Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: «Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару»

Сабақтың мақсаты:

6.5.1.6

мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару;

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

  • Мәтін есепте белгісізді анықтай алады;
  • Мәтін есептің математикалыұ моделін құра алады;
  • Cызықты теңдеулер құрастыра отырып, мәтін есептерді шығара алады;
  • Бір айнымалысы бар теңдеуді шешудің алгоритмін біледі;
  • Бір айнымалысы бар теңдеудің қасиеттерін біледі;
  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шығара біледі.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.

Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар бір-біріне жылылық сыйлау.

Психологиялық ахуал

«Неге?» тренингі

Оқушылар шеңбер бойымен тұрады да, бір-біріне белгілі бір сөйлем айтады да келесі оқушыға «неге?» деген сұрақ қояды. Ол оқушы ары қарай жауаппен жалғастырады да, «неге?» деген сұрақ қояды. Мысалы, Бүгінгі сабақ ерекше өтеді неге? Келесі оқушы: Өйткені біз сабаққа қызығушылықпен қатысамыз неге? т.с.с. жалғасады.

Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар дауыстап оқи отырып, үй тапсырмасын дұрыстығын тексереді, егер дұрыс болмаса, онда тақтаға шығып орындайды немесе қалай шығатынын түсіндіреді.

Баспалдақпен жоғары көтеріле отырып, арифметикалық амалдарды орындаңдар:

Оқушыларды жұпқа бөле отырып, оқу мақсатын меңгеру мақсатында тапсырмалар беру. Тапсырмалары бірдей жұптар бірін-бірі дескриптор арқылы тексереді және бағалайды.

Жұптық жұмыс

1-тапсырма

Қандайда бір берілген санды 4-ке кемітіп, шыққан санның үштен бірі мен үш еселенген бастапқы санның жартысының айырмасы 5-ке тең болса, бастапқы санды табыңыз.

2-тапсырма

Автобус пен жеңіл машина арақашықтығы 604 км болатын екі қаладан бір мезетте қарама-қарсы шығып, 4 сағаттан соң кездесті. Егер жеңіл машинаның жылдамдығы автобустың жылдамдығынан 17 км/сағ артық болса, автобустың жылдамдығын табыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

- есептің шартына байланысты математикалық моделін құрады;

- теңдеуді құрастырады;

- өзінің құрған теңдеуінің түбірін табады;

- есептің жауабын негіздейді.

Жұптық жұмысты аяқтағаннан соң, сергіту жұмысы жүргізіледі.

Сергіту сәті

Қолдарын кеудесіне қойып - Менің,

Қолдарын жайып - Отаным,

Шапалақтап - Қазақстан!

Жоғары- төмен қарайық,

Оңға, солға түзу тұр.

Бойымызға күш жинап,

Біз дем алып алайық.

Сергіту сәті аяқталғаннан соң оқушылармен оқу мақсатын меңгеруін тексеру мақсатында жеке жұмыстар жүргізу. Тапсырмалары бірдей оқушылар бір-бірінің жұмыстарын дайын жауаптар арқылы тексереді және бағалайды.

Жеке жұмыс

1 нұсқа

№1. Теңдеуді шешіңдер:

а) 5x – 3 = 4x + 7; b) -3x + 2,4 = 5x – 3.

№2. Теңдеуді шешіңдер: 1 – (1 – 5x) = 14.

№3. Теңдеуді шешіңдер: =

№4. Тік төртбұрыштың AB қабырғасы BC қабырғасынан 12 см ұзын. Егер AB қабырғасын 13 см, ал BC қабырғасын 6 есе ұзартса, онда екі қабырғаның ұзындығы тең болады. AB қабырғасының ұзындығын табыңдар.

№5. Теңдеуді шешіңдер: =

№6. Теңдеуді шешіңдер: 1 – x – x2 = -(x – 1) - 167

№7. Теңдеуді шешіңдер:

2 нұсқа

№1. Теңдеуді шешіңдер:

а) -3x – 2 = 5x + 6; b) -2x – 1,4 = 6x – 3.

№2. Теңдеуді шешіңдер: 1 – (1 – 4x) = 6.

№3. Теңдеуді шешіңдер: =

№4. Тік төртбұрыштың AB қабырғасы BC қабырғасынан 8 см ұзын. Егер AB қабырғасын 6 есе, ал BC қабырғасын 10 есе ұзартса, онда екі қабырғаның ұзындығы тең болады. AB қабырғасының ұзындығын табыңдар.

№5. Теңдеуді шешіңдер: =

№6. Теңдеуді шешіңдер: 1 + x – x2 = -(x – 1) – 25.

№7. Теңдеуді шешіңдер:

Жауаптары:

Нұсқа 1 Нұсқа 2.

№1. а) 10; б) 0,675. №1. а) - 1; б) 0,2.

№2. х №2. х

№3. – 6. №3.

№4. 17 см. №4. 20 см.

№5. х №5. х

№6. х №6. х

№7. х х №7. х х

Жеке жұмыс талданып аяқталғаннан соң, әр оқушы өз орындаған тапсырмалары бойынша тұжырымдайды, қорытынды жасайды. Содан соң үйге тапсырма беріледі.

Үйге тапсырма: Оқулық бойынша №924 есеп.

Содан соң бүгінгі сабақты қорытындылап, оқушылар оқу мақсатын қалай меңгергендігі туралы өз ой – пікірлерін айтады.

Рефлексия:

Кері байланыс «Нысана»

Сары түсті шеңбер «бұл тақырып маған өте қызық болды...»

Қызыл түсті шеңбер «маған бәрі түсінікті!»

Көк түсті шеңбер «маған көмек қажет»

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Математика, 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,

Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу