Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар. Вектор ұғымы. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар

Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар. Вектор ұғымы.

Оқу мақсаты: 6.3.2.4 кескіні бойынша фигураны ажырату, жазық және кеңістік фигураларын кескіндеу

Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).

 Бағалау критерийі:

 Бұл сабақта оқушы:

  • кеңістік фигураларының жазбасын көрсете алады;
  • кеңістік фигураларының кескінін бейнелейді;
  • кеңістік фигураларының жазбасын жинау жолын негіздей алады.

 

 Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2.Білімді өзектендіру:

Сыныппен жұмыс:

Мақсаты: оқушылардың зейінін шоғырландыру;

Ой қозғау. «Конструктор»

Суретте қандай фигураның жазбасы бейнеленген? Оның өлшемдерін 4 есе үлкейтіп, параққа көшіріңіз және кесіп, көпжақ құрыңыз.

Мұғалім қызметі: оқушылардың сабақта мақсатты жұмыстануын ұйымдастыру.

Оқушы қызметі: оқушышылар өз пікірін айтады.

Бағалау: мұғалімнің ауызша пікірі.

Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийі айтылады. Бағалау критерийі оқушылармен таңдалады.

Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

3. Практикалық жұмыс

Жұптық жұмыс.

Тапсырма1.

Изометриялық қағазда салуды түсіндіру.

б) Қай суреттегі жазбадан куб жинау мүмкін емес?

Изометриялық қағазада салу. .

Тапсырма 2.

№1. Фигура неше текшеден құралған?

№2. Мына фигураларды текшелердің көмегімен құрыңыз(конструктор элементтері) және изометриялық қағазға бейнелеңіз.

Топтық жұмыс. Каллоборативті оқыту ортасын орнату

Тапсырма 3.

№511.

Картоннан тіктөртбұрыш, тік бұрышты үшбұрыш, дөңгелек қырқып алып стерженьге бекітіп қойыңыз. Стерженьді алақандар арасында айналдырып, цилиндр, конус, шардың пайда болуын бақылаңыз

.

№517.

Келесі суреттегі фигураларды l түзуі маңайында айналдырғанда пайда болған геометриялық денелерді 2:1 масштабта бейнелеңіз. Оларды сипаттаңыз.

Дескриптор. Оқушы:

  • айналу денесін бейнелейді;
  • айналу денесін сипаттайды.

Бағалау дескриптор арқылы жүзеге асырылады.

Жұппен жұмыс

Тапсырма 4.

№1.

Суретте бірдей текшелерден тікбұрышты паралллепипед құрған. Ол үшін неше текше қажет болды?

Шешуі: V=3·6·4= 72

Жауабы: 72 текше

№2.

Жазбасы бойынша геометриялық фигураны анықтаңыз және көлемін есептеңіз.

Жауабы: Текше. V=1331

№3.

Берілген параллелепипедтің бетінің ауданын табыңыз.

Жауабы: S=222

№4. Суретте қырының ұзындығы 1 см болатын текшелерден фигура құрастырылған. Осы фигураның көлемін табыңыз.

Жауабы: V=16

 Әр оқушы есепті өз таңдаулары бойынша шешеді. Тапсырманы шешу жолын жұбына түсіндіреді. Егер қате жасалса, ол себебін анықтап, түзетеді. Түсіндірме дескриптор арқылы жүргізіледі.

4. Сабақты қорытындылау.

  • Қандай тапсырмалар қиындық туғызды?
  • Неліктен?
  • Жұмыста нені ескермедіңіздер?
  • Неліктен?
  • Нәтижені қалай жақсартуға болады?

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім;

- нені толық түсінбедім;

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Үйге:

Тапсырма 1. Текшенің жазбасы берілген. Осы жазбадан келесі текшелердің қайсысын құрауға болады?

Тапсырма 2. Текшенің жазбасы берілген. Осы жазбадан келесі текшелердің қайсысын құрауға болады?

 

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» 🎂 Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу