Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: «Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару»

Сабақтың мақсаты:

6.5.1.6

мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару;

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

  • Мәтін есепте белгісізді анықтай алады;
  • Мәтін есептің математикалыұ моделін құра алады;
  • Cызықты теңдеулер құрастыра отырып, мәтін есептерді шығара алады;
  • Бір айнымалысы бар теңдеуді шешудің алгоритмін біледі;
  • Бір айнымалысы бар теңдеудің қасиеттерін біледі;
  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шығара біледі.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.

Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар бір-біріне жылылық сыйлау.

Психологиялық ахуал

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар дауыстап оқи отырып, үй тапсырмасын дұрыстығын тексереді, егер дұрыс болмаса, онда тақтаға шығып орындайды немесе қалай шығатынын түсіндіреді.

Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары»

Бірнеше құттықтау қағаздарын топ құрамындағы оқушылар саны бойынша беске, алтыға жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді.

Топқа арналған ереже:

  • белсенді болу;
  • шыдамдылық таныту;
  • достық қарым-қатынаста болу;
  • бір-бірінің ойын сыйлау;
  • басқа адамды тыңдай білу;
  • барлығын бірге жасау;
  • ынтымақтастықта жұмыс жасау.

Топтық жұмыс

«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі

Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады. Басқа топ мүшелеріне де ойын осылай жалғасады.

Топ мүшелеріне тапсырмалар беру, оқушылар топта бірлесе отырып, бір-біріне көмектесе отырып орындайды. Тапсырмалары бірдей топтар дайын жауап бойынша бір-бірінің жұмыстарын тексеріп және қалай орындалғандығы туралы бағалайды.

Топтық жұмыс

1; 3 топ

№1. Өрнекті ықшамдаңдар:

5(2a – b) – 3(a – 4b).

№2. Теңдеуді шешеіңдер:

5(y + 6) – (3 – 2y) = -17.

№3. Әкесі қызынан 9 есе үлкен, ал қызы әкесінен 32 жас кіші. Әкесі неше жаста?

№4. Бірінші қатарда екінші қатарға қарағанда 3 есе көп кітап бар. Бірінші қатардан 8 кітапты алып тастап, ал екінші қатарға 14 кітапты қосқанда екі қатарда да кітаптар саны бірдей болды. Алғашында екі қатардың әрқайсысында қанша кітаптан болған?

№5. Теңдеуді шешіңдар:

0,6(x + 7) = 0,5(x – 3) + 6,8.

2; 4 топ

№1. Өрнекті ықшамдаңдар:

6(4x – y) – 2(y + 2x).

№2. Теңдеуді шешеіңдер:

5(2 + 3x) – (7x - 10) = 4.

№3. Анасы баласынан 7 есе үлкен, ал баласы анасынан 35 жас кіші. Анасы неше жаста?

№4. Бірінші аялдамада екінші аялдамаға қарағанда 3 есе аз машина болды. Бірінші аялдамаға 10 машина келіп, ал екінші аялдамадан 16 машина кеткенде екі аялдамада да машиналар саны бірдей болды. Алғашында екі аялдамаданың әрқайсысында қанша машинадан болған?

№5. Теңдеуді шешіңдар:

0,3(x - 2) = 0,2(x – 4) + 0,6.

Жауаптары:

1; 3 топ

1

2

3

4

5

7a + 7b

-4

36 жас

33; 11

11

2; 4 топ

1

2

3

4

5

20x – 8y

-2

42 жас

13; 39

4

Тапсырмалары бірдей топтар бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, бағалайды.

Топтық жұмысты аяқтағаннан соң, сергіту жұмысы жүргізіледі.

Сергіту сәті

Сағаттың тіліндей

Иіліп оңға бір.

Сағаттың тіліндей

Иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ,

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай - ақ.

Сергіту сәті аяқталғаннан соң оқушылардың оқу мақсатын меңгеруін тексеру мақсатында топқа шығармашылық тапсырмалар беру.

«Есепті жалғастыр ...»

Әр топ өмірмен байланысты мәтінді есепті құрастырып, өздері орындарында шығарады және сол есептерін келесі басқа топқа беріп, нәтижесін өздері тексереді. Уақыт аяқталғаннан соң топ мүшелері өз жұмыстары бойынша қорытынды жасайды және бірін-бірі бағалайды.

Топтық жұмыс талданып аяқталғаннан соң, әр оқушы өз орындаған тапсырмалары бойынша тұжырымдайды, қорытынды жасайды. Содан соң үйге тапсырма беріледі.

Үйге тапсырма:Оқулық бойынша №873 есеп.

Содан соң бүгінгі сабақты қорытындылап, оқушылар оқу мақсатын қалай меңгергендігі туралы өз ой – пікірлерін айтады.

Рефлексия:

Мұғалім: Бүгінгі математика сабағы сіздерге не бергенін, алдарыңыздағы түрлі- түсті карточкалар арқылы көрсетіңіздер?

Сіздер өз жұмыстарыңызды қалай бағалар едіңіздер?

Түрлі-түсті карточкалар:

« жасыл карточка – мен бәрін түсіндім »,

« сары карточка – мен түсіндім, бірақ бәрін емес»,

« қызыл карточка – мен ештеңе түсінбедім ».

Мұғалім:

- Біз сабақ басында қандай мақсат қойып едік?

- Біз мақсатымызға жеттік пе?

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Математика, 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,

Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы.

  • Математика. 6 кл. Практикум. Готов. к ГИА Шестакова И.В.-2014


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу