Бірнеше амалды жақшасыз санды өрнектерді шығару. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

3-бөлім. Жазбаша көбейту және бөлу

127- сабақ. Тақырыбы: Бірнеше амалды жақшасыз өрнектерді шығару

Оқу мақсаты: 3.2.1.6 төрт амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу

Сабаққа қажетті ресурстар: слайдттар, суреттер, түсіндірме кесте, смайликтер, жауап парақтары, маркерлер,тапсырмалар, тапсырмалар жазылған кеспеқағаздар

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Жақшасыз өрнектерді шығарғанда алдымен амалдардың орындалу ретін анықтау керек. Егер жақшасыз өрнек тек қана қосу мен азайту немесе тек қана көбейту мен бөлу амалдарынан құрылған болса, онда амалдар жазылу ретімен солдан оңға қарай орындалады. Егер жақшасыз өрнекке қосу мен азайту амалдарымен қатар көбейту мен бөлк амалдары кіретін болса, онда алдымен көбейту мен бөлу амалдары (жазылу ретімен солдан оңға қарай), ал содан соң қосу мен азайту амалдары орындалады.

Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.

Сабақты балалардың бір-біріне деген жақсы тілектерімен бастаңыз.

Ынталандыру.

Қол алысып, кәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріңе сәттілік пен бестік баға тілеймін! Оқушыларға әріпті өрнектер жазылған әртүрлі кеспеқағаздарды таратыңыз және өрнектегі амалдардың орындалу ретін көрсетуді тапсырыңыз.

Топтарға санды өрнектер парағын таратып, амалдардың орындалу тәртібін анықтауды тапсырыңыз. «Айналмалы парақ» жаттығуын ұйымдастырыңыз.

өрнек

амал

1

6*4+29-27

а)

Қосу

2

54-8*5:7

ә)

Азайту

б)

Көбейту

в)

Бөлу

Жауабы: 1)-------2)--------3)--------4)--------5)--------6)--------

өрнек

амал

1

7*4-28+19

а)

Қосу

2

143+180:9-7

ә)

Азайту

б)

Көбейту

в)

Бөлу

Жауабы: 1)-------2)--------3)--------4)--------5)--------6)--------

Өрнек

амал

1

180:6+3*8

а)

Қосу

2

12+5-8:9

ә)

Азайту

б)

Көбейту

в)

Бөлу

Жауабы: 1)-------2)--------3)--------4)--------5)--------6)--------

Т.Т. «Белгіле және шығар»Амалдардың орындалу тәртібі. Оқушыларға қарындашты қолданып, өрнектегі амалдардың орындалу ретін анықтауға уақыт беріңіз. Топтағы әр оқушы бір өрнекті шығарып, сағат тілінің бағытымен топта бір-біріне айналдыра көрсетеді.; олардың бірін-бірі бағалауын бақылаңыз.

293+428: 4606 - 636: 6900 -312: 3+216550+121*4 - 84126*5 - 408: 8

Ж.Ж. «Кім жылдам» Кезекпен есептеуді алгоритм бойынша орындап, нәтижесін параққа жазуды сұраңыз. Соңында жұптағы оқушылардың бірін-бірі бағалауына уақыт беріңіз. Олардың алған жауаптары әртүрлі болған жағдайда ұжымдық тексеру ұйымдастырыңыз.

ия жоқ

Т.Ж. «Есепте және құрастыр» Топта жұмысты бөліп алуды ұсыныңыз: оқушылар өрнектерді бөліп алып шығарады да жауаптарын біріктіріп, тапсырманың жауабын анықтайды.

342+568-112*4

221*2+123*3

603-140:70*214

570-50*4:20

516+287-2*214

3*332-700

204 : 2+192*3

665+312-400:2

Ө.Ж. «Кім тапқыр» Оқушыларға тапсырманы өз бетінше орындауды ұсыныңыз. Тиімді тәсілдерді пайдаланып, сандардың қосындысын табады. Сонан кейін мысалдарды тақтаға жазып, орындап көрсеткісі келген оқушыларды тақтаға шығарыңыз. Қалған оқушылар жауаптарын салыстырып, өзін-өзі бағалайды.

290+330+510 139+283+351+237

(290+510)+290=1090 (139+361)+(283+237)=1020

Т.Ж. «Ойлан, шығар» Есептің шартын талдаңыз. Есептің сұрағы қандай? Алдымен нені анықтау керек? Оқушыларға алдымен есепті шығаруд, содан соң өрнек құруды ұсыныңыз. Оқушылардың құрған өрнектерін тақтаға шығарып тексеріңіз. Одан кейін есептің келесі сұрағын талдаңыз. Сұраққа сәйкес жаңа өрнек құруды тапсырыңыз.

Тігін шеберханасы бір күнде 320 м матадан әйелдер көйлегін және 120 м матадан ерлер жейдесін тікті. Әр әйел көйлегіне 4 м, ал ерлер жейдесіне 3 м мата кетті. Қайсысы көп тігілген және неше есе көп тігілген?

Қысқаша шарты:

Әйелдер көйлегі-320 м, әр көйлекке-4м ? көп, ? есе көп

Ерлер жейдесі-120м, әр жейдеге -3м

320:4=80 (әйелдерт көйлегінің саны)

120:3=40 (ерлер көйлегінің саны)

80-40=40

80:40=2(есе көп)

Т.Т. «Ойлан, тап» Өрнектерді тақтаға жазып, ондағы амалдардың орындалу ретін көрсету. Оқушылардың дайын жауаптарын тыңдаңыздар. Жауаптардың дұрыстығын сынып болып тексеруді ұйымдастырыңыз.

 243:3-41*2+15*2:3

Кері байланыс

Сөйлемді аяқтаңыз:

Бүгін мен… білдім.

Маған… қызық болды.

Маған … қиынға соқты.

Мен… тапсырмаларды орындадым.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу