Дұрыс көпбұрыштар. Геометрия, 9 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шеңбер. Көпбұрыштар. | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | Дұрыс көпбұрыштар. | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.1.2.4 дұрыс көпбұрышқа сырттай және іштей сызылған шеңберлердің радиусының арасындағы байланысты біледі және қолданады. | |||||||||
Сабақ мақсаттары | - дұрыс көпбұрышқа сырттай сызылған шеңбер мен іштей сызылған шеңбер туралы теоремаларды дәлелдейді және қолданады; - дұрыс көпбұрышқа сырттай және іштей сызылған шеңбердің радиусының арасындағы байланысты біледі дәлелдейді және қолданады; | |||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы мақсатқа жетті, егер:
| |||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәндік лексика мен терминология
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
| |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық (сабақ бойы белсенді болу, пікір айту, қойылған міндеттерді атқару) | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика, химия, биология, информатика, қазақ тілі мен әдебиеті (құндылықтарды дарыту мен негізгі дағдыларды қалыптастыру арқылы). | |||||||||
Негізгі дағдылары | Коммуникациялық дағдысы: Оқушылар өз жауаптарын негіздейді, теоремаларды тұжырымдайды, топтық жұмыс нәтижелерін математикалық тілде сауатты жеткізе алады | |||||||||
Бастапқы білім | Көпбұрыш анықтамасын біледі; көпбұрыштың периметрі мен ауданын таба алады; көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлердің анықтамаларын біледі; дұрыс көпбұрыштың бұрыштарының қосындысын таба алады; | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 1 мин 2-15мин Сабақтың ортасы 16-26 мин 27-38 мин | І.Ұйымдастыру кезеңі. Жұмысқа деген оң көзқарас қалыптастыру ІІ. Білімдерін өзектеу Жұптық жұмыс. «Жеңіл-күрделі сұрақтар» Өткен сабақта қарастырылған материалды қайталау. Оқушылар жұпта сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар екі деңгейге бөлінген: жеңіл және күрделі. Оқушылар өз білім деңгейіне сай сұрақтарды таңдайды. Жұпта ақылдасқан соң, оқушылар өз нәтижелерін айтады, жауаптарын негіздейді. Мұғалім қажет жағдайда көмектеседі, бағыттаушы сұрақтар қояды. Сабақ тақырыбын анықтау, оқушылармен бірлесіп сабақ мақсаттарын қою, бағалау критерийлерін қорытындылау. ІІІ. Білімдерін бекіту Оқушыларға деңгейі әртүрлі есептері бар таратпалар таратылады. Жұптық жұмыс. Есептер шығару дағдыларын қалыптастыру мақсатында Блок 1 есептерін жұпта шығарады. Мұғалім есеп шығару үдерісін бақылайды. Жұптар өзара жұмыстарымен ауысады, бірін-бірі тексереді және жазбаша комментарий жасайды. Тексерістен кейін оқушылар қайтадан орнына келіп, жұпта қателерінің анализін жасайды, түзетеді. Бұл базалық есептер, сондықтан барлық оқушылар орындауы тиіс. Фронталды жұмыс. Мұғалім таңдаған оқушылар тақтада толық түсініктеме берумен Блок2-ден бір тапсырмадан орындайды. Қалған оқушылар тапсырмаларды дәптерлерінде орындайды. Мұғалім жұмыс үдерісін бақылайды, қолдау көрсетеді. | Қосымша 1 Қосымша 2
Қосымша 3 | ||||||||
Сабақтың соңы Рефлексия 39-40 мин | Рефлексия: Аяқталмаған сөйлем Мен сабаққа дейін білдім .............. Мен бүгін білгенім.............. Білгім келеді.............. Маған ұнағаны...................... Маған ұнамағаны............... Үй жұмысы бойынша нұсқаулық беру. | Қосымша 4 | ||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Саралау оқу материалының көлемі бойынша ұйымдастырылады. Тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай құрастырылған. Үлгерімі жоғары оқушылар көбірек есеп шығара алады. Үй жұмысының саралауы. Оқушылар өз деңгейі бойынша үй жұмысын таңдайды. | Өзара бағалау, ауызша комментарий, дайын жауап бойынша өзін-өзі бағалау. | Оқу материалы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай құрастырылған, эмоционалды жағдайына әсер етпейді. Денсаулыққа зиян келтіретін құрылғылар қолданылмайды. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||
| ||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру