Дарын иесі №12. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім

«Атақты тұлғалар»

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Дарын иесі12

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау

3.3.3.1 Мәтіннің жанрын (әңгіме,тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал мәтелдер) ажырату, баяндау / сипаттау мәтіндерін анықтау

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

мәтіннің жанрын анықтайды, мұғалімнің қолдауымен сипаттау мәтінін құрастырады.

Оқушылардың көпшілігі:

мәтіннің жанрын анықтайды, сурет бойынша сипаттау мәтінін құрастырады.

Оқушылардың кейбірі:

мәтіннің жанрын және түрін анықтайды, тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін құрастырады.

Бағалау критерийлері

  • мәтіннің тақырыбын, түрін анықтайды;
  • сурет бойынша сипаттау мәтінін құрастырады.

Лексикалық минимум

Дарынды, әңгіме

Грамматикалық минимум

Өткен шақ -ды, -ді, -ты, -ті

Білу-білді, тыңдау-тыңдады, орындау-орындады, қуану-қуанды

Құндылықтарды дарыту

Құрмет, ынтымақтастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық

Пәнаралық байланыстар

Өнер, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

Әлемдегі атақты адамдар №11

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

«Шаттық шеңберіне» шақыру

«Доп лақтыру» әдісі арқылы оқушылар «Сенің сүйікті хоббиің қандай?» сұрағына жауап береді. Тренингтің мақсаты – оқушы өзінің ұнататын хоббиімен бөліседі және қазақша ойлау, сөйлеу дағдыларын дамытады.

Жетелеуші сұрақтар:

Сенің сүйікті хоббиің қандай? Неге?

Сабақтың мақсатымен таныстыру:

  • мәтіннің тақырыбын, түрін анықтаймын;
  • сурет бойынша сипаттау мәтінін құрастырамын.

 Слайд

доп

Сабақтың ортасы

25 мин

Мағынаны тану

(Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту

Дарынды – талантты (музыкант, жазушы, спортшы, суретші)

әңгіме – қысқа шығарма

Дамыту жолдары:

  • сөздерді суреттер арқылы меңгерту;
  • сөздерді синоним немесе мағынасы жақын сөздер келтіріп түсіндіру;
  • сөздермен сөйлемдер ойластыру;
  • дұрыс айту мен дұрыс жазу жолдарын меңгерту;
  • сөздерді дауыстап айтқызу.

(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын.

Тақтада тізбектелген сөздер жазылады. Мұғалім оқушыларға сөздердің түбірін және жұрнағын белгілейді (тұйық етістіктегі сөздерді өткен шаққа айналдырады). Оқушылар сөздерге сұрақ қояды (не істеді?, қайтты?).

Мысалы: білу-білді, тыңдау-тыңдады, орындау-орындады, қуану-қуанды

1-тапсырма:

(Ұ) Мәтінді оқы. Сұрақтарға жауап бер.

(Оқушылар мәтінді жеке оқып шығады. Оқылым барысында түсінбеген сөздерді түртіп отырады. Оқып болған соң, түсінбеген сөздер талқыланады.)

Арман – дарынды бала. Ол 7 жаста болса да күйдің көп түрін біледі. Алғаш домбыраны қолына ұстатқан атасы еді. Атасы оны домбыра туралы қызықты жыр, дастандар айтып қызықтырды. Арман әңгіменің мазмұнын музыка тілімен жеткізуге мақсат қойды. Оның күйі көңілді болса, тыңдаған адам қуанады. Ал егер мұңды болса, көзіне жас алады. Арман – дарын иесі. Оның бойындағы талантты атасы уақытында көре білген. Арманның болашағы зор.

1) Мәтін не туралы?

А. ата туралы

В. домбыра туралы

С. бала туралы

2) Мәтін қай жанрда жазылған? Белгіле ().

  • Әңгіме
  • Ертегі
  • Мақал-мәтел

3) Бұл мәтіннің қай түрі? Белгіле ()

  • Әңгімелеу мәтіні;
  • Сипаттау мәтіні;
  • Пайымдау мәтіні.

Дескриптор:

  • мәтіннің тақырыбын анықтайды;
  • мәтіннің түрін анықтайды.

Бағалау:

Кез-келген оқушы жауабын оқиды, әр жауабын ауызша дәлел келтіріп түсіндіреді. Қалған оқушылар «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды, өз бағалауын ашып айтады.

Кері байланыс

Тапсырма қиын болды ма?

Сергіту сәті

(Оқушылар мәтінді бірге дауыстап оқиды, содан кейін қимыл арқылы көрсетеді)

Қолды алға созайық,

Қайшы кескен болайық.

Бір, екі, үш, төрт,

Бір, екі, үш, төрт.

Енді еркін тыныстап

Демалайық дұрыстап.

Бір, екі, үш, төрт,

Бір, екі, үш, төрт.

2-тапсырма:

(Ж) Суретті пайдаланып, сипаттау мәтінін құрап айт.

(Оқушының назарын суретке аударып, сипаттау сөзіне тоқтылып өту)

Қолданылатын сөз тіркестері: әңгіме тыңдау, домбыра үйрету, дарынды бала

Дескриптор:

  • берілген сөз тіркестерін суретпен байланыстырады;
  • сурет бойынша сипаттау мәтінін құрастырады.

 Слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Таратпа материал

 

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия «Паровоз»

Мен бүгін білдім ....

Мен бүгін түсіндім ....

Маған сабақта ұнады ....

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

Үй жұмысы

Сен немен айналысқың келеді? Сүйікті ісін туралы әңгіме дайында.

 Слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу