Векторлардың скаляр көбейтіндісі. Геометрия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4А Кеңістіктегі векторлар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Векторлардың скаляр көбейтіндісі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.3.4.8 кеңістіктегі векторлардың скаляр көбейтіндісінің анықтамасын және қасиеттерін біледі.

Сабақ мақсаттары

Кеңістіктегі векторлардың скаляр көбейтіндісінің қасиеттерін қорытып шығарады және есептер шығару барысында қолданады.

Бағалау критерийлері

- скаляр көбейтіндінің қасиеттерін қорытып шығарды;

- есептер шығаруда қолдана алды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар скаляр көбейтіндіні есептеуді сипаттау үшін үш өлшемді кеңістіктің терминдерін пайдаланады.

Пәнге тән лексика мен терминология: параллелепипед ережесі; радиус- вектор; орт-вектор; компланар векторлар; векторды үш компланар емес векторлар арқылы жіктеу.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: векторлар арасындағы бұрыш... ; егер векторлардың скалярлық көбейтіндісі нөлге тең болса, онда...

Құндылықтарды дарыту

 

 

Жұптық жұмыстарда ашық болу, бір-бірін құрметтеу, ынтымақтастық қарым-қатынаста болу, академиялық шыншылдықты сақтау, өмір бойы білім алып, ізденуге дағдыландыру.

Пәнаралық байланыстар

Скаляр көбейтіндінің физикалық мағынасын ашу.

АКТ қолдану дағдылары

Физикалық мағынасын ашқанда http://fxdx.ru/page/fizicheskij-smysl-skaljarnogo-proizvedenija-vektorov-vektornoe-proizvedenie-vektorov

сайт материалдарын, https://www.youtube.com/watch?v=Yz9pGx3fyZE сайтынан тапсырма іріктеу.

Бастапқы білім

Вектор түсінігі, векторлардың коллинеарлығы, скалярлық көбейтіндісі, векторларға амалдар қолдана білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұ және М

5 минут

1. Сыныпты ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдеседі. Сынып тазалығына назар аударады. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

2. Үй тапсырмасын тексеру. Тапсырмада векторларға амалдардың дұрыс орындалғандығын тексереді.

Жаңғырту сұрақтары:

1. Жазықтықтағы скаляр көбейтінді туралы не айта аласыздар?

2. Жазықтықтағы скаляр көбейтіндінің қасиеттерін жазыңыздар.

3. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлері оқушылармен бірге талқыланады.

Сабақтың ортасы

Ұ

10 минут

М және Ұ

15 минут

Ж

8 минут

Сын тұрғысынан ойлаудың күрделендіру қағидасы бойынша есептердің деңгейі қиындай түседі.

1. Тақырыпты оқушыларға өздігінен меңгерту үшін, жұптарға біріктіріп отырғызылады. Жазықтықтағы скаляр көбейтіндінің қасиеттерін тізіп жазу арқылы кеңістіктегі скаляр көбейтінді қасиеттерін қорытып шығарады. Жұмыстарын өзге жұптардың жұмысымен танысу арқылы жетілдіреді. Тапсырма соңында мұғалім жұптардың жұмысына кері байланыс береді және толықтырады.

2. Мысалдар қарастырылу арқылы Блум таксономиясының түсіну сатысы жүзеге асырылады. Мысалдардағы тапсырмаларға жеке-жеке оқушылармен ақылдасу арқылы дескрипторлар құрастырылады.

1 тапсырма. Векторлардың скалярлық көбейтіндісін табыңыз (-1, 2, 3) және (2, -1, 0). Жауабы: -4

2 тапсырма. Қандай жағдайда нөлдік емес векторлардың скалярлық көбейтіндісі нөлге тең? Жауабы: перпендикуляр болғанда

3 тапсырма. Векторлар арасындағы бұрышты табыңыз:

а) (2, 3, -1) және (1, -2, 4);

б) (1, 2, -2) және (1, 0, -1). Жауабы: , б) = 45о

4 тапсырма. z –тің қандай мәнінде және векторлары өзара перпендикуляр? Жауабы: z = 2.

5 тапсырма.

Жауабы:

3. Оқушылар жеке-жеке тапсырма орындап жұбымен бірге талқылайды.

Бағалау: бір-бірін бағалау орын алады және кері байланыс береді.

Дескриптор

- векторларға амалдар қолданады;

- скаляр көбейтіндіні таба алады;

- вектор ұзындығын таба алады.

Слайдтар 7-12

Қосымша 1

Сабақтың соңы

2 минут

1. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • I – interactive Мен нені бұрын білдім?
  • N – nothing Мен нені білмедім?
  • S – system Мен нені жаңа ғана үйрендім?
  • E – effective Бұл қаншалықты тиімді?
  • R – reading Маған тағы қандай ақпарат қажет?
  • T – thinking Мен не туралы әлі ойлау керекпін?

2. Бағалау. Барлық жасалынған жұмыстар бойынша мұғалім қорытынды бағалау жасайды. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сын тұрғысынан ойлаудың күрделендіру қағидасы бойынша деңгейлік тапсырмалар орындайды. Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұпта жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді. Тереңдету қағидасы бойынша физикалық қолданбалы бағыттағы тапсырма үлестіріледі. Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту мақсатында рефлексия жүргізу барысында INSERT техникасы қолданылады.

Оқушылардың тақырыпты меңгергенін және мақсатты жеткілікті немесе жеткіліксіз түсінгенін қадағалау үшін, сабақ барысында әрбір оқушының қасына жеке-жеке барып қажет еткен жағдайда көмек көрсетіледі. Әрбір тапсырмадан кейін кері байланыс беріледі. Жұптық жұмыстар мен өздік жұмыстар дескриптор бойынша тексеріледі.

Сынып бөлмесі сабақтан бұрын желдетілген. Сыныптағы орындық парталар түзу тур. Сыныптың іші жарық және сол жақтан түсуде. Сынып бөлмесі алғашқы дәрігерлік көмек қобдишасымен жабдықталған.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу