Дарын иесі №12. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.

12-сабақ «Дарын иесі»

Жаңа сөздер:

Дарынды – талантты (музыкант, жазушы, спортшы, суретші)

әңгіме – қысқа шығарма

1-тапсырма: Мәтінді оқы. Сұрақтарға жауап бер.

Арман – дарынды бала. Ол 7 жаста болса да күйдің көп түрін біледі. Алғаш домбыраны қолына ұстатқан атасы еді. Атасы оны домбыра туралы қызықты жыр, дастандар айтып қызықтырды. Арман әңгіменің мазмұнын музыка тілімен жеткізуге мақсат қойды. Оның күйі көңілді болса, тыңдаған адам қуанады. Ал егер мұңды болса, көзіне жас алады. Арман – дарын иесі. Оның бойындағы талантты атасы уақытында көре білген. Арманның болашағы зор.

1) Мәтін не туралы?

А. ата туралы

В. домбыра туралы

С. бала туралы

2) Мәтін қай жанрда жазылған? Белгіле ().

  • Әңгіме
  • Ертегі
  • Мақал-мәтел

3) Бұл мәтіннің қай түрі? Белгіле ()

  • Әңгімелеу мәтіні;
  • Сипаттау мәтіні;
  • Пайымдау мәтіні.

Дескриптор:

  • мәтіннің тақырыбын анықтайды;
  • мәтіннің түрін анықтайды.

Сергіту сәті

Қолды алға созайық,

Қайшы кескен болайық.

Бір, екі, үш, төрт,

Бір, екі, үш, төрт.

Енді еркін тыныстап

Демалайық дұрыстап.

Бір, екі, үш, төрт,

Бір, екі, үш, төрт.

2-тапсырма: Суретті пайдаланып, сипаттау мәтінін құрап айт.

Қолданылатын сөз тіркестері: әңгіме айту, домбыра үйрету, дарынды бала

Дескриптор:

  • берілген сөз тіркестерін суретпен байланыстырады;
  • сурет бойынша сипаттау мәтінін құрастырады.

______________________________________________________________________

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу