Екі жиынның қиылысуы мен бірігуі. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2С бөлім – Жиындарды және олардың элементтерін белгілеу. жәнетаңбалары

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 30.11.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Егимбаева К.М.

Сынып: 2 В

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жиын және оның элементтері

Оқу мақсаты

4.1 Жиындар және олармен операциялар

2.4.1.2 - сандардың жазылуындағы цифрлар саны, 2-ге бөлінуі, сандық тізбектегі алатын орындары бойынша сандық жиындар құру және жіктеу (бөліктеу)

 Сабақтың мақсаттары

Сандар жиынын құрастырады.

Жиынға тиісті және тиісті емес элементтерді ажыратады.

 Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

  • жиындар мен олардың элементтері туралы білетін болады;

• элементтердің жиынға тиісті немесе тиісті еместігін белгілеуді үйренеді.

 Тілдік мақсат

Сабақ барысында оқушылар «жиын», «жиындар элементі» сөздерін қолданады. Оқушылар «элемент жиынға тиісті/ элемент жиынға тиісті емес» сөздері арқылы математикадық тілін дамытады.

 Құндылықтарды дарыту

Жеміс-жидектер, көкөністер жиындары жайлы айту барысында қысқаша әңгіме жүргізіп салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Алдыңғы білімдер

Критерийлер бойынша заттарды классификациялау дағдылары бар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Психологиялық дайындық

Біз бақытты баламызОйнап күліп аламызЖетілсін деп санамызОқып білім аламыз.

Өткен тақырыпты қайталау.

« Кім бәрін біледі?»

  • Шаршы.
  • Тіктөртбұрыш.
  • Далада кездесетін геометриялық фигураларға мысал келтір.
  • Сыныпта кездесетін геометриялық фигураларға мысал келтір.

/түстер бойынша бағалау/

(Т) Топтарды қалыптастыру және тақырыпты анықтау үшін

«Галереяны шарлау» Сыныпта екі таңбалы сандар болады. Әр оқушы бір элементті алады.

«Топтастыру» стратегиясын қолданамын.

Мақсаты: сандарды жазудағы цифрлар саны бойынша жіктеу.

Әрбір оқушы қима қағазды таңдайды (қиға қағаздар оқушыларды саны бойынша дайындалады). Қима қағаздарға екі таңбалы, үш таңбалы сандар, математикалық амалдардың таңбалары жазылған:

12

33

42

52

15

36

44

53

17

37

46

55

19

39

48

56

16

31

49

58

Оқушылар өз қима қағаздарын салыстырады, жіктейді, топтар құрады

Оқушылар топтар қандай қағидат бойынша қалыптастырылғаны туралы түсінік береді. «Жиындар» ұғымы енгізіледі.

  • Жиын дегеніміз не?

Жиын- ортақ атауы және белгісі бар заттардың тобы.

Тиісті, тиісте емес таңбаларын көрсету.

Сабақ мақсатын қою.

Интербелсенді тақты.

Қима қағаздар

Сабақтың ортасы

5-10 мин

10-25 мин

25-30

(Ж, Ф) Математикалық диктант

Мақсаты: сандарды жазылуындағы цифрлар саны бойынша жіктеу дағдысын бекіту үшін (сандарды үш бағанға бөлу: бір таңбалы, екі таңбалы, үш таңбалы).

0, 2, 45, 6, 83, 100, 121, 14, 1, 15, 900

А {.. , ... , ... , ... .} – бір таңбалы сандар.

В {.. , ... , ... , ... .} – екі таңбалы сандар.

С {.. , ... , ... , ... .} – үш таңбалы сандар.

Дескриптор

балл

1

Бір таңбалы сандар жиынын анықтайды

1

2

Екі таңбалы сандар жиынын анықтайды

1

3

Үш таңбалы сандар жиынын анықтайды

1

Барлығы

3

/өзара бағалау/

Бағалау: оқушылар жұппен бірін-бірі бағалайды.

Сергіту сәті. Оқушылар өз аты жазылған стикерлерді алады. Стикерлердің түстері бойынша топтасады.

Саралау.

А-жасыл

А-көк

В-сары

С-қызғылт

(Т) «Жиын элементтерін ата» тапсырмасын ұсынып тақырыпты бекіту. Топтарға әр түрлі сандар беріледі.

С-тобы.

2, 7, 9, 5, 4, 6, 8, 3, а

Тақ сандар және жұп сандар жиынын құрастырады.

В-тобы.

22,123,85,689,93,545,56,719, 1

Екі таңбалы және үш таңбалы сандар жиыны.

А-тобы.

15,12,25,42,35,82,45, 72, 888.

5-аяқталатын сандар және 2-ге аяқталатын сандар жиыны.

А-тобы.

10, 52,20,54,30,56,40,58, +

Дөңгелек сандар және әр түрлі сандар жиыны.

Бағалау: Топтар бірін-бірі бағалайды.

Дескриптор

1

Жиындардың атауын жазады

2

Жиындардың элементтерін анықтайды

3

Жиындарға тиісті емес элементті анықтайды

Жасыл – барлығы дұрыс

Көк – қателіктер бар

Қызғылт-сары – дұрыс емес

(Ө) Қалыптастырушы бағалау.

/ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ/

Дәптермен жұмыс

Әр топқа берілетін файл парақтары;

• «- тиісті белгісі, - тиісті емес белгісі»

көрсетілген кеспе қағаздары.

Интербелсенді тақтада жұмыс

Қима қағаздар

Сабақтың соңы

35-40

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін

анықтау үшін сұрақтар қойыңыз:

• Жиын дегеніміз не?

• Қандай жиын бос жиын деп аталады?

«Білім теңізіне қайықты жіберіңіз»  

Тақырыпты жақсы меңгердім деп есептеген балалар өз қайығын Білім теңізіне жібереді, ал оған сенімсіз балалар Ереже шығанағында қалады.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қиналатын оқушылардың қасына барып, оқушыларға жетекші сұрақтар қою немесе бағыт беру арқылы көмек көрсету.

«Жиын элементтері» тапсырмасында орындауда тапсырманы шапшаң орындайтын оқушыларға міндетті 3 элементтерінен басқа да элементтерін қосуға ұсыну.

.

Жауаптары мен жасаған жұмыстарын бақылау арқылы бағалау. Өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру.

Сергіту сәттерін өткізу. Белсенді тақтаны 10 минуттан асырмай қолдануды жоспарлау.

 

Тапсырма

  • Әр жиынға тиісті элементті жаз немесе суретін сал.

А – геометриялық фигуралар В - екі таңбалы сандар жиыны

жиыны

Тапсырма

  • Әр жиынға тиісті элементті жаз немесе суретін сал.

А – геометриялық фигуралар В - екі таңбалы сандар жиыны

жиыны



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу