Дарын иесі №12. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (ОМЖ)

6-бөлім: Атақты адамдар

12-сабақ «Дарын иесі»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым дағдысын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, үнемі қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз.
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңінде «Доп лақтыру» әдісі арқылы оқушылар «Сенің сүйікті хоббиің қандай?» сұрағына жауап береді. Тренингтің мақсаты – оқушы өзінің ұнататын хоббиімен бөліседі және қазақша ойлау, сөйлеу дағдыларын дамытады. Жетелеуші сұрақтар: Сенің сүйікті хоббиің қандай? Неге?
  • Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздер:

  • Жаңа сөздердің мағыналарын суреттер арқылы түсіндіріңіз;
  • Қолдану ерекшеліктерін көрсетіңіз;.
  • Бірнеше рет қайталатып айтқызыңыз;
  • Сабақ барысында түрлі жағдаяттарда қолдатыныз.
  • Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз;
  • Сөздерді сөздік дәптерлеріне жаздыртыңыз.

Грамматикалық қоржын:

  • Мұғалім ойын ретінде өткізеді (тақта, қоржын, сөздер немесе суреттер);
  • Мақсаты: логикалық ойлау арқылы меңгерту
  • Оқушылар тақтаға қарайды, түсінбеген сөздерді талқылайды;
  • Мұғалім қоржыннан сурет немесе сөзді көрсетеді (дауыстап айтады), оқушылар ойланып тақтадағы сөздердің түбірін және жұрнағын белгілетеді (тұйық етістік «у» жұрнағы). Оқушылар сөздерге сұрақ қояды (не істеу?). Мысалы: білу, тыңдау, орындау, қызығу, қуану

1-тапсырма:

  • Мұғалім орындатпас бұрын тапсырманың мазмұнын түсіндіреді;
  • Оқушылар мәтінді жеке оқып шығады. Оқылым барысында түсінбеген сөздерді түртіп отырады. Оқып болған соң, түсінбеген сөздер талқыланады.

Бағалауы:

  • Оқушылар «Бас бармақ» көрсету арқылы бағалайды. Кез-келген оқушы жауабын оқиды, әр жауабын ауызша дәлел келтіріп түсіндіреді. Қалған оқушылар «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды, өз бағалауын ашып айтады.

2-тапсырма:

  • Бұл тапсырманы оқушы жеке орындайды;
  • Алдымен оқушы тапсырманы толық түсінгеніне толық көз жеткізіңіз;
  • Оқушының назарын суретке аударып, сипаттау сөзіне тоқтылып өтіңіз.

Сипаттау мәтіні дегеніміз белгілі бір нәрсенің құбылыстың сын сипатын егжей тегжейлі сипаттайтын мәтін түрі. Сипаттау мәтінің басқа мәтіндерден айырмашылығы: етістіктері өткен немесе осы шақта қолданылады; сипаттама тілі (сын есімдер, үстеулер); көңіл күй етістіктері мен нақты зат есімдер; сенсорлық елестетуді қолданады; сипаттау үшін салыстыруды қолданады. Сипаттау мәтінін табиғат көріністерін, адам портреті бейнесі т.б. сын есімдер, үстеу түрлерін қолданылып, заттар салыстырмалы түрде сипатталуында көре аламыз.

Мұғалім бағалауы:

  • оқушы берілген сөз тіркестерін суретпен байланыстыра алуын;
  • сурет бойынша сипаттау мәтінін құрастыра алуын бағалайды.

Сергіту сәті

  • Оқушылар мәтінді бірге дауыстап оқиды, содан кейін қимыл арқылы көрсетеді.

Қолды алға созайық,

Қайшы кескен болайық.

Бір, екі, үш, төрт,

Бір, екі, үш, төрт.

Енді еркін тыныстап

Демалайық дұрыстап.

Бір, екі, үш, төрт,

Бір, екі, үш, төрт.

Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи  отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі  іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.

Рефлексия мақсаты - еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру.

«Паровоз» тәсілі арқылы оқушылар сабақ барысында нені білгені, нені түсінгені, нені ұнатқаны жайлы жағымды эмоциялармен, қызықты фактілермен бөліседі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу