Бірнеше амалды жақшалы санды өрнектерді шығару. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
3-бөлім. Жазбаша көбейту және бөлу
128- сабақ. Тақырыбы: Бірнеше амалды жақшасыз өрнектерді шығару
Оқу мақсаты: 3.2.1.6 төрт амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу
Сабаққа қажетті ресурстар: слайдттар, суреттер, түсіндірме кесте, смайликтер, жауап парақтары, маркерлер,тапсырмалар, тапсырмалар жазылған кеспеқағаздар
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Сабақта күрделі өрнектреді шығару дағдысын жетілдіру көзделеді. Бірнеше амалды жақшамен берілген санды өрнектерді шығарғанда амалдардың орындалу тәртібі осындай: алдымен жақшадағы амалдар орындалады, сонан кейін жақшаның сыртындағы амалдар орындалады: көбейту мен бөлу, одан кейін қосу мен азайту. Бұл ережені алгоритм түрінде жазып көрсетуге болады: жақшалар-көбейту немесе бөлу-қосу немесе азайту.
Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.
Ынталандыру. Сабақты бір-біріне достық жақсы тілекпен бастаңыз.
Отырайық орнымызға бәріміз,
Құпияның қызығына қаныңыз!
Санаймыз, жазамыз, оқимыз,
Шығарып есепті, көңілге тоқимыз!
Бүгін де күндегі тәрізді
Сәттілік болатын күн тәрізді!
Жаңаша материал үйреніп,
Дағдымыз болады тым берік.
Шын мықты мынаған сенеді:
«Бәрі де қолымнан келеді!»
Т.Т. «Қарап ал да құрастыр» ойыны. Әр шағын топ үшін параққа сызба жасап таратып, сызбаға сәйкес өрнек құруды ұсыныңыз. Тақтада немесе үлкен қағазға алгоритмді жазып дайындаңыз.
Ж.Ж. «Кім жылдам». Оқушылар кіру тетігіне кезекпен сандарды қойып, есептеу жүргізеді, шығу тетігінен есептеу нәтижесін алады. Есептеу дағдысы жақсы дамыған оқушылар ауызша есептейді, қалғаны жазбаша түрде есептейді.
Кіру сандары: 35,60,24,55,37,15
Ж.Ж. «Тиімдісін тап» Есептеу алдында оқушылар ыңғайлы тәсілді табуды ұсыныңыз. Жұп болып мысалдарды ауызша есептеу керек.Әрбір өрнектің мәнін есептегеннен кейін нәтижесін ламинатталған параққа жазып, жоғары көтеруін сұраңыз; осылайша оқушылардың бірін-бірі бағалауын ұйымдастырыңыз.
(473+102)-102 (109+291)+387
850-(606+50) 324-(24+200)
Ұ.Ж. «Талда және шығар» Есептің шартын сынып болып талқылаңыздар. Есептің шарты мен сұрағын анықтаңыздар: не берілген, нені табу керек? Алдымен ауызша есепті шығару жоспарын жасаулы ұсыныңыз, сонан соң өрнек құруға тапсырыңыз. Тақтаға шыққысы келген оқушыларға мүмкіндік беріңіз. Олардың жауабын талдап, дұрыс құрылған өрнекті анықтаңыз. Сонан кейін оқушыларға өрнектердің мәнін есептеуді ұсыныңыз. Екінші есептің шарты бойынша да осындай жұмыстар ұйымдастырыңыз.
Бағбан үш үлкен алаңға әрқайсысына 86 раушан гүлін, ал 4 кіші алаңға 45 қызғалдақ гүлдерін отырғызды. Бағбан барлығы қанша гүлдер отырғызды?
Балалар барлығы 432 кг сәбіз жинады. Олар төрт жәшіктің әрқайсысына 16 кг -нан салды. Балалар әлі неше кг сәбізді салу керек?
3 алаңға-86 гүл ? гүл
4 алаңға-45 гүл
86*3+45*4
Жинады-432кг
Салды-4 жәщікке 16 кг-нан
Салу керек-? кг
432-16*4
Ж.Ж. «Тап, орында» Оқушыларға өрнекке әртүрлі сандарды қойып, тексеріп көруге уақыт беріңіз. Өрнекте барлық арифметикалық амалдарды (қосу, азайту, көбейту, бөлу) қолдануға болатынын айтыңыз. Жақшаны қолданғаны туралы сұраңыз. Соңында ұжым болып тексеруді, бағалауды ұйымдастырыңыз.
(9 9) 9=2
(9 9) 9=162
9 (9 9)=9
Ж.Ж. ) Амалдардың орындалу тәртібін анықтап және өрнекті шығаруды тапсырыңыз:
(71:1+0:1)∙0+(82-81) ∙ (15+0:48);
Ж.Ж. Өрнекті жазып және шығаруды ұсыныңыз. Бір-бірінің жұмыстарын өзара тексеруді ұйымдастырыңыз.
85 пен 17-нің бөліндісін 2есе арттыр;
45 санын 7 мен 2-нің көбейтіндісіне көбейт.
Оқушыларды жұлдызша арқылы бағалау.
Кері байланыс
Оқушылар «Еркін микрофон» әдісімен кері байланысты ауызша айтады. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалауды және ұсыныстарын береді.
Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінеді
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?