Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: «Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару»

Сабақтың мақсаты:

6.5.1.6

мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару;

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

  • Мәтін есепте белгісізді анықтай алады;
  • Мәтін есептің математикалыұ моделін құра алады;
  • Cызықты теңдеулер құрастыра отырып, мәтін есептерді шығара алады;
  • Бір айнымалысы бар теңдеуді шешудің алгоритмін біледі;
  • Бір айнымалысы бар теңдеудің қасиеттерін біледі;
  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шығара біледі.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.

Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар бір-біріне жылылық сыйлау.

Психологиялық ахуал

«Аялы алақан»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Солай жалғасып оқушылар шеңбер бойына тұрады.

Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар дауыстап оқи отырып, үй тапсырмасын дұрыстығын тексереді, егер дұрыс болмаса, онда тақтаға шығып орындайды немесе қалай шығатынын түсіндіреді.

Ауызша «Кім тез есептейді». Оқушылардың тез есептеу қабілеттерін жетілдіру.

Оқушыларды жұпқа бөле отырып, оқу мақсатын меңгеру мақсатында тапсырмалар беру. Тапсырмалары бірдей жұптар бірін-бірі дескриптор арқылы тексереді және бағалайды.

Жұптық жұмыс

1 жұп

№1. Теңдеуді шешіңдер:

3(у - 5) - 2(у – 4) = 8. Ж: 15.

№2. Бірінші бидондағы сүт екінші бидонға қарағанда 3 есе көп. Егер бірінші бидоннан екінші бидонға 20 л сүтті құйса, онда екі бидонда да сүт бірдей болады. Әр бидонда қанша литрден сүт бар?

2 жұп

№1. Теңдеуді шешіңдер:

-5(5 – x) - 4x = 18. Ж: 43.

№2. AB кесіндісінің ұзындығы CD кесіндісіне қарағанда 2 см ұзын. Егер AB кесіндісін 10 см, ал CD кесіндісін 3 есе ұзартса, онда екі кесінді бірдей өлшемге тең болады. AB кесіндісінің ұзындығын табыңдар.

3 жұп

№1. Теңдеуді шешіңдер:

(3x – 6) - (7x - 21) = 9. Ж: -5.

№2. Қаладан ауылға дейін автобус 1,8 сағатта, ал жеңіл машина 0,8 сағатта жүреді. Егер автобустың жылдамдығы жеңіл машинаның жылдамдығынан 50 км/сағ кем болса, онда автобустың жылдамдығы неге тең?

4 жұп

№1. Теңдеуді шешіңдер:

5,4(3y – 2) – 7,2(2y – 3) = 1,2. Ж: -5

№2. Бірінші машинаға екінші машинаға қарағанда 0,6 т астықты артық тиеді. Егер бірінші машинаға 1,2 есе, ал екінші машинаға 1,4 есе көп жүк тиесе, онда екі машинада да жүк бірдей болады. Әр машинаға қанша тонна жүк тиеді?

Дескриптор: Білім алушы:

№1. – жақшаны ашып, ұқсас мүшелерді біріктіреді;

  • айнымалысы бар мүшені теңдіктің бір жағана, бос мүшені теңдіктің екінші жағына қарама-қарсы таңбамен көшіреді.
  • ax = b түріне келтіреді;
  • теңдеудің түбірін табады;
  • жауабын жазады.

№2. – белгісіз шаманы анықтайды;

  • мәтінді есептің шартын құрады;
  • бір айнымалысы бар теңдеу құрады;
  • ax = b түріне келтіреді;
  • теңдеудің түбірін табады;
  • жауабын жазады.

Жұптық жұмысты аяқтағаннан соң, сергіту жұмысы жүргізіледі.

Сергіту сәті

1 дегенде тұрайық,2, 3, 4 – алақанды соғайық,Оң жаққа бұрылып,Сол жаққа бұрылып,Бір отырып, бір тұрып,Біз жүгіріп алайық.5 дегенде асықпай,Орнымызды табайық.

Сергіту сәті аяқталғаннан соң оқушылармен оқу мақсатын меңгеруін тексеру мақсатында жұптық жұмыстар жүргізу. Оқушылар қатар отырғандар бір-бірінің жұмыстарын дескриптор және дайын жауаптар арқылы тексереді.

Жеке жұмыс

№1. 3 саны аталған теңдеулердің түбірі болатын теңдеулерді шешпей анықта.

А) 3х=0; В) -х+2=-1; С) 3x=0; Д) x+1=2x-10

№2. Теңдеуді шеш: 0*х = 0

А) 0; В) 1; С) х – кез-келген сан; Д) түбірі жоқ.

№3. Теңдеуді шеш: 6х-7=х+3

А) 2 ; В) -4/7; С )-4; Д) 1*3/7.

№4. Теңдеуді шеш: 2(6-х)-11=5(3х+7)

А) -2*8/3; В) -2; С) 25; Д) 2 .

№5. Автомобиль 3 сағат тас жолмен және 4 сағат жылдамдығын тас жолдағыдан 16 км/сағ-қа кемітіп, жай жолмен жүрді. Осы уақыт аралығында автомобиль 349 км жол жүрді.Автомобильдің тас жолдағы және жай жолдағы жылдамдығын тап.

А) 7(х+6)=349; В) 7(2х-16)=349

С) 4х+3(х-16)=349; Д) 4х+3(х+16)=349.

№6. 7 орам печенье және 6 қалта шемішке сатып алынды. Барлық сатып алынған заттың массасы 4 кг. Печенье орамы шемішке қалтасынан 0,2 кг-ға артық. Печенье орамының массасын және шемішке қалтасының массасын тап.

А) 13х-0,2=4; В) 13(2х-0,2)=4

С) 6х+7(х+0,2)=4; Д) 6(х+0,2)+7х=4.

№7. Қазір апасының жасы інісінің жасы одан 3 есе кіші болғандағы жасынан 6 есе үлкен. Егер 20 жылдан кейін олардың жастары бірге 100 жыл құрайтын болса, қазір олар неше жаста болғаны.

А)50 жас және 50 жас; В)18 жас және 6 жас

С)36 жас және 24 жас; Д)38 жас және 26 жас

Дұрыс жауаптар:

1-В, 2 – С, 3 – А, 4 – В, 5 – Д, 6 – С, 7 – С.

Жеке жұмыс талданып аяқталғаннан соң, әр оқушы өз орындаған тапсырмалары бойынша тұжырымдайды, жауаптарын дайын жауап бойынша тексереді, қорытынды жасайды. Содан соң үйге тапсырма беріледі.

Үйге тапсырма:Оқулық бойынша №870 есеп.

Содан соң бүгінгі сабақты қорытындылап, оқушылар оқу мақсатын қалай меңгергендігі туралы өз ой – пікірлерін айтады.

Рефлексия: Сабақтың мақсаты қандай болды?

2. Мен мақсатқа жеттім бе?

3. Мен не білдім?

4. Мен нені үйрендім?

5. Мен нені түсінбедім?

6. Мен не бойынша әлі де жұмыс істеуім керек?

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Математика, 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,

Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы.

  • Математика. 6 класс. Учебник. Виленкин Н.Я. и др.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу