Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: «Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару»

Сабақтың мақсаты:

6.5.1.6

мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару;

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

  • Мәтін есепте белгісізді анықтай алады;
  • Мәтін есептің математикалыұ моделін құра алады;
  • Cызықты теңдеулер құрастыра отырып, мәтін есептерді шығара алады;
  • Бір айнымалысы бар теңдеуді шешудің алгоритмін біледі;
  • Бір айнымалысы бар теңдеудің қасиеттерін біледі;
  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шығара біледі.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.

Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар бір-біріне жылылық сыйлау.

Психологиялық ахуал

«Мен елімді сүйемін»

1. Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз;

2. Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз;

3.Егер сіз, иттерді жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз;

4.Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз.

5.Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз;

6.Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар! 

Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды.

«Сұрақты қағып ал» арқылы оқушылардың бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу туралы білімдерін тексеру.

С – 1: Cанның модулі неге тең?

С - 2: Қандай түрдегі теңдеу бір айнылысы бар сызықтық теңдеу деп аталады?

С – 3: Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешуді қалай орындаймыз?

С – 4: Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп атайды? 

С – 5: Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер? 

С – 6: ах = b теңдеуінің түбірлерін табудың неше жағдайы бар?

С – 7: х a= b теңдеуінің b –ға байланысты неше жағдайы бар?

Бағдарлау-мотивациялық кезең.

Мұғалім:

Бұл сондай бір нәрсе, әуелі бірдеңені білмейсің, білгің келсе, іздеп тауып аласың. Кейде есептер тек соның көмегімен шығарылады. Мен оны шығаруды ұнатпаймын. Өйткені нашар білемін. Олардың жапырақтары мен сабақтары бар ма екенін білмеймін, ал түбірлері бар. Кейде жоқ болуы да мүмкін. Бастауыш сыныптарда олар -қарапайым, алтыншы сыныпта – сызықтық, ал жоғарғы сыныпта әр түрлі және күрделі болады. Бұл не?

Жауабы: Теңдеу

Мұғалім: Олай болса, бүгінгі өтетін тақырыбымыз мәтін есептерді теңдеу құры арқылы шығару.

Оқушыларға тапсырма бере отырып, теңдеу құрастырып, мәтін есептерді теңдеу құру арқылы шығару алгоритмін жасау.

Тапсырма:

Сурет бойынша сызықтық теңдеу құрыңдар. Мұндағы 1 орамжапырақтың массасы у кг. Теңдеуді шешіп, 1 орамжапырақтың массасын анықта.

Мәтін есептерді теңдеу құру арқылы шығару:

белгісіз шаманы анықтау;

бір айнымалысы бар теңдеу құрастыру;

теңдеуді теңбе-тең түрлендіріп ықшамдау керек;

айнымалысы бар мүшелерді теңдеудің сол жағына, ал бос мүшелерді теңдеудің оң жағына қарама-қарсы таңбамен көшіру;

теңдеудегі ұқсас мүшелерді біріктіріп, теңдеуді ах=b түріне келтіру;

теңдеудің екі бөлігінде айнымалының коэффициентіне бөліп, теңдеуді х = түріне келтіру.

  • Бекіту тапсырмалары
  • Жалпы сыныппен жұмыс

№863. Екі санның қосындысы 21-ге тең. Екі еселенген бірінші сан екінші саннан үшке артық. Сол сандарды табыңдар?

Шешуі:

2х+3+х = 21; 2x+3=2*6+3 = 153х = 21-3;

3x = 18; 

Х = 18:3;

х = 6; Жауабы: 15;6

№865. 6 а сыныбындағы оқушылар саны 6 в сыныбынан 25% - ке артық. 3 оқушыны 6 а сыныбынан 6 в сыныбына ауыстырғанда екі сыныптағы оқушылар теңеседі. Алғашқыда сыныптардың әрқайсысында неше оқушыдан болған?

Жауабы: 30 оқушы, 24 оқушы№864. Бірінші бассейнде 1600  екінші бассейнде 1215  су бар. Бірінші бассейнді тазарту үшін одан сағатына 65  су насоспен сыртқа ағызылды. Екінші бассейнге сағатына 45  су насоспен құйылды. Екі насос жұмыстарын бір уақытта бастаса, онда неше сғаттан соң екі бассейндегі сулар теңеседі?

Жауабы: 3,5 сағат

Жалпы сыныппен жұмысты болғаннан соң, оқушылармен сергіту сәті жүргізіледі.

Сергіту сәті

«Бір-екі-үш-төрт-бес» әдісі

Қатысушылардың бәрі бір мезгілде, алдымен оң қолын, сонан соң сол қолын жоғары қарай сермеп тұрып, бірден беске дейін санайды. Келесі жолы төртке дейін, сосын үшке, сосын екіге дейін, ең соңынан бірге дейін санайды. Әр тілде санаудың орнына «Ха-ха», Хи-хи» деп айтуға да болады.

Сергіту сәті аяқталғаннан соң оқушылармен оқу мақсатын меңгеруін тексеру мақсатында жұптық жұмыстар жүргізу. Оқушылар қатар отырғандар бір-бірінің жұмыстарын дескриптор және дайын жауаптар арқылы тексереді.

Жұптық жұмыс

Оқулық бойынша деңгейлік тапсырмаларды есептерді орындау. Жұпта отырған оқушылар бір-бірін тексереді.

А деңгейі

№867. Жүзім сусынын құятын сыйымдылығы 2 л және 3 л банкалар бар. Егер сусынды екі литрлік банкаларға құйса, үш литрлік банкаларға құйғандағыға қарағанда 2 банка артық қажет болады. Дайындалған жүзім сусыны неше литр? Жауабы: 12 л.

№868. Көгалдандыру үшін екі көше бойына ағаштар отырғызылды. Бірінші көшедегі ағаштар саны екінші көшедегі ағаштар санынан 1,4 есе көп. 13 ағашты бірінші көшеден екінші көшеге ауыстырып отырғызғанда, екі көшедегі ағаштар саны бірдей болды. Алғашқыда бірінші көшеге неше ағаш отырғызылды, екінші көшеге неше ағаш отырғызылды? Жауабы: 91; 65 ағаш.

В деңгейі

№882. Екі санның қосындыс 348-ге тең. Бірінші санның 80%-і екінші саннан 6-ға кем. Бірінші санды табыңдар. Жауабы: 190 саны.

№884. Дүкенге әрқайсысы 1,5 кг-нан және 1,8 кг-нан барлығы 11 орам өрік әкелді. 1,5 кг-нан оралған барлық өріктің массасы 1,8 кг-нан оралған барлық өріктің массасына тең. Дүкенге әр қайсысы 1,5 кг-нан неше орам өрік әкелінді? Жауабы: 6 орам.

С деңгейі

№898. Теруші шығарманы үш күн терді. Ол бірінші күні шығарманың 40%-ін, ал екінші күні 21 бетін терді. Үшінші күні шығарманың теретін 25%-і қалды. Шығармада неше бет болған? Жауабы: 60 бет.

Жұптық жұмыс талданып аяқталғаннан соң, әр оқушы өз орындаған тапсырмалары бойынша тұжырымдайды, жауаптарын дескриптор және дайын жауап бойынша тексереді, қорытынды жасайды. Содан соң үйге тапсырма беріледі.

Үйге тапсырма:Оқулық бойынша №866 есеп.

Содан соң бүгінгі сабақты қорытындылап, оқушылар оқу мақсатын қалай меңгергендігі туралы өз ой – пікірлерін айтады.

Рефлексия: «Білім қоржыны» кері байланыс

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Математика, 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,

Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу