Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар
Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер
Оқу мақсаты: 6.3.2.1 параллель, қиылысатын, перпендикуляр түзулердің анықтамаларын білу.
Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).
Бағалау критерийі:
- параллель түзулердің анықтамасын тұжырымдайды;
- торкөзі бар және торкөзі жоқ парақтарда параллель түзулерді салады;
- сызбалар мен қоршаған ортадан параллель түзулерді таниды және таба алады.
Негізгі ұғымдар, анықтамалар.
Математикалық тілде жазылуы: a || b
|
Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.
I.Ұйымдастыру
Мақсаты: амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сыныпта қолайлы атмосфера үшін психологиялық ахуал тудыру.
Сипаттама: амандасу
- қатар тұрған екі оқушы бір-біріне амандасудың бірнеше түрін айтып амандасады, бүгінгі күнге сәттілік тілейді.
Мұғалім қызметі: сыныпта қолайлы жұмыс ортасын құруға ықпал етеді.
Оқушы қызметі: мұғаліммен, сыныптастарымен амандасу, сабаққа зейін аудару.
Бағалау: мұғалімнің ауызша мадақтауы.
II. «Жақын арада даму» аймағын анықтау
Мақсаты: жаңа тақырыпты игеруге қажетті білімді қайталау
Әдіс: «Серпілген сұрақ» әдісі
Сипаттама: Оқушылардың меңгерген білімдерін саралап, ширату жаттығуын жүргізу үшін «Серпілген сұрақ» әдісі қолданылады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы ойларын тұжырымдап, меңгерген білімдерін еске түсіреді.
Мұғалім қызметі: оқушыларды қадағалайды.
Оқушы қызметі: әр оқушы сұрақ қояды, қойылған сұраққа жауап береді
Бағалау: бағыттайды, қадағалайды.
III. Жұптық жұмыс арқылы тақырыптың өзектілігін ашу
Мақсаты: өтілетін материалды түсінуге бағытталған продуктивті ойлауды жүзеге асыру
Әдіс: инновациялық оқыту
Сипаттама: Техникада, тұрмыста ортақ нүктелері болмайтын түзулер де кездеседі. Мұндай түзулерге мысал келтіріңіздер. Бұл түзулер қалай аталады, ойланып көрейік?
Мұғалім қызметі: сұрақ қояды, оқушылардың жауаптарын тыңдайды
Оқушы қызметі: сұрақтарға жауап береді (еркін жауап)
Бағалау: мұғалімнің ауызша пікірі.
IV. Мақсатты анықтау
Мақсаты: сабақтың мақсатын бірлесіп анықтау.
Сипаттама: Бүгін сабақта нені үйрену керек?
Әдіс: SMART-технологиясы: бұл түзулердің атауын білу және оларды салуды үйрену
Мұғалім қызметі: кумулятивтік әңгіме жүргізу арқылы тақырыппен таныстырады
Оқушы қызметі: оқушылар өз ойын айтады, пікірімен бөліседі, сабақ мақсатын тұжырымдайды.
Бағалау: мұғалімнің ауызша пікірі.
Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.
Жаңа сабақты түсіну.
V. I практикалық жұмыс
Мақсаты: параллель түзулермен танысу; бұл түзулерді торкөзі бар және торкөзі жоқ парақтарда салу дағдыларын қалыптастыру; зейінді, есте сақтауды, логикалық ойлауды дамыту; танымдық қызығушылығын ояту.
Әдіс: инновациялық оқыту әдісі
Сипаттама: — Торкөз парақта түзуді қалай салуға болады? Ол үшін бізге не қажет?
1. Жеке жұмыс: сызғыш пен қарындаш көмегімен дәптерде және тақтада салу орындалады.
— параллель түзу сызыңыз.
Проблема: біз параллель түзу не екенін білмейміз.
2. Сөздікпен жұмыс: «параллелос» — грек тілінен аударғанда «қатар жүруші» деп аударылады.
— дәптер бетінде параллель түзуді қалай салуға болады?
(дәптердің сызықтарын қолданыңыз)
— Неге бұл сызықтар параллель деп аталады?
Параллель түзулерді жазу және белгілеумен танысады.
Қорытынды: бұл түзулер ешқашан қиылыспайтын болғандықтан параллель деп аталған. «Параллель түзулер» видео-көрсетілімін тамашалау.
Видиедан не байқағаныңызды жаз. Өз қорытындыңызды айтыңыз.
3. Топтық жұмыс: екі топта торкөзі жоқ ақ парақта параллель түзулерді салу тәсілін талқылап, қорытындысын флипчартта жазады және тақтада көрсетеді, дескрипторын құрастырады.
Қорытынды: топтар жұмыстарын қорғайды.
1-әдіс 1.Бұрыштық сызғыш көмегімен салу.
Дескрипторлар:
1. а түзуін салу
2. оңан перпендикуляр түзу салу;
3. осы перпендикулярға перпендикуляр болатын басқа b түзуін салу
4. b түзуін созу;
5. а және b түзулерін параллель дұрыс сызады.
2-әдіс 2.Бұрыштық сызғыш және сызғыш көмегімен салу.
Дескрипторлары:
1. а түзуін салады
2. бұрыштықтың сызғыштың бір қабырғасын осы түзуге орналастырып, сызғышты бұрыштық сызғыштың келесі қабырғасына беттестіреді
3. бұрыштықты сызғыш бойымен жылжытады
4. b түзуін сызады;
5. а және b түзулерін параллель дұрыс сызады.
Қорытынды. «Параллель түзулерді салудың екі әдісі» видео-көрсетілімін тамашалау
Мұғалім қызметі: «параллель түзулер» ұғымын және оны салу тәсілдерін игеруге жағдай жасайды.
Оқушы қызметі: берілген түзуге параллель түзулерді салуы керек және тиісті өлшеулер көмегімен оларды тексеруі керек.
Бағалау: сөздікпен және жеке жұмыста өзін – өзі бағалау, топтық жұмыста өзара бағалау
Бағалау критерийлері:
1. торкөзді парақта параллель түзулерді дұрыс салады
2. торкөзі жоқ парақта параллель түзулерді бұрыштық көмегімен дұрыс салады
3. торкөзі жоқ парақта параллель түзулерді бұрыштық және сызғыш көмегімен дұрыс салады
VI. II практикалық жұмыс
Мақсаты: параллель түзулер туралы білімдерін тереңдету, түзулердің параллельдігіне берілген есептерді шығару; зейінді, есте сақтауды, логикалық ойлауды дамыту; танымдық қызығушылығын ояту.
Әдіс: инновациялық оқыту әдісі.
Сипаттама:
1.Фронтальді жұмыс:
№ 1. Бұл тапсырманы ауызша орындауға болады. Оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қою арқылы жауабын табуға итермелеу керек. Тапсырма орындалған соң мұғалім тексеру жүргізеді. Бірнеше оқушылардан жауаптарын түсіндірулері сұралады.
Сынық сызықтың ұзындығы неше сантиметр?
1-сурет.
А.150 см; В. 120 см; D. 140 см; С. 130 см.
Жауабы: А.150 см.
№ 2 - № 5 тапсырмаларды дәптерде орындау керек. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал мұғалім кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетеді.
№ 2.
Сурет-2. | a мен b параллель түзулері берілген (2-сурет). Осы түзулердің бойынан AB, CD, ED кесінділерін және ON, CM сәулелерін белгілеңдер. а) Параллель кесінділер мен параллель сәулелерді анықтаңдар; б) Параллель болу себебі неде? Түсіндіріңіздер. Жауабы: а) CE, ED және СD кесінділеріне параллель кесінділер: ОА, АВ, ОВ. СМ сәулесіне параллель сәуле ON; б) a мен b параллель түзулер. Берілген кесінділер мен сәулелер осы түзулер бойында жатыр. |
№ 3. a мен b түзулері берілген. Егер a // b болса, b//с бола ма? Жауабын түсіндіріңіздер.
№ 4.
Сурет-3. | Берілген суреттегі АВС үшбұрышының А төбесінен ВС қабырғасына, В төбесінен АС қабырғасына, С төбесінен АВ қабырғасына параллель түзу жүргізіңіздер. Шыққан фигурада неше үшбұрыш бар? Жауабы: 5 үшбұрыш. |
№ 5.
Сурет-4. | Суреттегі АВС тік бұрышты үшбұрышымен FDE тік бұрышты үшбұрышының параллель қабырғалаларын «//» белгісін пайдаланып жазыңыз. Жауабы: FE||AB, BC||DF, AC||DE |
Мұғалім қызметі: қадағалау, қажет болған жағдайда қолдау көрсету
Оқушы қызметі: берілген тапсырмаларды жұпта бірге орындау
Бағалау: дайын жауап арқылы бірін-бірі тексеру.
VII.Өзіндік жұмыс.
Мақсаты: оқушылар білімін өзіндік жұмыс арқылы бекіту
Әдіс: дамыта бақылау әдісі
Сипаттама:
№ 1.
Сурет-5.
а түзуін сызыңыз:
- а түзуінде жатпайтын Е нүктесін 3-суреттегідей етіп таңдап алыңыз;
- Е нүктесі арқылы а түзуіне параллель түзу жүргізіңіз.
Жауабы:
№ 2. «Жұбын табыңыз» (сәйкестікті анықтаңыз).
1. Бір жазықтықта жатып, қиылыспайтын екі түзу қалай аталады? |
| |||||
2. Берілген түзу бойында жатпайтын жазықтықтың кез келген нүктесі арқылы берілген түзуге параллель неше түзу жүргізуге болады? |
| |||||
3. . Онда a және b түзулері ... . |
| |||||
4. ABCDE фигурасының қай қабырғалары бір біріне параллель? |
| |||||
5. АС және BD түзулері параллель. К нүктесі АС түзуінен 1 см, ал BD түзуінен 2 см қашықтықта. CD кесіндісінің ұзындығын табыңыз. |
| |||||
6. Берілген АВС үшбұрышының төбелерінен келесі шарттарды қанағаттандыратындай түзулер жүргізілген: MK||BC, MN||AC, KN||AB. Барлығы неше үшбұрыш пайда болды? |
| |||||
|
Жауабы: 1 – В; 2 – Г; 3 – В; 4 – К; 5 – Л; 6 – Т.
Мұғалім қызметі: қадағалау, қажет болған жағдайда қолдау көрсету
Оқушы қызметі: өзіндік жұмыс орындау
Бағалау: дайын жауап арқылы өзін-өзі тексеру.
VIII. Сабақты қорытындылау
Мақсаты: оқушылардың материалды меңгеру сапасын бақылау, қажетті білімді анықтау
Әдіс: дамыта оқыту
Сипаттама:
Талқылау: неге параллель түзулер темір жол салушылар мен шаңғышыларда қызығушылық тудырады?
Мұғалім қызметі: сұрақтар қояды, оқушылар жауаптарын реттейді. Оқушы қызметі: жауап беру, презентация бойынша ауызша жұмыс.
Бағалау: презентациядағы дайын жауаптар бойынша өзі-өзі тексеру, мұғалімнің ауызша коментарийі
VIII. Шығармашылық үй тапсырмасы.
Мақсаты: оқушылардың шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау
Әдіс: шығармашылық көзқарас
Сипаттама: Бізді қоршаған параллель түзулерге не жатады?
Бірнеше мысалдар келтіріңіз. Мысалы, адамның екі қолы параллель.
Мұғалім қызметі: қажет болған жағдайда тапсырмаларды түсіндіру
Оқушы қызметі: үй тапсырмасын тиянақты орындау
X. Рефлексия
Мақсаты: өтілген сабақ бойынша кері байланыс алу
Әдіс: " баспалдақ "
Сипаттама: Өткен тақырып бойынша өзінің қаншалықты меңгергенін «баспалдақ» (саты) арқылы бейнелеп көрсетеді.
Мұғалім қызметі: өз жауаптарын түсіндірп айтуларын сұрау, сабақты қорытындылау.
Оқушы қызметі: өз жұмысына баға береді, жауабын түсіндіріп айтады.
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
- Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6, 3-басылым.
- Bilimland.kz
- http://www.mathematics-repetition.com/6-klass-test/test-6-8-1-parallelyne-pryame.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру