Екі жиынның бірігуі және қиылысуы. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Көбейту және бөлу

№28-сабақ

Тақырыбы: Екі жиынның бірігуі мен қиылысуы

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.5.2.2 – екі жиынның қиылысуы, екі жиынның бірігуі, бос жиын таңбаларын қолдану.

Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, флипчарт, кеспе қағаздар, маркер.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар:   екі жиынға да тиісті элементтерден  тұратын жиынды жиындардың қиылысуы деп атайды. Жиындардың қиылысуының белгіленуі

 Әрбір элементі екі жиынның кем дегенде біреуіне тиісті болатын жиынды жиындардың бірігуі деп атайды. Жиындардың бірігуінің белгіленуі

Егер жиында бірде-бір элемент болмаса, оны бос жиын деп атайды. Бос жиынның белгіленуі:  Ø .

Сабақ бойынша ұсыныстар: Сабақта жағымды ахуал туғызу мақсатында «Құпия сыйлық» ойынын өткізіңіз. Оқушылар шеңбер жасап тұрып бiр-біріне ыммен сыйлық ұсынады, келесі оқушы рахметiн ыммен білдіріп ол келесi оқушыға ыммен сыйлық ұсынады т.с.с. Сынып оқушыларын топтастырып алыңыз. Ол үшін дауыссыз дыбыстар жазылған қима қағаздар дайындаңыз. Қима қағаздарды таңдау арқылы үш топқа (қатаң, ұяң, үнді) бөлінеді.

Кіріспе тапсырма.

(Ұ.Ж.) Кім жылдам? ойынын сынып ұжымымен ұйымдастырыңыз. Оқушыларға сұрақ қойылады, олар жылдам жауап беруі тиіс.

- Айлар жиынының элементтерін ата.

- Көктем қай жиынның элементі?

- Апта күндері жиынының элементтерін ата.

- Жазық фигура жиынының элементтерін ата.

- Пирамида қай жиынның элементі?

- Жиынның элементі деген не?

«Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!» т.с.с сөздік бағалау жүргізіңіз.

.Ж) Шешімін тап. Бұл тапсырманы топта ұйымдастырыңыз. Әр топқа тапсырманы А4 параққа дайындап беріңіз. Үш топқа үш түрлі тапсырма беріңіз.

1-топ. Оқушылар әр жиынға атау береді және тиісті элементтерін диаграммаға жазады. Сонымен қатар екі жиынға ортақ элементтерін табады.

2-топ. Оқушылар екі жиынға атау береді және тиісті элементтерін жазады. Екі жиынның да бірге алған барлық элементтерін қалай атауға болатыны сұралады.

3-топ. Ә жиынына тиісті элементтерді жазады. Бос жиынды анықтайды.

Тапсырманы орындап болған соң, топтар өзара тексеру жүргізеді.

Жауап алынып болған соң белгілеріне түсініктеме беріңіз.

Екі жиынға да ортақ элемент болса, онда біз оны жиындардың қиылысуы дейміз, оны белгісімен белгілейді.

Жиындардың барлық элементтері жаңа жиынды құрайды. Оны жиындардың бірігуі деп атайды. Мына белгімен белгіленед:

Егер жиында бір де бір элемент болмаса, оны бос жиын дейді. Мына белгімен белгілейді.

Соңында көңіл-күйді білдіретін «Смайликтер» арқылы бағалау жүргізіңіз.

Жауабы:

1-топ

Жәндіктер жиыны= инелік, көбелек, ара , қоңыз

Құстар жиыны= пингвин, қарға, түйеқұс, сауысқан

Екі жиынға ортақ элемент= пингвин, түйеқұс, қоңыз

2-топ

Жазық фигуралар = үшбұрыш, шаршы, тік тқртбұрыш, дөңгелек

Кеңістік фигуралар = пирамида, цилиндр, шар

Ортақ атауы – геометриялық фигуралар

3-топ

Ыдыстар: қасық, кесе, шанышқы, шайнек.

Жиһаздар: диван, шкаф, үстел, орындық.

Аяқ киімдер: жоқ

.Ж) «Ойлан, топтас, талқыла»

Жұмысты топпен ұйымдастырыңыз. Оқушыларға топта тапсырмадағы сұрақтар бойынша ойлануды ұсыныңыз. Ыңғайлы болу үшін әр топқа сұрақтардың жауабын жазуға парақтар таратып беріңіз. Оқушылардан әрбір жиынның элементтерін қарауды және осы жиындардың бірігуі мен қиылысуында қандай элементтердің болатынын анықтауды сұраңыз. Алдымен оқушылар берілген А және В жиындарына тиісті элементтерді және осы екі жиынның қиылысуын білдіретін элементтерді жазады. Оқушылар мәліметтер арасынан барлық 2-ге бөлінетін және 3-ке бөлінетін сандарды теріп алып фигуралы жақшаның ішіне орналастыруы тиіс. Бұл тапсырма арқылы оқушылар 2-ге және 3-ке көбейтудің кестелік жағдайын еске түсіреді. Келесі тапсырмада оларға әрбір жиынның элементтерін қарауды және осы жиындардың бірігуінде қандай элементтердің болатынын анықтауды сұраңыз. Содан кейін парақтарды жинап алып, тақтаға ілуді ұсыныңыз. Топ жұмыстарының нәтижесін салыстырыңыз. Қарама-қайшылық туындаған жағдайда қате жіберген топқа тапсырманы орындау барысында қалай талдағанын айтып беруді сұраңыз. Әр топқа бір-бірін «Бас бармақ» арқылы бағалауды ұсыныңыз.

Жауабы:

А = 4, 14, 8, 12, 6

В = 12, 6, 15, 9

А В= 6, 12

D C = жануарлар жиыны

.Ж) «Жалғасын тап» ойыны арқылы топтағы оқушыларды мақал-мәтелдердің жалғасын табу арқылы жұптастырып алыңыз. Сонан соң «Сен маған, мен саған» әдісі бойынша жұптағы оқушыларға жеке-жеке тапсырма беріңіз. Оқушылар бұл тапсырмада берілген жиындар жұбын тиісті суретпен сәйкестендіреді. Мұнда қиылысатын, бірігетін және қиылыспайтын жиындар графикалық сызба түрінде берілген. Оқушылар осы графикалық сызбамен тиісті жиындарды қосады. Тапсырманы орындап болған жауап парақтарын бір-біріне беріп, өзара тексеру жүргізеді.

Бағалауды «Жұбыма пікір» әдісі түрінде жүргізіңіз. Жұптағы оқушылар бір-біріне «Жарайсың! Мен сабақтағы сенің жұмысыңа ризамын. Сен жақсырақ жұмыс істей алар едің» т.с.с пікірлер арқылы бағаласын.

(Ө.Ж) Ойлан, тап.

Оқушылар өз бетінше жұмыс барысында осы сабақта алған білімдерін бекітеді. Тапсырмада оқушылар берілген жиынның бірігуін қызыл түспен, қиылысуын көк түспен бояйды және жиынға тиісті, тиісті емес элементтерді жазады. Тапсырманы орындап болған соң интербелсенді тақтада дұрыс жауаппен тексеруді ұсыныңыз. Бағалауды бағдаршам түсі арқылы бағалауды ұсыныңыз. Егер оқушыда 4 дұрыс жауап болса – жасыл карточка, 2-3 дұрыс жауап болса – сары карточка, 0-1 дұрыс жауап болса – қызыл карточка көтереді.

Жасыл түсті карточканы көтерген оқушыдан (барлығын түсіндім) «Не түсіндің?» деп, сары, қызыл түсті карточка көтерген оқушыдан «Нені түсінбедің?» деп сұраңыз. Алынған жауап қорытындысы бойынша тақырыпты қайта түсіндіру, пысықтау немесе тақырыпты түсіндіруді жалғастыру туралы шешім қабылдаңыз.

Кері байланыс

Не білдім?

«Қар кесегі» әдісі арқылы топ арасында кері байланыс жүргізіңіз. Әр топ оқушылары басқа топқа параққа жазылған сұрақ лақтырсын. Сұрақтармен кезек-кезек алмасуды ұсыныңыз.

Білім теңізі салынған флипчартқа стикерлер жапсыру арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөлісуді сұраңыз.

  • Мен бәрін түсіндім.
  • Мен түсіндім, бірақ ...


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу