Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер.
6.3.2.2
параллель, перпендикуляр түзулер мен кесінділерді ажырату;
Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз
Сабақта барлық оқушылар толық түсініп, алған білімін толыққанды пайдалана білуі үшін, бір – біріне көмек ұйымдастырып сабақ нәтижелі болуы үшін бірлескен оқу ортасын құрыңыз.
Үйге берілген тапсырманы тексеріңіз: мұғалім интербелсенді тақтада есептердің шығарылу жолдары мен жауаптарын көрсетеді, ал оқушылар дәптерлеріндегі үй жұмысының есептерінің шығарылу жолдары мен жауаптарын сәйкестендіріп, өзін-өзі бағалауды жүзеге асырыңыз.
Өтілген материалдарды еске түсіру мақсатында
«Ой қозғау»:
- қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады?
- қандай құралдармен перпендикуляр түзулер жүргіземіз?
- квадрат салыңыз, әріптермен белгілеңіз, перпендикуляр түзулер жұбын жазыңыз.
Жаңа тақырыпты оқушылармен бірге ашуды ұсыну, ол үшін мына сызба жұмыстарына назар аудартыңыз:
- бұл түзулер бізге таныс па?
- суреттегі түзулер қалай орналасқан?
Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстыру, түсінік беру.
Анықтама: Бір жазықтықта жататын бір – бірімен қиылыспайтын екі түзу параллель түзулер деп аталады. Грек сөзі, қазақша «қатар жүруші» дегенді білдіреді.
Оқылуы: k түзуі l түзуіне параллель.
Параллель а және b түзулерін жүргізу үшін сызба бұрыштықты пайдалануды көрсету.
Параллель түзудің қасиеттері:
1.
Берілген түзуде жатпайтын бір нүкте арқылы сол түзуге бір ғана параллель түзу жүргізуге болады.
s || t.
2. Бір жазықтықтағы екі түзу үшінші түзуге перпендикуляр болса, онда ол екі түзу параллель болады.
, c || d болады.
Өмірден параллель түзуге мысалдар келтіртіп, жалпы сыныппен талдаңыз.
Жаңа тақырыпты бекіту тапсырмалары:
№1. Фигуралардың қай қабырғалары бір – біріне параллель (ауызша)?
№2. Түзуден тыс жатқан нүкте арқылы берілген түзуге параллель түзу жүргізіңіздер:
Оқушылардың тапсырмаларды орындау барысына кері байланыс беріңіз.
Оқушыларға жұпта жұмыстануды ұсыныңыз, берілген деңгейлік тапсырмаларды бірігіп орындап, нәтижесін дайын жауаппен тексеріп, өзара бағалау жүргізеді. Жұптық жұмыста оқушылар бірігіп жұмыстанады, пікір алмасады, дұрыс нәтижеге жетуге бірігіп ұмтылады.
Жұптық жұмыс
Оқушылардың өздері сабақта қол жеткізуге бағытталған нәтижеге негізделіп жұмыстануы үшін, өзінің қаншалықты сабақты түсінгенін, меңгеру дағдысын бақылау мақсатында өз бетімен жұмыстануды ұсыныңыз.
№1.
Көпбұрыштардың қай қабырғалары параллель?
Белгіленулермен жазыңдар.
№2.
Қарама – қарсы қабырғалары параллель және бұрыштары тік бұрыш болатын төртбұрыш берілген. Оның параллель қабырғалары арасындағы арақашықтық 7 см және 3 см. Төртбұрыштың периметрін табыңдар.
№3.
m және n түзулері параллель. Е нүктесі m түзуінен 1 см қашықтықта болса, n түзуінен 3 см қашықтықта. m және n параллель түзулері бір – бірінен неше сантиметр қашықтықта? Сызып көрсетіңдер. Есептің неше шешімі бар?
Жауабы: есептің екі шешімі бар; 4 см, 2 см.
Дескриптор: Білім алушы:
- параллель түзулер анықтамасын біледі;
- параллель түзулерді салып біледі;
- параллель түзулерді белгіленуімен жазады:
- есеп шарты бойынша есептеу жүргізеді.
Жұптар арасында өзара бағалау жүргізу. Оқушылардан бірін – бірі бағалау кезінде академиялық адалдықты талап етіңіз.
Тест тапсырмалары:
1. х – ті табыңыз:
А) 70; Б) 100; В) 90; С) 680; D) 220.
2. Төмендегі ұйғарымның қайсысы дұрыс?
А) ;
Б) ВАС бұрышы – тік;
В) ; - сүйір бұрыштар;
С) ;
D) барлық жауап дұрыс.
3. Сурет бойынша дұрыс жауапты табыңыз:
А) a||c
Б) c||b
В) a||b||с
С) a||b
D) барлық жауап дұрыс.
4. Параллель кесінділері бар суретті көрсетіңіз:
А) А; Б) АБ; В) В; С) СГ; D) АВ.
5. Параллель сәулелері бар суретті көрсетіңіз:
А) АГ; Б) АВГ; В) ВС; С) БСГ; D) А.
6. Параллель түзулерді табыңыз:
А)АВ||DC; Б)AB||CD; В)BC||AD; С)AD||CD; D)DC||BC.
Жауаптары:
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
А | С | С | D | Б | B |
Дайын жауап арқылы өзін – өзі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.
Өз бетімен орындалатын жұмыс
№1.
s түзуінде жатпайтын А нүктесі арқылы k, l және t түзулері жүргізілген. k, l және t түзулерінің қайсысы s түзуіне перпендикуляр, қайсысы параллель екенін белгілеулері арқылы жазып көрсетіңдер.
№2.
АВС үшбұрышының А төбесінен ВС қабырғасына, В төбесінен АС қабырғасына, С төбесінен АВ қабырғасына параллель түзу жүргізіңіз. Шыққан фигурада неше үшбұрыш бар? Параллель кесінділердің неше жұбы пайда болды? Параллель кесінділерді жазыңыз.
Дескриптор: Білім алушы:
- сурет бойынша белгілеулермен жазып көрсете алады;
- есеп шарты бойынша сызбаларды орындайды.
Дайын жауап арқылы оқушылар арасында өзара бағалауды ұйымдастырыңыз. Бұл бағалаудың түрі арқылы оқушының өзінің сабақты жетік меңгеруіне жол саласыз.
Сабақ барысында оқушылар оқулықпен жұмыстанады, бір – біріне түсіндіреді, бірін - бірі бағалайды, өзара пікір алмасады, әркімнің пікірінің маңызды екенін түсінеді, ортада өзара сыйластық орнайды.
Сабақты қорытындылау:
- қандай түзулер параллель болады?
- параллель түзулердің қандай қасиеттері бар?
Оқушылар сабақ соңында өз ойтолғаныстарын білдіру арқылы бүгінгі тақырып бойынша «Жетістік баспалдағы» стратегиясы көмегімен рефлексия жасап, өздерінің қай сатыда екенін анықтайды.
Үйге тапсырма
Үйге тапсырма: №1157
Параллель қырларын белгілеулермен жазыңыз:
Ресурстар:
- Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
- А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 6 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру