарға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.
Бағалау: мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды және дер кезінде кері байланыс береді.
1. Жеке жұмыс:
Сипаттама: Әр оқушы айналадағы қоршаған ортадан шаршыға және кубқа, ұқсас заттарды тауып, айырмашылықтарын дәлелдету.
Тапсырма 3.
Айналадағы қоршаған ортадан шаршыға, кубқа ұқсас заттарды табыңыз, айырмашылықтарын дәлелдейдеңіз, салып көрсетіңіз.
2. Жұптық жұмыс: «Топтастыр»
Тапсырма 4.
1-суреттегі жазық фигуралаларды бір бөлек, кеңістік денелерін бір бөлек топтастырыңыз.
Сутет-1.
Жауабы:
VІ. II практикалық жұмыс
Мақсаты: куб, тік бұрышты параллелепипедтің жазбаларын тану дағдыларын қалыптастыру; зейінді, есте сақтауды, логикалық ойлауды дамыту; танымдық қызығушылығын ояту.
Әдіс: инновациялық оқыту әдісі.
Тапсырма 5.
Берілген 2-суреттердің қайсысында тік бұрышты параллелепипедтің жазбасы көрсетілген. Жауабыңызды түсіндіріңіз.
А | В |
Б | С |
Сурет-2.
Жауабы: Б
Тапсырма 6.
Берілген 3-суретте тікбұрышты параллелепипедтің алдынан, жанынан және үстінен қарағандағы көрінісі берілген. Параллелепипедке сәйкес келетін жазбаны белгіле.
А | Б | Г |
Ә | В | Д |
Сурет-3.
Жауабы: Г
Мұғалім қызметі: Сұрақ туындаған жұпқа көмектеседі, қажет жағдайда түзетулер енгізеді, дұрыс шешімге жетелейтін сұрақтар қояды. Соңынан дұрыс жауап парағын таратады.
Оқушы қызметі: берілген тапсырманы жұпта талқылап, түсініп орындау.
Бағалау: тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды ауызша марапаттау, ынталандыру.
VII. Сабақты қорытындылау
Мақсаты: оқушылардың материалды меңгеру сапасын бақылау, қажетті білімді анықтау
Әдіс: дамыта оқыту
Сипаттама: Кескіні бойынша кеңістік денесінің жазбасын қалай ажыратуға болады?
Мұғалім қызметі: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, сабақты қорытындылайды.
Оқушы қызметі: берілген сұраққа жауап беру арқылы бүгінгі сабақтан алған білім жетістігін қорытындылайды.
VIIІ. Рефлексия
Мақсаты: өтілген сабақ бойынша кері байланыс алу
Әдіс: "сауалнама"
Сипаттама: оқушыларға сауалнама ұсынылады
1. Сабақта мен ... жұмыс жасадым 2. сабақтағы өз жұмысыма ... 3. сабақ мен үшін ... болды 4. сабақта мен ... 5. менің көңіл-күйім ... 6. сабақтың материалы ... | белсенді / селқос ризамын / риза емеспін қысқа / ұзақ шаршамадым / шаршадым жақсарды / нашарлады түсінікті / түсініксіз пайдалы / пайдасыз қызықты / қызықсыз жеңіл / қиын қызықты / қызықсыз |
Мұғалім қызметі: өз жауаптарын түсіндіріп айтуларын сұрау, сабақты қорытындылау.
Оқушы қызметі: өз жұмысына баға береді, жауабын түсіндіріп айтады.
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
- Смирнова Е.С. Самостоятельные и контрольные работы по математике. 6ласс. – 2-е изд., испр. И доп. – М.:УЦ «Перспектива», 2006 – 184с.
- Bilimland.kz
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру