Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер.

6.3.2.1

параллель, қиылысатын, перпендикуляр түзулердің анықтамаларын білу;

Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз

Сабақта барлық оқушылар толық түсініп, алған білімін толыққанды пайдалана білуі үшін, бір – біріне көмек ұйымдастырып сабақ нәтижелі болуы үшін бірлескен оқу ортасын құрыңыз.

Ой қозғау сұрақтарын қойыңыз, оқушылардың берген жауаптарына кері байланыс беріңіз:

  • Суреттегі фигураларды бір сөзбен қалай атайды?

  • Қандай сызықтар көріп тұрсыздар?
  • Қандай топтарға бөлуге болады?
  • Сызық дегеніміз не?

Жаңа материалды оқушылармен бірігіп үйренуге бағыттаңыз.

Проблемалық жағдай арқылы сабақ тақырыбын, мақсатын анықтауды ұсыныңыз.

Мына түзулер қалай орналасқан?

Жаңа сабақ бойынша не білуіміз керек, сабақ мақсаты қандай толық түсінік беру.

Енді осы түзулердің орналасуына жеке тоқталайық.

Түсіндірме практикалық жұмыс №1.

= , = .

Түсіндірме практикалық жұмыс №2.

Өзара тік бұрыш жасайтын екі түзу салып, әріптермен белгілеңіздер.

AB және CD түзулері перпендикуляр түзулер, жазылуы ( латын сөзі perpendicularis – қазақша тік бағыт).

Анықтама: Бір – бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзуді перпендикуляр түзулер деп атайды.

Перпендикуляр түзулер бойында жатқан кесінділер де өзара перпендикуляр.

Үшбұрышты сызғышты немесе транспортирді пайдаланып перпендикуляр түзулерді жүргізуді үйрету.

1. Берілген нүктеден түзуге бір ғана перпендикуляр түзу жүргізуге болады.

2. Берілген нүктеден түзуге дейінгі қашықтық сол нүктеден түзуге жүргізілген перпендикулярдың ұзындығына тең.

Ғ – перпендикулярдың табаны.

Жалпы сыныппен практикалық жұмыс №3.

1) А нүктесінен ҒЕ түзуіне перпендикуляр жүргізіңіз;

2) А нүктесінен ҒЕ түзуіне дейінгі қашықтықты табыңыз;

3) В нүктесі қалай аталады?

4) , , EDC бұрышының, ADE бұрышының градустық өлшемін табыңыз.

Сынып болып есептің шығарылу жолын талдап, түсінік беріңіз.

Оқушыларға жұпта жұмыстануды ұсыныңыз, берілген деңгейлік тапсырмаларды бірігіп орындап, нәтижесін дайын жауаппен тексеріп, өзара бағалау жүргізеді. Жұптық жұмыста оқушылар бірігіп жұмыстанады, пікір алмасады, дұрыс нәтижеге жетуге бірігіп ұмтылады.

Жұптық жұмыс

Негізгі деңгей тапсырмасы:

№1.

Суреттегі s, p, k және l түзулерінің қайсысы өзара перпендикуляр екенін көрсетіңіз. EFMN тік төртбұрышының қабырғаларын перпендикуляр кесінділер түрінде жазыңыз.

Дамытушылық деңгей тапсырмасы:

№2.

1) АВС тік бұрышына ВD сәулесі жүргізілген. ВD сәулесі АВС тік бұрышын екі бұрышқа бөледі. Оның біреуінің градустық өлшемі екіншісінің градустық өлшемінің - іне тең. Бұрыштардың әрқайсйсйнйң шамасын табыңыз, есепті теңдеу құру арқылы шығарыңыз.

2) АВ түзуіне Е нүктесінде ОЕ перпендикуляры түсірілген. , . АОС бұрышының, ВОD бұрышының градустық өлшемдерін табыңыз.

№3.

KL түзуіне перпендикуляр NP түзуі жүргізілген. , АОК бұрышының градустық өлшемінің AON бұрышының градустық өлшеміне қатынасы 2:3 қатынасындай. DOP бұрышының, LOB бұрышының градустық өлшемдерін табыңыз.

Дескриптор: Білім алушы:

  • перпендикуляр түзулерді біледі;
  • перпендикуляр түзулерді жазады;
  • есеп шарты бойынша теңдеу құрады;
  • белгісіз бұрыштарды табады;
  • сызбаларды пайдаланып белгісіз бұрыштарды табады.

Мұғалім ұсынған дайын жауаптар арқылы жұптар арасында өзара бағалау жүргізіледі.

Оқушылардың өздері сабақта қол жеткізуге бағытталған нәтижеге негізделіп жұмыстануы үшін, өзінің қаншалықты сабақты түсінгенін, меңгеру дағдысын бақылау мақсатында өз бетімен жұмыстануды ұсыныңыз.

Жеке жұмыс

№1.

1) Суреттегі перпендикуляр түзулерді жазыңыз;

2) болса, COF және FOB бұрыштарының градустық өлшемдерін табыңыз.

№2.

АОВ тік бұрышын сызыңдар. Оның қабырғаларына төбесінен бастап бірдей 2 см кесінділер өлшеп салыңдар да, оның ұштары арқылы осы тік бұрыштың ішінен оның қабырғаларының әрқайсысына перпендикуляр жүргізіңіз. Қандай фигура пайда болды? Пайда болған фигураның периметрін, ауданын табыңыз.

Дескриптор: Білім алушы:

  • перпендикуляр түзулерді біледі;
  • сызбаларды пайдаланып белгісіз бұрыштарды табады;
  • сызбаны сауатты орындайды;
  • пайда болған фигураны біледі;
  • пайда болған фигураның периметрін, ауданын табады.

Тақтада ұсынылған дайын дескриптор арқылы оқушыға өзін – өзі бағалауды ұсыныңыз.

Сабақ барысында оқушылар оқулықпен жұмыстанады, бір – біріне түсіндіреді, бірін - бірі бағалайды, өзара пікір алмасады, әркімнің пікірінің маңызды екенін түсінеді, ортада өзара сыйластық орнайды.

Сабақты қорытындылау:

  • перпендикуляр түзулер түсінік;
  • перпендикуляр түзулердің анықтамаларына шолу;
  • перпендикуляр түзулерді салу туралы.

Үйге тапсырма

Тең бүйірлі үшбұрыш сызыңдар. Оның төбесінен табанына перпендикуляр тұрғызыңдар. Перпендикулярдың ұзындығын бүйір қабырғасының ұзындығымен салыстырыңыз.

Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.

Рефлексия

Мен бүгінгі сабақта не білдім:

Мен не білдім

Мен не үйрендім

Мен нені түсінбедім

Мен не білуім керек

Ресурстар:

  • Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
  • А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 6 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу