246:2 түріндегі үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Сабаққа әдістемелік нұсқаулық

Бөлімі: Жазбаша көбейту және бөлу

Тақырыбы:246:2 түріндегі үштаңбалы санды біртаңбалы санға көбейту

Оқу мақсаты: 3.1.2.10 мынадай жағдайларда: 23∙2, 123∙2, 46:2, 246:2 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы : Мынадай жағдайда: 246:2 екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмін қолданады.

Оқушылардың көпшілігі: Мынадай жағдайда: 246:2 екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға бөлу алгоритміне сәйкес түсінік береді.

Оқушылардың кейбірі: Мынадай жағдайда: 246:2 екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлу алгоритмін түсіндіре алады.

Қолданылатын ресурстар: Тарихи орындардың суреттері, интербелсенді тақта, А3 ламинатталған парақ, маркер, есептер жазылған апарқшалар, смайликтер, кесте.

Сабақты жағымды психологиялық ахуал яғни «Арқаға жазылған комплименттер» ойынымен бастаңыз. Әр оқушының арқасына түйрегішпен (немесе скотчпен) А-4 форматындағы қағаз бекітіңіз. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, бір-бірінің арқаларындағы қағаздарға жылы, жұмсақ сөздер жазып, бірін-бірі мақтайды. 1-2 минуттан кейін олар қағаздарын алып, шағын топ ішінде бір-біріне жазылған комплименттерді оқып беруді ұйымдастырыңыз.

 Сабақты саяхат түрінде өткізіңіз. Бүгінгі сабақта Қазақстанның тарихи орындарына саяхат жасайтынымызды хабарлаңыз.

 Айша бибі кесенесі — ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады.

 Абай Кесенесі – 1996 жылы салынған сәулет өнері ескерткіші. Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Жидебай қонысында ұлы ақынның туғанына 150 жыл толған тойы қарсаңында орнатылды. Биіктігі 5 м, ұзындығы 200 м, ауданы 60 м. Биік 2 мұнараның біріншісі – Абай мұнарасы (биіктігі 38,5 метр), екіншісі - Шәкәрім мұнарасы (35 метр). Кешеннің төрт бұрышында төрт күмбез бар.

 Тайқазан — Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі алты ғасырлық тарихы бар қасиетті, алып қазан. Бұл қазан әйгілі қолбасшы Әмір Темірдің тапсырысымен 1399 жылы 25 маусымда (хижра 801 жыл, 20-шаууал) Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде құйылған. Ирандық шебер Әбділ Әзиз Шарафаддин Тебризи жасаған.

 Ахмет Ясауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген.

1-тапсырма. Оқушыларды 4 топқа ұйымдастырыңыз. Слайдтан қарап отыры әр тарихи орынды таңдаған топқа ол туралы қысқаша мәлімет беруді тапсырыңыз.Жасырған тапсырмасын орындауды ұсыныңыз. Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу ережесін еске түсіріп жұмысқа пайдалануды ұсыныңыз. Бұрын қарастырылмаған қадамды қызыл маркермен бояп көрсетуді тапсырыңыз. Әр топтың бір өкілі тақтаға шығып, топтың құрастырған алгоритмін таныстыруды ұйымдастырыңыз. Алгоритмде қандай қадам қосылған? Сұрағына толық жауап беруді ұйымдастырыңыз. Бағыт беріп, түйіндеп, жетекші сұрақтар қоя отырып жаңа материалды өздерінің игеруіне мүмкіндік жасаңыз.

4682

2 .62; 284

3. 69 936

4. 93 ; 842

 

 

 

 2- тапсырма Жұптық жұмыс арқылы кестені толтыруды дәптерде орындауды ұйымдастырыңыз. Абай Шәкәрім кесенесінен келген тапсырма)

а

842

69

484

648

в

2

3

4

2

а

 

 842÷2=221

 69÷3=23

 484÷4=121

 648÷2=324

 Оқушы бөлу алгоритмін қолданып, мысалдарды дәптерде шығартыңыз. Жұпта алмасып тексерту, қайсы мысалда қате жіберілгенін өздеріне анықтатыңыз.Жұмыс барысында кейбір оқушылардың жұмысын тексеріп, осындай түрдегі бөлу алгоритмін қалай түсінгенін бағалату.

 

 3- тапсырма. Сергіту сәтіне «Балық, құс, аң» ойынын үйымдастырыңыз. Мақсаты: Жүргізуші ойыншылардың жанына барып жаймен ғана «балық, құс, аң»- деп айтып-айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған кезде дауысын қаттырақ шығарып: - Балық!(немесе аң, құс) –деп айтып қалады. Сол мезетте ол ойыншы бірден өзі білетін кез-келген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай қалса, ол ойыннан шығады. Ойын ең соңғы ойыншы қалғанша жалғаса береді.

 4- тапсырма (Т) Есепті шығар. (Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен келген тапсырма)

-Есепте не белгілі? -Есептің сұрағы қандай? -Біз есептің сұрағына жауап бере аламыз ба?

-Қалай? Есепте кім туралы айтылғанын бірлесе отырып түсіндіріңіз. Тапсырманы топта орындатыңыз. Топтардың жұмыстары «Сұхбаттасу» тәсілі арқылы тексертіңіз. 1- топ 2- топпен сұхбаттасуын, 3-топ 4- топпен сұхбаттасуын ұйымдастырыңыз. Бөлу амалының бекітуге бағытталған жаттығулардың шешуіне комментарий жүргізу керектігін хабарлаңыз

Есеп.

Фермаға 1-күні 424 құс, екінші күні 215 құс әкелінді.

Оларды тең үш бөлікке орналастырды.

Әр бөлікте неше құс бар?

Шешуі: (124+215)÷3=213

Жауабы: 213 құстан

5-тапсырма Теңдеудің шешімін табуды өздік жұмыс арқылы өткізіңіз. Оқушыларға Түркістан қаласы. Тайқазаннан келген тапсырма ескерту. Теңдеудің барлық компоненттерін атату. Қайсы компоненті белгісіз? Оны қалай табу керек?

Теңдеуді ламинатталған парақ қағазға шығаруды ұсыныңыз. Әр оқушының теңдеуі дұрыс шығарғанын тексеруді ұйымдастырыңыз. Смайликтер әдісі арқылы бағалаңыз.

3×а=636 x÷3=212 4×у=844 z÷4=211

a=636÷3 x=212×3 у=844÷4 z=211×3

a= 212 x=363 у=211 z=633

6- тапсырма «Үй тұрғыз». Ойынына барлық оқушыларды тартыңыз. Оқущыларға Айша бибі кесенесінің тапсырмасы екенін ескертіңіз. Тапсырманы орындауға шектеулі уақыт беріңіз. Жұмысты шағын топта ұйымдастырыңыз. Тапсырманы орындау барысында оқушыларға жазбаша шығаруға арналған мысал беру. Топта әрбір оқушы бөлу алгоритмін қолданып, мысалдарды шығарауды, ұяшыққа жауапты жазуды ұйымдастырыңыз. Жұмыс соңында қай топ көп амалдар орындағанын тауып, бағалаңыз.

246÷2= 36м÷2м=

96÷3= 5дм2см+3=

86÷2=2 6дм÷2дм=

24×2= 26дм÷2дм=

 7- тапсырма Кері байланыс «Хат жазысу» Оқушыларға бүгінгі тақырыпқа байланысты хат жазуын сұраңыз. Хаттың мазмұнына қарай рефлексия жасаңыз.

 Шәкірт пен ұстаз арасында терең байланыс орнатуға, түсіністікке, достық қарым-қатынасқа тәрбиелейді. Баланың креативті-шығармашылық мүмкіндіктерін ашады. Сабақ кезінде еркіндік пен сенім артқан хаттар тақырып аясында қалып қойып отырады, ал сабақтан тыс уақытта жазылған хаттар шәкірт көңіліндегі алаңдататын сұрақтар мен сабақ кезінде ашылмаған ойларды қамтиды.

 Қарапайым қарым-қатынас хаттары уақыт өте келе мәнді де маңызды, сауатты пікір жазбалары ретінде қарастырылуы қамтылады. Сонымен қатар, мұндай хаттар – ұстаз тарапынан ой салу, бағдар беру, шәкірт тарапынан жарқын ойлар мен еркін пікірлерді тізетін «идеялар аралы» болып табылады.

 Рефлексия жасау

 Оқушылардың жазған хатына қарай өткен сабаққа талдау жасаңыз. Оқушылар нені игерді? Қай жерде түсігіксіз? Шешу жолдары қандай деген сұрақтарға жауап бере отырып алдағы уақытқа жоспар жасаңыз.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу