Екі жиынның қиылысуы мен бірігуі. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 C бөлім: Жиын және оның

элементтері

Күні:

Сынып: 2

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:Иманбаева Н З

Қатысқандар саны:19

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Екі жиынның қиылысуы мен бірігуі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.4.1.3 жиындарды және олардың элементтерін диаграммадан белгілеу; элементтердің жиынға, жиындардың қиылысуына және бірігуіне тиістілігін анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

жиындар мен олардың элементтерін

диаграммада белгілеу; элементтердің жиынға

бірігуіне және қиылысуына тиістілігін анықтау;

Көптеген оқушылар жиынды белгілеу үшін латын әліпбиінің бас әріптерін, жиын элементтерін белгілеу үшін

латын әліпбиінің кіші әріптерін; жиынға

тиістілігін/тиісті еместігін белгілеу таңбаларын

пайдалануды үйрену

Кейбір оқушылар:

Бағалау критерийлері

Жиындардың қиылысуын біледі

Жиындардың бірігуін біледі

жиындар мен олардың элементтерін

диаграммада белгілейді

жиынды белгілеу үшін латын әліпбиінің бас әріптерін, жиын элементтерін белгілеу үшін латын әліпбиінің кіші әріптерін; жиынға тиістілігін/тиісті еместігін белгілеу таңбаларын

пайдалануды біледі

Тілдік мақсаттар

Венн диаграммасы, жиынның бірігуі, жиынның қиылысуы

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, дүниетану пәндерімен байланыс орнайды.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ – мен байланыс венн диаграммасы туралы түсінік беру

Бастапқы білім

Оқушылар күнделікті өмірде өлшем бірліктері туралы тәжірибесіне сүйенеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық

Біз бақытты баламызОйнап күліп аламызЖетілсін деп санамызОқып білім аламыз.

ОМ таныстыру

екі жиынның бірігуін және қиылысуын таба алатын боласың;

• жиын элементтерін санауды үйренесің.

Оқушыларға бүгін «Жиындар» тақырыбындағы

көрмеге қатысатынын хабарлау. Сонымен қатар

өздері осы көрмені ұйымдастырып, жасайтынын

айту.Сыныпты төрт топқа бөлу. Үш топ

тапсырмаларды орындаса, ынтасы жоғары оқушылардан құралған төртінші топ – сарапшы

қызметін атқарады. Топтарға теріс қарап жатқан

кеспеқағаздарды ұсыну. Топтар біреуін алып,

ондағы тапсырманы үлкен парақта орындайды.

Соңынан барлық парақтар тақтаға ілінеді. Топтар бір оқушыны парақтың жанында нұсқаушы (экскурсовод) етіп қалдырады. Ол өзге оқушыларға бейнеленген суретті түсіндіреді. Ал даулы мәселелер мен түсініспеушілік туындағанда, сарапшылар тобы сұрақтар қоюға және түсіндіруді өтінуге құқылы.

Оқушыларға олардың таңдаған жиындары туған

өлке табиғатына байланысты болуын ескерту. Әр

нұсқаушының таныстырылымынан кейін сарапшылар тобы өзара ақылдасып, әр топтың жұмысын бағалайды.

Интерактивтік Венн диаграмма: (қарапайым сандар): http://nrich.maths.org/6290

(күрделі сандар):

http://nrich.maths.org/5721

Сабақтың ортасы

Қиылысу, бірігу – жиындармен орындалатын амалдар.

Қиылысу ма, әлде бірігу ме? Әр сурет бойынша сыныппен диалог ұйымдастыру. Ол үшін бірінші

сурет бойынша сұрақтарды қолдану:

Мұнда не көрсетілген?

Қанша шеңбер бейнеленген?

Әр шеңберге қандай элементтер кіреді?

Мұнда қандай әрекет көрсетілген?

Неге солай деп ойлайсың?

Осыған ұқсас сұрақтарды екінші сурет бойынша

қоюға болады?

Жауабы:

А. қиылысу;

Ә. бірігу.

Тақтаға арналған магниттер. Оқушыларға тапсырманы жеке орындап, содан соң нәтижелерін

жұбымен алмастыруды сұрау. Тапсырманы

орындаған соң сұрақтар қою:

Қанша жиын шықты?

Ең үлкен жиынды ата. Қайсысы ең кіші?

Үш элементі бар жиынды ата.

Жауабы:

Үш жиын: жұлдыздар, смайликтер және

шаршылар.

(Т). Шығарып көр. Жұмысты топпен ұйымдастыру.

Ыңғайлы болу үшін әр топқа сұрақтардың

жауабын жазуға парақтар таратып беру. Содан

кейін парақтарды жинап алып, тақтаға ілу. Топ

жұмыстарының нәтижесін салыстыру. Қарама-

қайшылық туындаған жағдайда қате жіберген топқа тапсырманы орындау барысында қалай талдағанын айтып беруді сұрау.

Жауабы:

Бір олимпиада бойынша жеңімпаздар: Ерік, Айгүл,

Зарина, Арай.

Екі олимпиада бойынша: Олжас, Ілияс.

Барлығынан: Серік.

Сұрақтарға жауап бер:

Оқушылардан сұрақтарға жауап беруді өтіну.

Бұл тапсырма дифференциацияға арнап берілген,

себебі кей деректер “Жаратылыстану” пәнінен еске

түсіруді қажет етеді.

Жауабы:

1. Иә;

2. Мұнай, көмір және т.б.

3. Жануарлар.

Ойлан.

Жұмысты топпен ұйымдастырып, талдауға

уақыт беру. Топ өкілдеріне өз идеяларымен

таныстыруын ұсыну. Оларды тақтаға жазу.

Содан соң өз көзқарастары бойынша ең ұтымды

деген идеяны қалдыруын сұрау. Бағалау

Жауабы:

Мысалы, мысық – үй жануарлары мен жыртқыштар

жиынының қиылысындағы элемент.

топтың санына қарай ватмандар;

• тапсырма жазылған кеспеқағаздар.

Сабақтың соңы

Есте сақта!

Оқушыларға айдардың мәтінін оқуын ұсыну.

Кейбір оқушылардан тапсырмадан алып тақтаға

ілген әр суретті түсіндіруін сұрау.

Орындап көр. Бұл тапсырмаға үйде дайындалуды ұсыну.?

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Сұрақтарға жауап бер» тапсырмасы қабілеті жоғары оқушыларға ұсынылады.

Оқушылардың сабақ тақырыбын меңгеру деңгейін

бағалау үшін мына сұрақтарға (немесе тапсырманы

орындауын) жауап беруді өтіну:

• Жиындардың қиылысуы дегеніміз не?

• Жиындардың бірігуі деп нені айтамыз?

• Қандай жағдайда жаңа жиынға екі жиынның барлық элементтері кіреді?

• Қандай жағдайда жаңа жиынға екі жиынның ортақ элементтері ғана кіреді?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау оқушылармен белсенді оқыту әдістерін қолдану жүргізу барысында жүзеге асты.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу