Дұрыс көпбұрыштарға симметрия осьін жүргізу. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дұрыс көпбұрыштар, олардың қасиеттері және симметриялары
| Млектеп: Ақтау қаласы НЗМ ХББ | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Сабырова І.А. | ||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Дұрыс көпбұрыштарға симметрия осьін жүргізу | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.1.4.18 дұрыс көрбұрыштардың симметрияларын білу | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Дұрыс көпбұрыштарға симметрия осьін жүргізуді үйренеді | ||||||||||
Жетістік критерийлері | Дұрыс көпбұрыштарға симметрия осьін жүргізе алады | ||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика мен терминология: фигураларды түрлендіру; қозғалыс, ұқсастық; центрлік симметрия, осьтік симметрия, бұру, параллель көшіру, гомотетия; центрлі-симметриялы фигуралар. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: нүктелер арасындағы қашықтық сақталады; нүктелер арасындағы қашықтық бірдей сан есе өзгереді; … әртүрлі жақтарында; … бір жағында; … түзуіне ортақ перпендикулярында; … бірдей қашықтықта; фигура өз-өзіне көшеді; берілген фигураның симметрия осі; О центрімен бұрышқа бұрылу. | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Тапсырмаларды жұпта (топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру. Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру. Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Сызу | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||||
Бастапқы білім | Көпбұрыш анықтамасын, теңқабырғалы үшбұрыш пен шаршы қасиеттерін біледі; көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің анықтамаларын біледі; дөңес көпбұрыштың бұрыштарының қосындысын таба алады; үшбұрыштарды шеше алады. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 10 минут | 1. Сыныпты ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 2. Оқушылармен диалог орнату арқылы алдында өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойып жауап алу. - Қандай түрлендіруді центрлік симметрия деп атайды? - Қандай түрлендіруді осьтік симметрия түрлендіруі деп атайды? - Бұру түрлендіруі дегеніміз не? - Параллель көшіру дегеніміз не? Ол қалай анықталады? 3. Тақтаға алдын ала ілініп тұрған постерлерді қолданып әр оқушыдан кезекпен «Эстафета» әдісі бойынша фигураның симметрия осін жүргізуді сұраймын.
Активити кезеңі аяқталған соң сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылаймын. | ||||||||||
Сабақтың ортасы
5 минут
7 минут
2 минут
8 минут
3 минут | Оқушылармен бірге дұрыс көпбұрыштың анықтамасын талқылаңыздар. Дұрыс үшбұрыштың және дұрыс төртбұрыштың басқаша аталуын және қасиеттерін еске түсіруді сұраңыз. дұрыс көпбұрыш болып табылмайды Топтық жұмыс Сыныпты екі топқа бөлемін. Екі топ екі түрлі тапсырма орындайды және оны қорғап шығады. Топтар бірін – бірін бағалайды. Топтық тапсырма: оқушалар алдарына берілген фигураларға қанша осьтік симметрия жүргізуге болатынын анықтайды. Тапсырманы орындап, жаңа тақырып мазмұнын түсінеді. Және келсі топ қойған сұрақтарға жауап береді. 1-топ тапсырмасы 2-топ тапсырмасы
Оқушылардың жауаптарына кері байланыс орнатыңыз. Жеке жұмыс Әрбір оқушы жеке жұмыс орындау арқылы жаңа сабақ мазмұнын қаншалықты түсінгендігін анықтай алуға болады. Жеке жұмыс нәтижесін мұғалім тексереді және кері байланыс орнатыңыз. Жеке жұмыс тапсырмасы: төменде берілген фигуралардан дұрыс көпбұрышты табыңыз жене барлық мүмкін осьтік симметриясын жүргізіңіз. Кері байланыс орнату | ||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: * I – interactive Мен нені бұрын білдім? * N – nothing Мен нені білмедім? * S – system Мен нені жаңа ғана үйрендім? * E – effective Бұл қаншалықты тиімді? * R – reading Маған тағы қандай ақпарат қажет? * T – thinking Мен не туралы әлі ойлау керекпін? Бағалау. Барлық жасалынған жұмыстар бойынша мұғалім қорытынды бағалау жасайды. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі 3. Үйге тапсырма: | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылар үшін С деңгейінің тапсырмалары қосымша беріледі. Олармен жеке жұмыс жүреді және кері байланыс орын алады. | Бірінші бағалау топтық жұмысының сонында жүргізіледі (яғни бірін-бірі бағалау). Екінші бағалау өздік жұмыстың барысында мұғаліммен жүргізіледі. Үшінші бағалау жұптық жұмыстың сонында бірін-бірі бағалауы жүргізіледі. Төртінші бағалауды мұғалім жүргізеді. | Сыныпта парта мен орындықтардың оқушы денсаулығына зиян келтірмейтіндей етіп орналастырылуына басты назар аударамын. Сызу және жазу құралдарымен қауіпсіз жұмыс жасау техникасын ескертемін. | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру