Көпбұрыштар. Дөңес көпбұрыштар. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1В: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу (14) | Мектеп: Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Мустафин Т.Т.Кошанов Р.М. | ||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатысқандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы: | Көпбұрыштар. Дөңес көпбұрыштар | ||||||
Сабақтың түрі: | Жаңа материалдарды меңгеру. | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.1.1 көпбұрыштың, дөңес көпбұрыштың анықтамаларын, көпбұрыш элементтерін білу; 8.3.1.2 көпбұрыштардың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысының формуласын қорытып шығару. | ||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар көпбұрыштың, дөңес көпбұрыштың анықтамаларын, көпбұрыш элементтерін біледі. Көпбұрыштардың ішкі және сытқы бұрыштарының қосындысының формуласын қорытып шығара алады және есеп шығарған кезде дұрыс қолдана алады. | ||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: - көпбұрыштың, дөңес көпбұрыштың анықтамаларын, көпбұрыш элементтерін біледі. -көпбұрыштардың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысын біледі. - көпбұрыштардың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысының формуласын дұрыс қолдана алады. | ||||||
Тілдік мақсаты
| Пәнге қатысты лексикамен терминология: – көпбұрыш, үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш, алтыбұрыш, жетібұрыш, сегізбұрыш, тоғызбұрыш, онбұрыш; – дұрыс көпбұрыш; – дөңес және ойыс көпбұрыш; – Көпбұрыштың бір қабырғасына іргелес бұрыштар; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: – көпбұрыш дегеніміз мынадай фигура …; – көпбұрыш дөңес деп аталады егер ...; – көпбұрыш дұрыс көпбұрыш деп аталады егер …; – n–бұрышты көпбұрыштың n ... ; | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет құндылығын бір-бірін тындау, түсіну, ой бөлісу арқылы; ынтымақтастық құндылығын жұппен жұмыс, топтық жұмыс арқылы; ал еңбек және шығармашылық құндылығын өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асады | ||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақтаны қолдану | ||||||
Бастапқы білім | Үшбұрыш бұрыштарының қасиеттері мен қосындысын білу | ||||||
Сабақтың барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңі | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | |||||
Ұйымдастыру кезеңі (2 минут) | Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін «Clock Buddies» тренинг жүргізуге болады. Оқушылар сыныпта еркін қозғалады. Мұғалім уақытты айтқан кезде оқушылар бір бірлерімен қолдарын ұстап амандасу керек. Мұғалім уақытты екі рет айтқан кезде оқушылар бір- бірлерінің арқаларын қағу керек. 1. Қолалысу (Shake hands) 2. Арқасынан қағу (Tap the back) 3. Күлімдеу (Smile) 4. Қол сілтеу (Wave hands) 5. Көз қысу (Wink) 6. Қошеметтеу (Give a compliment) 7. Тілек айту (Wish anything) 8. Массажжасау (Give massage) 9. Арқаменжанасу (Rub the back) 10. Күлдіру (Make him smile) 11. Қошемет көру (receive a compliment) | Презентация | |||||
Тақырыпқа шығу (3 минут) | Мұғалім оқушыларға қиылған үшбұрыштарды таратып, олардан екі фигура қарастыруды тапсырады.Фигуралар нүктелі сызық бойымен үшбұрышқа бөлінген. Сабақтың тақырыбы: Көпбұрыш. Дөңес көпбұрыш. Мұғалім оқушылармен бірге сабақтың мақсатын анықтайды. | 1қосымша | |||||
Жаңа материалдарды меңгеру (7 минут) | Мұғалім диалогты оқытудың элементтерін қолдану арқылы оқушыларды жаңа материалдармен таныстырады Бағалау критерий: -көпбұрыштың анықтамасын біледі. -көпбұрыштың қандай элементтерден тұратынын біледі . - дөңес көпбұрыштың анықтамасын біледі. -дөңес және ойыс көпбұрыштарды ажырата алады. - көпбұрыштардың ішкі және сыртқы бұрыштарын біледі. Кезеңге рефлексия:
| Слайд 5 - 9 | |||||
Зерттеу жұмысы (8 минут) | Мақсаты: Дөңес көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысының формуласын қорытып шығару және оны дәлелдеу. Әрбір оқушылар жұбына 2 қосымша беріледі. Мұғалімнің түсіндіргені бойынша оқушылар кестені өздері толтырып, формуланы қорытып шығарады және дәлелдейді. Бағалау критерийлері: -көпбұрыштың анықтамасын біледі. -көпбұрыштарда диагональ жүргізе алады. - үшбұрыштың ішкі бұрыштарын біледі. - көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын таба алады - дербес жағдайдан жалпы жағдайды қорытындылай алады. Кезеңге рефлексия:
Коррекция (қажет болған жағдайда) | 2 қосымша Слайд 10 | |||||
Алған білімдерін өмірмен байланыстыру (2 минут) | Мұғалім бізді қоршаған ортадан бірнеше көпбұрыштарды көрсетеді де, өздеріне ұнаған бір көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын табуды тапсырады. | https://www.bigideasmath.com/protected/content/ipe_va/grade%208/05/g8_05_03.pdf Слайд 11 | |||||
Жұптық жұмыс ( 10 минут) | Жаңа материалдарды бекіту. Оқушылар тапсырманы бірлесе орындап, сосын кілтімен өздерін тексереді. Бағалау критерийлері: -көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысының формуласын біледі. - сызықты теңдеу құра алады. - сызықты теңдеуді шеше алады. - көпбұрыштың бұрыштарын таба алады. Кезеңге рефлексия:
| https://www.mathworksheets4kids.com/polygon/unknown-angles1.pdf 3қосымша | |||||
Сергіту сәті (1 мин) | Мұғалім шаршауды басатын жаттығу жасауды ұсынады Көңілді мультфильм | Интербелсенді тақта | |||||
Сараланған тапсырмалар ( 10 мин) | Жасырын дифференциация жүргіземін. Оқушыларға 9 тапсырманың өздері орындай алатын қалаған үшеуін таңдауды ұсынамын (тапсырмалар бір түсті болуы шарт). Қызыл қиындығы жоғары Жасыл жеңілдеу Қиындығы орташа Бағалау критерийлері: -көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысының формуласын біледі. - сызықты теңдеу құра алады. - сызықты теңдеуді шеше алады. - көпбұрыштың бұрыштарын таба алады. Кезеңге рефлексия:
Коррекция (қажет болған жағдайда) | 4 қосымша | |||||
Сабақтың соңы, ( 2 мин) | Рефлексия Есіме түсті ……………………………….. Қиындықтар туындады …………….. Білгім келеді ………………………... Қолымнан келді ……………………………… Қалап едім …………………………. Homework Тапсырмалар: 1. Дөңес төртбұрыштың бұрыштары 1,2,3,4 сандарына пропорционал. Бұрыштарды табыңыз. 2. Дөңес көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 9000-қа тең. Оның неше қабырғасы бар? 3. Дөңес көпбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысы 3600-қа тең екенін дәлелдеңіз. | 5 қосымша | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Қабілеті жоғары оқушыларды топтық жұмыста өзінің ой пікірлерін айтқызамын және оның басқа оқушыларға үлгі болуына басқа оқушылардың үлгілі оқушыға қарап сап түзуіне немесе өзіндік үлгі болуларына жағдаяттар туғызамын. | Оқушыларды үй жұмысын тексеру барысында өзара бағалауды және өзін өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын. | Оқушылар дене жаттығуын жасайды | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары Туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Жалпы бұл сыныптың білім сапасы өте жоғары, оларға жоғары деңгейлі тапсырмаларды келесі сабаққа дайындауды жоспарлаудамын. | |||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру