Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар
Айнымалы. Айнымалысы бар өрнек.
Оқу мақсаты: 6.3.2.2 параллель, перпендикуляр түзулер мен кесінділерді ажырату.
Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).
Бағалау критерийі:
Бұл сабақта оқушы:
- торкөзі бар және торкөзі жоқ парақтарда параллель және перпендикуляр түзулерді салады;
- сызбалар мен қоршаған ортадан параллель және перпендикуляр түзулерді таба алады
Негізгі ұғымдар, анықтамалар.
|
Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.
I.Ұйымдастыру
Мақсаты: амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сыныпта қолайлы атмосфера үшін психологиялық ахуал тудыру.
Әдіс: тұлғалық-жеке-коммуникативті әдіс, «коммуникативтік шабуыл» тәсілі.
Сипаттама: амандасу
- Қайырлы таң, күн! (барлығы қолдарын көтереді, содан соң түсіреді).
- Қайырлы таң, аспан! (қимыл қайталанады).
- Қайырлы таң, бәрімізге! (барлығы қолдарын екі жағына созады және түсіреді).
Мұғалім қызметі: сыныпта қолайлы жұмыс ортасын құруға ықпал етеді.
Оқушы қызметі: мұғаліммен, сыныптастарымен амандасу, сабаққа зейін аудару.
Бағалау: мұғалімнің ауызша мадақтауы.
II. «Жақын арада даму аймағын анықтау.
Мақсаты: жаңа тақырыпты игеруге қажетті білімді қайталау
Әдіс: «Шабандоз бен ат» интербелсенді оқыту тәсілі
Сипаттама: «Шабандоздар» өз «аттарын» таңдайды. Бірінші оқушы сұрақ қояды, осы сұраққа бірінші жауап берген оқушымен жұптасады. Екінші оқушы сұрақ қояды, осы сұраққа бірінші жауап берген оқушымен жұптасады, осы цикл оқушылар жұптасып біткенше жалғасады. Әр «шабандоз» өзінің «атын» осылай табады.
Мұғалім қызметі: оқушыларға сұраққа дұрыс жауап беру үшін бағыт-бағдар береді.
Оқушы қызметі: әр оқушы сұрақ пен оның жауабын айту арқылы өз жұбын табады.
Бағалау: оқушылар ауызша марапаттау, ынталандыру
III. Жұптық жұмыс арқылы тақырыптың өзектілігін ашу
Мақсаты: өтілетін материалды түсінуге бағытталған продуктивті ойлауды жүзеге асыру
Әдіс: дамыта оқыту
Сипаттама: № 1
Сурет-1. |
- фигуралардың қай қабырғалары бір-біріне параллель?
- фигуралардың қай қабырғалары бір-біріне перпендикуляр?
Мұғалім қызметі: сұрақ қояды, оқушылардың жауаптарын тыңдайды
Оқушы қызметі: суреттерді мұқият қарайды, сұрақтарға жауап береді (еркін жауап)
Бағалау: мұғалімнің ауызша пікірі.
Жауабы: АD||BС, FK||EL, FE||KL, TN||PS;
FK ┴FE, FE┴ EL, EL ┴KL, KL┴ FK.
IV. Мақсатты анықтау
Мақсаты: сабақтың мақсатын бірлесіп анықтау.
Сипаттама: Бүгін сабақта нені үйрену керек?
Әдіс: SMART-технологиясы: бұл түзулердің түрлерін ажырата білу
Мұғалім қызметі: оқушылардың сабақта мақсатты жұмыстануын ұйымдастыру.
Оқушы қызметі: оқу мақсатын әрқайсысы маңызды деп қабылдаған жағдайында оқу үрдісінің белсенді субъектісі болып табылады.
Бағалау: мұғалімнің ауызша пікірі.
V. I практикалық жұмыс
Мақсаты: перпендикуляр және параллель түзулерді торкөзі жоқ парақтарда салу дағдыларын қалыптастыру; зейінді, есте сақтауды, логикалық ойлауды дамыту; танымдық қызығушылығын ояту.
Әдіс: инновациялық оқыту әдісі
Сипаттама:
1.Жеке жұмыс:
Әдіс: дамыта бақылау әдісі
Сипаттама:
№ 2. Берілген сұрақтардың жауабын таңдаңыз.
1. Қандай түзулер параллель деп аталады?
А) бір жазықтықта қиылыспайтын түзулер
Б) бір жазықтықта қиылысатын түзулер
В кейде ғана қиылысатын түзулер
2. Қандай түзулер перпендикуляртүзулер деп аталады?
А) сүйір бұрыш жасап қиылысатын түзулер
Б) тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер
В) доғал бұрыш жасап қиылысатын түзулер
3. Грек тілінен аударғанда «параллелос» сөзі қандай мағына береді?
А) «сызық»; Б) «түзу»; В) «қатар жүруші»
4. Түзу сызық дегеніміз не?
А) түзу – ол шексіз сызық
Б) түзу – ол кесінді
В) түзу – ол сызық
5. Грек тілінен аударғанда “перпендикулярис” сөзі қандай мағына береді?
А) перпендикуляр түзулер
Б) перпендикуляр кесінділер
В) перпендикуляр
Мұғалім қызметі: қадағалу, қажет болған жағдайда қолдау көрсету
Оқушы қызметі: өзіндік жұмыс орындау
Бағалау: дайын жауап арқылы өзін-өзі тексеру.
Жауабы: 1 – А; 2 – Б; 3 – В; 4 – А; 5 – В.
2.Фронтальді жұмыс:
№ 3.
Оқушылардың перпендикуляр түзулерді дұрыс салуына баса назар аударылады.
Сурет-2.
s түзуін сызыңыз:
- s түзуінде жатпайтын А мен В нүктелерін 4-суреттегідей етіп таңдап алыңыз;
- А нүктесі арқылы s түзуіне перпендикуляр k түзуін сызыңыз.
- В нүктесі арқылы s түзуіне перпендикуляр l түзуін сызыңыз.
- k және l түзулері өзара параллель бола ма?
Бағалау: дайын жауап арқылы бірін-бірі тексеру.
Жауабы:
Қорытынды: k және l түзулері өзара параллель, себебі бұл түзулер s түзуіне перпендикуляр.
VI. II практикалық жұмыс
Мақсаты: берілген сызбалардан параллель және перпендикуляр түзулерді табу дағдыларын қалыптастыру; зейінді, есте сақтауды, логикалық ойлауды дамыту; танымдық қызығушылығын ояту.
Әдіс: инновациялық оқыту әдісі.
Сипаттама: Топтық жұмыс.
№ 4. Сурет-3.
Берілген суреттегі параллель және перпендикуляр түзулерді жазыңыз.
Жауабы: a || b,
№ 5.
Сурет-4.
n түзуіне жатпайтын А және В нүктелері арқылы n түзуіне параллель түзулер жүргізілген. Төмендегі түзулердің, кесінділердің өзара орналасуын анықтаңыз. Жауаптарыңызды түсіндіріңіз.
А) AC және BD;
B) AB және BM;
C) CD және AB;
D) AC және MK;
E) AK және BM.
Жауабы:
А) AC || BD; B) AB BM; C) CD AB; D) AC || MK; E) AK || BM.
№ 6. Бұл тапсырмада төмендегі түзулердің, кесінділердің өзара орналасуына берілген сұрақтарды «Сандықшаға» (кез келген қорапшаға) салыңыз. Әр оқушыға «Сандықшадан» кездейсоқ үлестірмені алып, үлестірмеде бейнеленген түзулердің/кесінділердің өзара орналасуын сипаттап беруді сұраңыз. Басқа оқушылардан жауап берген оқушының сипаттамасына баға беруін сұраңыз.
Сурет-5.
m түзуінде жатпайтын А және В нүктелерінен m түзуіне перпендикуляр және перпендикуляр емес үш түзу жүргізілген. Төмендегі түзулердің, кесінділердің өзара орналасуын анықтаңыз. Жауаптарыңызды түсіндіріңіз.
а) AС және АO түзулерінің өзара орналасуын анықтаңыз;
ә) AC және BD кесінділерінің өзара орналасуын анықтаңыз;
б) AK және BN түзулерінің өзара орналасуын анықтаңыз;
в) OK және ON түзулерінің өзара орналасуын анықтаңыз;
г) CK және DN кесінділерінің өзара орналасуын анықтаңыз;
д) AO және BO түзулерінің өзара орналасуын анықтаңыз;
Жауабы:
а) AС және АO түзулері қиылысады, А нүктесінде;
ә) AC және BD кесінділері параллель егер АС және АО, ВО және BD кесінділерінің арасындағы бұрыш тік болса;
б) AK және BN түзулері параллель;
в) OK және ON түзулері бір түзудің бойында, параллель;
г) CK және DN кесінділері бір түзудің бойында, параллель;
д) AO және BO түзулері бір түзудің бойында, параллель;
3. Жеке жұмыс:
№ 7.
Bilimland.kz сайтындағы қорытынды жұмыс парағын орындау.
Оқушы қызметі: берілген барлық тапсырмаларды түсініп орындау.
Жауабы:
Бағалау: фронтальді жұмыста мұғалімнің ауызша бағалауы; жеке жұмыста өзін – өзі бағалау; топтық жұмыста өзара бағалау.
6 - 7 дұрыс жауап - "Жарайсың! Сен тақырыпты жақсы меңгердің!";
3 - 5 дұрыс жауап - "Саған тақырыпты қайталау керек!"
VIII. Сабақты қорытындылау
Мақсаты: оқушылардың материалды меңгеру сапасын бақылау, қажетті білімді анықтау
Әдіс: дамыта оқыту
Сипаттама:
1.Фронтальді жұмыс
- Өзара қиылысатын түзулердің өзара қиылыспайтын түзулерден айырмашылығы неде?
- Өмірде параллель және перпендикуляр түзулер туралы білім қай жерде қажет болады?
2. Презентация бойынша ауызша жұмыс
- Жетіспейтін сөздерді қойыңыз:
а) егер екі түзу тік бұрыш жасап қиылысса, олар ... түзулер деп аталады.
б) егер екі түзу қиылыспаса, олар ... түзулер деп аталады.
в) … ║ деп аталады, егер олар қиылыспаса.
г) … ┴ деп аталады, егер олар ∟ бұрышпен қиылысса.
- Суреттен қандай түзулер көруге болады?(8 слайд)
- Параллель және перпендикуляр түзулерді табыңыз, оларды атаңыз және символ арқылы жазыңыз.
Мұғалім қызметі: сұрақтар қояды, оқушылар жауаптарын реттейді. Оқушы қызметі: жауап беру, презентация бойынша ауызша жұмыс.
Бағалау: презентациядағы дайын жауаптар бойынша өзі-өзі тексеру, мұғалімнің ауызша коментарийі
VIII. Шығармашылық үй тапсырмасы.
Мақсаты: оқушылардың шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау
Әдіс: шығармашылық көзқарас
Сипаттама: таңдау бойынша (12-14 слайдтар)
1— "Айналамыздағы параллель және перпендикуляр түзулер" тақырыбында әңгіме құрастыру;
2 — алфавиттен параллель және перпендикуляр түзулері бар әріптерді тауып, соларды қатыстырып сөздер құрастыру;
3 — параллель және перпендикуляр түзулері бар қала суретін салу.
Мұғалім қызметі: қажет болған жағдайда тапсырмаларды түсіндіру
Оқушы қызметі: үй тапсырмасын тиянақты орындау
X. Рефлексия
Мақсаты: өтілген сабақ бойынша кері байланыс алу
Әдіс: "сауалнама"
Сипаттама: оқушыларға сауалнама ұсынылады
1. Сабақта мен ... жұмыс жасадым 2. сабақтағы өз жұмысыма ... 3. сабақ мен үшін ... болды 4. сабақта мен ... 5. менің көңіл-күйім ... 6. сабақтың материалы ... 7. үй тапсырмасы мен үшін ... | белсенді / селқос ризамын / риза емеспін қысқа / ұзақ шаршамадым / шаршадым жақсарды / нашарлады түсінікті / түсініксіз пайдалы / пайдасыз қызықты / қызықсыз жеңіл / қиын қызықты / қызықсыз |
Мұғалім қызметі: өз жауаптарын түсіндірп айтуларын сұрау, сабақты қорытындылау.
Оқушы қызметі: өз жұмысына баға береді, жауабын түсіндіріп айтады.
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
- Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6, 3-басылым.
- Bilimland.kz
- http://www.mathematics-repetition.com/6-klass-test/test-6-8-1-parallelyne-pryame.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру