Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер.

6.3.2.1

параллель, қиылысатын, перпендикуляр түзулердің анықтамаларын білу;

6.3.2.2

параллель, перпендикуляр түзулер мен кесінділерді ажырату;

Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз

Бүгінгі сабақта оқушылардың ұйымшылдықпен жұмыстануы үшін біріккен оқу ортасын құрыңыз.

Үй тапсырмасын слайд арқылы тексеру, көмек қажет оқушыларға қосымша түсінік беру.

Оқушылардың сабаққа ынтасын аударып, қызығушылығын арттыру, күш қуатын нығайту үшін сергіту сәтін ұйымдастыру.

«Математиктер биі»

Оқушылар, бүгінгі сабақ өткен тақырыпты пысықтау сабағы, сондықтан негізгі теориялық ұғымдарды еске түсіре отырып жұмыстанамыз.

Ол үшін «Борды беріп жібер» стратегиясын қолданайық.

Оқушыларға тапсырмалар жазылған үлестірме ұсыныңыз. Мұғалім тапсырманы түсіндірмей орындайды да борды (маркерді) кез келген оқушыға береді. Оқушы орындалған тапсырманы түсіндіреді және алдын ала дайындалған критерий бойынша бағалайды, содан соң өзі бір тапсырманы түсіндірмей орындайды да, борды басқа оқушыға береді, ойын осылайша жалғасады.

№1. Берілген сурет бойынша табыңыз:

Жауабы: 1400, 400, 1400.

№2. AB, CD және EF түзулері О нүктесінде қиылысады. ; , СОВ бұрышының градустық өлшемін табыңыз.

Жауабы: 600.

№3. Екі түзудің қиылысуынан пайда болған бұрыштардың үшеуінің қосындысы 2840. Бұрыштардың әрқайсысының градустық өлшемін табыңыз.

Жауабы: 760, 1040.

№4. MN, KL және FT түзулері O нүктесінде қиылысады. және . және бұрыштарының градустық өлшемдерін табыңыз.

Жауабы: 750, 700.

Шығарылған есептерді оқушы толық түсінік беріп, сол бойынша бағалауды талап етіңіз.

Топтық жұмыс жүргізіңіз.

Мынадай суреттер ұсыну арқылы оқушыларды шағын топтарға біріктіріп, топтық деңгейлік тапсырмалар ұсыныңыз.

№1. a, b және c түзулері бір нүктеде қиылысады. екенін дәлелдеңіз.

№2. Берілген үш түзу бір нүктеде қиылысады. , . Табыңыз: , ,,,.

Жауабы: 390, 1120, 290, 390, 290.

№3. Берілген үш түзу бір нүктеде қиылысады. , . Табыңыз: , ,,, .

Жауабы: 400, 1200, 400, 1200, 200.

№4. m, n және k түзулері бір нүктеде қиылысады. , екенін дәлелдеңіз.

Дайын жауапты слайд арқылы көрсетіп, топтар арасында өзара бағалау жүргізу. Дәлелдеу есептеріндеде топ жауабына қараңыз.

Жеке жұмыс жүргізіңіз

Оқушылардың өздері сабақта қол жеткізуге бағытталған нәтижеге негізделіп жұмыстануы үшін, өзінің қаншалықты сабақты түсінгенін, меңгеру дағдысын бақылау мақсатында өз бетімен жұмыстануды ұсыныңыз.

№1.

Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштардың:

а) екеуінің қосындысы 1140;

b) үшеуінің қосындысы 2200 осы бұрыштарды табыңыз.

Жауабы: а) 570, 1230, 570, 1230; b) 400, 1400, 400, 1400.

№2. ,. Табыңыз: , ,.

Жауабы: 210, 630, 420.

№3. Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс:

1) берілген нүктеден түзуге бірнеше перпендикуляр түсіруге болады;

2) нүктеден түзуге дейінгі қашықтық нүктеден түзуге түсірілген перпендикулярдың ұзындығына тең;

3) берілген нүктеден түзуге бір ғана перпендикуляр түсіруге болады;

4) кез келген қиылысатын екі түзу – перпендикуляр түзулер.

Дескриптор: Білім алушы:

  • есеп шартын пайдаланып белгісізді табады;
  • сызба бойынша белгісіз бұрышты табады;
  • тұжырымдардың дұрысын анықтайды.

 Дайын жауапты тақтада көрсету арқылы өзін – өзі бағалауды ұсыныңыз, тексеруден соң кері байланыс беріңіз.

Сабақты қорытындылау:

  • параллель, перпендикуляр түзулердің анықтамаларын тұжырымдау;
  • параллель, перпендикуляр түзулерді салу жолына шолу..
  • Рефлексия

Үйге тапсырма №1085

Сағат 12-ден 15 минут кеткенде оның сағаттық тілі мен минуттық тілі неше градус бұрыш жасайды?

А. 82030/; В. 840; С. 85030/; ; D. 80030/;.

Ресурстар:

  • Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
  • А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 6 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу