84:3 түріндегі екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Тарау: Жазбаша көбейту және бөлу

№ 119 сабақ.

Тақырыбы: 84:3 түріндегі екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу

Оқу мақсаты: 3.1.2.11. Мынадай жағдайларда: 28•3, 269•2, 84:3, 538:2 екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.

Сабақта қолданылатын ресурстар: кеспе қағаздар, слайд

Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Сабақты топқа біріктіруден бастаңыз.

(Т) Топқа бірігу.

Оқушыларға сары, көк, жасыл түсті кеспе қағаздар таңдап алуға ұсынылады. Таңдаған түстерге байланысты топтарға бөлініп отырады. Өз түсіне сәйкес тапсырманы баған түрінде орындайды.

«Ергежейлілер тапсырмасы»

Ергежейлілер орындауға ұсынып отырған көбейтінділерді орындауды ұсыныңыз.

7 · 48 = 336

8 · 62 = 496

6 · 83 = 498

4·97=388

5· 87 =435

8· 76=608

9 · 37 = 333

6 · 61 = 366

7 · 92 =644

3·86=258

6· 92=552

9 · 97=873

6 · 59 = 354

7 · 74 = 518

8 ·78= 624

7·47=329

9· 63=567

4· 69=276

Тапсырманы орындап болған соң оқушылар өздерін өздері тексереді. Көбейтінділердің дұрыс жауаптары беріледі.

Оқушылар тексеріп болған соң сұрақ қойыңыз..

  • Көбейтіндіні дұрыстығын тексерудің тағы қандай әдісі бар?

(көбейтуді бөлумен тексеруге болады)

  • Бөлу жазбаша есептеудің алгоритмі қалай болуы мүмкін?

Оқушылардың мүмкін жауаптары тыңдалады.

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін білу үшін бейнероликке назар аудару ұсынылады.

(Ұ) Болжа

Бейнероликтен екі таңбалы санды бір таңбалы санға ондықтан аттау дағдысын қалыптастыру мақсатында есептер шығаруды ұсыныңыз.

Есептің мазмұны: Пошта бөлімшесіне 84 әкелінді. Оларды 3 жәшікке теңдей бөліп салды. Әр жәшікте неше хат бар?

  • Есептің шешу жолдарын қандай?

Оқушылардың болжамдарын тыңдалып болған соң, бейнероликтегі есептің дұрыс шешімен салыстырыңыз.

Қайтала

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу амалының алгоритмін оқушылармен біріге отырып орындаңыз.

Бөлу алгоритмі:

  • Бірінші толымсыз бөлінгіш 8 ондық
  • 8 ˃5, сондықтан бөліндінің мәнінде екі таңбалы сан болады.
  • 8 санында 5 бір рет кездеседі.
  • 5 – ті 1- ге көбейтеміз, көбейтіндінің мәні 5 –ке тең болады.
  • 8 – ден 5 – ті азайтамыз, айырманың мәні 3 – ке тең
  • Қалдық бөлгіштен кем болу керек. 3 қалдық 5 бөлгіштен кем.
  • Қалықтың оң жағына бірлікті жазамыз
  • 30 екінші толымсыз бөлінгіш
  • 30 санында 5 саны 6 рет кездеседі
  • 6 санын бөлгішке көбейтіп, екінші толымсыз бөлінгіштен азайтамыз. 30 – 30 = 0
  • Қалдық 0 – ге тең
  • Бөлу аяқталды, бөліндінің мәні 16 – ға тең.

(ӨЖ) Бөлінділерді жазбаша есептеуге тапсырма беріңіз

70 : 5 = 14

34 : 2 = 17

45 : 3 = 15

Парталас көршілер орындаған жұмысын бір – бірімен ауыстыру арқылы тексеріледі. Дұрыс орындаған оқушылар саны анықталады, егер сынып оқушыларының басым көпшілігі дұрыс орындаса қайта түсіндірілмейді. Егер оқушылардың басым көпшілігі қате жіберсе, мұғалім бөлу алгоритмін түсіндіре отырып, екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөледі. Түсіндіріп болған соң оқушыларға қайта үш өрнек орындауға береді. Екінші рет жасалған жұмыстың нәтижесі үшінші рет қайталауды қажет етсе, үшінші рет қайталанады.

(Т) Дұрыстығын жазбаша тексер

68 : 2 = 34

75 : 3 = 25

84 : 3 = 28

72 : 6 = 12

96 : 6 = 16

68 : 4 = 17

78 : 2 = 39

Қате орындалған

13 · 7 = 91

91 : 7 = 13

93 : 3 = 31

72 : 6 = 12

81 : 3 = 27

90 : 5 = 18

96 : 4 = 24

98 : 2 = 49

Қате орындалған

14 · 5 = 70

70 : 5 = 14

36 · 2 = 72

72 : 2 = 36

90 : 6 = 15

84 : 2 = 42

57 : 3= 19

50 : 2 = 25

78 : 3 = 26

90 : 5 = 18

Қате орындалған

16 · 6 = 96

96 : 6 = 16

37 ·2 = 74

74 : 2 = 37

Оқушылар жұпта дұрыс орындалмаған өрнекті анықтайды. Тез әрі дұрыс орындаған топты «Шапалақ» әдісімен бағалаңыз.

Кері байланыс

«Алау басында» әдісі арқылы кері байланыс жүргізіңіз.

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Оқушыларға өздерін топ серуен кезінде алау басына жиналған сәтті елестетуді ұсыныңыз. Алау басында оқушылардың әрқайсысы бүгінгі сабақтан ең қызықты өткен сәтті есіне түсіріп айтуын сұраңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу